Реферат ызыл кітіп а енген жануарлар
Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
от 25%
договор
Орындаған:
Сейілбекова Аружан
Алакөз сүңгуір
Алакөз сүңгуір - Aythya nyroca саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін құстар түрі. 1770 жылы Гулденштад(Guldenstadt) ашқан. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Мезгілдік құстар - қысқа қарай оңтүстікке және солтүстік Африкаға қарай ұшады. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген.
Арқар
Арқар – жұртғұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар:
Алтай арқары,
Қызылқұм арқары,
Қазақстан арқары,
Тянь-Шань арқары,
Қаратау арқары,
Үстірт арқары кездеседі. Дене тұрқы 160-
Барыс
Барыстар Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Саны тез қысқаруда. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеу-лерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жобағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.
Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 –
Дөңтұмсық тұрпан
Дөңтұмсық тұрпан - Қаз тәрізділерге жататын, өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Бонопарт (Bonoparte) 1850 жылы ашқан. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары өткен ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.
Дөңтұмсық тұрпан - Melanitta deglandi Өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары үстіміздегі ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.
Кіші аққу
Кіші аққу - Cygnus bewickii негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу. Қаз тәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830 жылы Жаррел (Jarrel) ашқан.
Сұңқылдақ аққу - Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-
Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.
Сұңқылдақ аққу
Сұңқылдақ аққу - Cygnus Cygnus Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.
ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР
ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР, жалпақ тұмсықтылар - су құстары отряды. Жер шарында кең тараған (Антарктидада ғана кездеспейді), әсіресе, Оңтүстік Америкада, Африкада, тропиктік аймақтарда және Аустралияда жиі кездеседі. Қазақстанда 16 туысы, 40 түрі бар. Басқа құстардан айырмашылығы: мойны ұзын, құйрығы қысқа, аяғы 4 башайлы, алдыңғы үшеуі жарғақты келеді. Тұмсығы жалпақ, шеті жұқа, ұшында мүйізді түбіртік "тырнақшасы" болады. Кейбір түрлерінде (мыс., бейнарықта) жақ жиегін мүйізді тісшелер көмкереді. Қауырсындары қалың, тығыз, денесінің бауыр жағында мамық көп болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған. Көбі суда жақсы жүзеді. Қ. т. сүңгуір құстар, көптеген түрі
Қара тұрпан
Қара тұрпан - қаз тәрізділердің бір түрі. Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген.
Қара тұрпан - Melanitta fusca Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет.