Реферат Жапонияда ы аптама. Д ст рлерді айта жа ыруы
Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
от 25%
договор
Саке дегеніміз не? Дүние жүзінде кездесетін арақ түрлерін айтқанда итальяндық жүзім (граппа), немістік картоп(шнапс), испандық алма(кавальдос) арақтарымен қатар қателесіп жапондық күріш арағы сакені де атап өтеді.
Сакені арақ деп атамауға құрамындағы алкаголдің төмен деңгейі (16-20%) жалғыз себеп емес. Дайындалу технологиясында айдау мен дистилляцияның болмауы сакені арақ деп атауға болмайтынын көрсетеді. Бұл терминге көбірек күштілігі 40% дейін болатын, дистилляция өнімі «сетю» сәйкес келеді. Айтып өтетін жайт сетюді тек қана күріштен емес басқа да дәнді дақылдардан(бидай, қарақұмық, жүгері, арпа), сонымен қатар бататтан - тәтті картоптан, қауыннан, асқабақтан және қозықарыннан жасайды. Сонда да сетюдің қай ингридиенттен дайындалғанына қарамастан басты ферменттеуші агент саке дайындауда да қолданылатын күріш солоды (оны «коджи» деп атайды)болып табылады.
Сакені сонымен қатар жиі күріш шарабы деп те атайды.Европалықтар сакенің жұмсақ жемісті иісін шараппен байланыстырады, бірақ дайындалу технологиясына келгенде ол мүлдем дұрыс емес. Сакені дайындау кезінде міндетті түрде болуы керек болған үш ең басты компоненттер, олар: сапалы күріш, таза су, бүкіл жыл бойында сақталатын жетілу кезіне дейінгі салқын климаттық жағдай. Коджи күріш крахмалын қантқа айналдырады, ал пайда болған закваска қантты алкагольге айналдырады. Крахмалдың қантқа айналу процесімен алкогольдік ферментация процесі қатар жүреді. Сонымен терминді анықтадық: саке ол күріш брагасы.
Аңыздарда айтылуынша сакені дайындау рецепті Христиандық күнтізбемен бірдей уақытта, яғни осыдан 200 жыл бұрын пайда болған. Жапонияға саке кимоно, шәй дәстүрі және иероглифтермен бірге VII ғасырда Қытайдан келген деген де нұсқалар бар. Екі реттік ферментациядан өткізілген жеміс шырындары сирек кездесетін және бағалы сусындар болған. Оларды ең маңызды мерекелер кезінде сегундарға, дін қызметкерлеріне ұсынатын болған. Саке дайындайтын адамдарды шеберлер деп санаған, ал дәулетті және сыйлы адамдар олардың шеберлігі мен интуициясын бағалаған, саке дайындау дәстүрі құпия сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылған. Су мен күріштің қатынасын өзгертіп, ашыту уақыты мен температурасын басқара отырып саке шеберлері әр түрлі дәм қасиеттері бар саке жасай алған. Сакені осы күнге дейін ащы/тәтті, жұмсақ/қатты деген критерийлер бойынша бағалайтындығы кездейсоқ емес. Көп бөтелкелердің түбінде берілген сорттың қасиеттерін көрсететін диаграмма немесе графикті көруге болады.
Алкагольді сусындардың ұлттық ерекшеліктері. Әр ұлттың алкагольді өнімдер саласында өзіндік ерекшеліктері бар. Француздар коньяк пен шарапқа жауап берсе, Чехия мен Польшаның ұлттық сусыны - сыра. Ирландия мен Шотландия ортасында вискидің қай елге тиесілі екені жайлы таластар әлі күнге дейін толастамай келеді. Ағылшындық эль, грузиндік чача, және әрине орыстың арағы - бұл сусындар сол аймақтың дәстүрі болып, ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді. Жапонияда ең атақты үш зат: самурай, кимономен қатар саке болғандықтан Күншығыс елінде де тамақ жібітетін сусын бар. Шындап келгенде Жапонияда соңғы бірнеше ғасырлар бойы саке де, сетю де ұлттық сусын ретінде қабылданып жүр. Сетюдің европалықтарға аса таныс еместігін ескеру керек.
Сыра этикеткалары: «Балтика» не, «Туборг» не, «Асахи» не « бәрі бірдей.
Оларды бір қатарға қойып, үш қадам артқа шегінсек ажырата да алмаймыз.
Көңілді шампаский, күшті пиво, қарапайым арақ, ал саке ше? Сакені дәстүрлі, асықпай ішудің өзінде жапондық шәй мерекесі - «тяною»-дан да кейбір кескіндер бар. Бірақ басқаша алғанда саке европалық шараптардан өзгешелігі: күрделі дегустация процесі секілді өзіне ерекше мән беруді талап етпейді. Саке ішудің кейбір дәстүрлері болғанымен, анық қағидалары мен ережелері жоқ. Оны мұзбен 40 градусқа дейін қыздырып ішеді. Негізінде жұмсақ және тәтті саке әсіресе жазда салқындатылған күйінде жақсы, ал қатты және ащы саке қыздырылған күйінде жақсы. Бұл жағдайда сакені арнайы мойны жіңішке бөтелкеде ұсынады, кесеге саке суып қалмауы, құрғап қалмауы үшін аз-аздап құяды. Құрамында аминқышқылдары мен дәрумендері көп болғандықтан саке қанайналымды жақсартады.
Жапон әңгімесінің үйлесімділігін арнайы ыдыс(үлкендігі оймақтай болатын саз кеселер), қаптаманың қарапайымдылығы және дәстүрлерге беріктілік көрсетеді. Басқа алкагольді сусындардың қаптамасымен салыстырғанда саке қаптамасы жапон халқының бүкіл минимализмін бойына сыйдырған секілді.
Шарап қаптамаларының сан түрлілігі, ал дизайнер бағыты бір.
Жиналған жылы, тұманды акварельді пейзаж, бөтелкенің стандартты формасы...
Жаһандану және ұлттық дәстүрлер. Жаһандануды жақтаушылар мен оған қарсылар арасындағы тартыс әлі күнге дейін басыла қойған жоқ, қайта күннен күнге өршіп бара жатқан секілді. Қаптама - әр елдің ұлттық мәдениетіне трансұлттық компаниялар мен әлемге алғаш рет Америка тарапынан ұсынылған әлемдік тұтыну жүйесінің әсер етуінің басты белгісі. Бір қатарға сыра, шарап, виски, брендиді қойып көрсек олардың барлығы белгілі бір мөлшерде қабылданған стереоипке ұқсас екенін байқаймыз. Сыра қаптамалары «Балтика» не, «Туборг» не, «Асахи» не. Виски қаптамалары «Балантайн» не, «Никкей» не. Шарап та тура солай. Әрине жапондық сыра және брендидің европалық және америкалық бауырларынан айырмашылықтары бар, бірақ Жапонияда бұл сусындардың ұлттық ерекшеліктері жайлы айтатындай дәрежеде емес. Ал саке қаптамасын көрген кезде жопондық, өзiне сай қаптама екенін анық түсінесін. Және оның ерекшелігі тек қана жапондық иероглифтердің ғажайып каллиграфиясымен ғана шектеліп қоймайды. Өндірушілерге өнімді сипаттау, оны басқа өнімдердің арасынан бөлектеу үшін 2-3 сөз жеткілікті секілді. Бірақ айта кететін бір жайт, Жапонияда көп емес, аз емес 3000-ға жуық саке брендтері бар.
Жапониядағы қаптама. Дәстүрлердің қайта жаңғыруы.
Өзінің қарапайымдылығы, мінсіздігі, түстік гаммасының ерекшелігі арқасында жапон үлгісі өте атақты, оның бәрі кез келген жапондықтың күнделікті өмірінен көрінетін дәстүрлерді есепке алмай мүмкін емес. Жапондық қаптама үлгісі Европадағы, Америкадағы және тағы басқа дамыған елдердегі қаптама тарихынан мүлдем ерекшеленетін өзіндік терең тарихына ие. Егер Европада қаптама концепциясы алдымен «жабу», «енгізу», «сақтау» деген мағыналарды білдірсе, Жапонияда қаптаманы «орау», «қаптау» деп түсінген. Жапон тілінде қаптама сөзін сөз бе сөз ағылшын тіліне аударсақ та package design емес, wrapping design болып аударылады.
Жапонияда «орау» процесі қашан басталғанын анықтау қиын, бірақ ол Европадағы секілді тағам өнімдерін сақтау және консервациялау қажеттілігінен туындаған. Етті тағамдарды көп қолданатын, климаты суық және қатты болып келетін Европа елдерінен айырмашылығы бар Жапония елінде алғашқы тұрақтар терімшілік пен балық аулауға қолайлы жерлерде пайда болған. Етті кейінге қалдыру қажеттілігі болмаған, әр жыл мезгілі өз жемістерін беріп отырған. Аралдың солтүстігіндегі жұмсақ муссондық климат пен оңтүстігіндегі тропикалық климатқа байланысты тағам қорларын жинауға аса қажеттілік болмаған. Сол үшін жапондықтар көп уақыт бойы тағамды дайындау және сақтау жайлы көп ойланбай, вегетарияндық өмір салтын ұстанып, тағамдарды шикідей жеуге дағдыланған. Осылайша европолық қаптама тағамның ішкі маңызын анағұрлым көбірек сақтауды мақсат етсе, жапондық қаптама тек уақытша орам болып табылады. Бұл адам денесіне буддалық қөзқарасты еске түсіреді, ол бойынша адам денесі тек уақытша, бірақ өте маңызды орам - қаптама.
Орта ғасырларда сый тарту дәстүрі қалыптаса бастаған кезде қаптама сый беріліп жатқан адамға достық немесе сыйластық қатынасты көрсететін басты құралға айналды. Қазіргі кезде сыйлықтың қаптамасы кейде сыйлықтан да маңыздырақ. Қағазға ораудың көптеген дәстүрлі тәсілдерімен қоса әр түрлі жағдайларға байланысты қаптама ережелері бар.
1868 жылы болған Мэйдзи революциясынан кейін осыған дейін шет елдіктерге жабық болған Жапонияда европалық мәдениеттің қатты әсері сезіліп, жергілікті заттар техникалық жетістіктер мен сәнді өздеріне бейімдеп алды. Маңыздылығы бойынша екінші орындағы Жапонияға таныс емес мәдениетпен араласуы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін орын алды, Жапония елі басқаша айтқанда қатты америкаланды. Сонда да жапондықтардың ұзақ уақыт оқшаулануы себеп осы күнге дейін европалық, азиялық елдерден ойлау түрімен қатты ерекшеленеді, ол өз кезегінде тек қана өз дәстүрлерін сақтап қана қоймай, ешкімге ұқсамайтын стильдерді пайда болуына көмектеседі.
Көк шәй жапондық шәй мерекесі» «тюною» - ға сай қапталған.
Бірақ барлық кезде заманауилылық пен дәстүрлерді үштастыру мүмкін бола бермейді. Көптеген өнімдер кез келген басқа елдегідей қапталған. Мысалы, парфюмерияны бүкіл әлемде қабылданған стандарттарға сай орайды, алкоголь өнімдеріне келгенде де солай. Халықаралық тағам концерндерінің өнімдерін қаптау Жапонияда Ресеймен салыстырғанда анағұрлым аз. Кириллицаның орнына иероглифтер, сонымен бітті.
Әтір үшін қорап - жапондық үлгіні ұстану.
Бірақ та Жапонияда тек күрделі дәстүрлі қаптама пайдаланылатын тауарлар көп. Негізінде олар жапондық тәттілер(ең ғажайыбы шәй мерекесінде қолданылатын тәттілер қаптамасы), саке немесе сетю секілді дәстүрлі алкогольді сусындар, тағам үшін қолданылатын ыдыс пен таяқша(хаси), түрлі жапондық каллиграфия, икебана, жауынгерлік өнер мектептеріне арналған заттар және тағы басқалар. Осындай тауарлардың қаптамасы үшін дәстүрлі материалдар қолданылады: жапон қағазы(васи), ағаш, бамбук, сабан, жібек. Ондай қаптамалар көп жағдайларда күрделі геометрикалық формаға ие. Жапондық қаптаманың ерекше әшекейі - каллиграфия. Иероглифтер латын әріптерімен қатар тұрса да, европалықтар үшін басқаша әсер беретін иероглифтер емес, олардың қылқаламмен жазылуы.
Жапондық тәттілер үшін дәстүрлі қаптамасы бамбук қорапшасымен айқындалады.
«Onigiri» - жедің және бәрі тамаша - жапон сникерсі. Жапондықтардың өздеріне тән қасиеті - заттың тек қана әдемі болуы емес, сонымен қатар функциональды және ыңғайлы болуы. Елестету қиын жайт - ашылуы қиын, тек тістеп немесе кесіп ашылатын әдемі жапон қаптамасы. Осыған ұқсас қаптамалар үлгісі европалық және америкалық қаптамалар арасында жиі кездеседі. Осындай қателер жайлы жапондықтардың сүйікті кітабы Дональд Норманның «The design of everyday things» атты еңбегінде бейнеленген. Мүмкін сол үшін жапондық қаптамаларында ұзақ ашу ережелері әдетте қажет емес.
Өзінде форманың дәстүрлілігін және пайдалану ыңғайлылығын біріктірген ұқыпты үлгілердің бір мысалы « «онигири» қаптамасы, қазіргі таңдағы жапондық фастфудтың аталған түрінің атақтылығы қаптамаға байланысты. Онигири кез келген азық-түлік дүкенінде сатылады, және өте арзан бағада. Онигири - үшбұрышты болып келетін,ішінде балық немесе басқандай ингридиент болатын домалақ күріш, ол «нори» - кептірілген, престелген теңіз шөптерімен оралған. Бірақ жай ғана пластикалық пакетке салынатын бөлкеден немесе бутербродтан ерекшелігі күріші бар онигири нориға тек қолданылар алдында ғана оралуы керек. Айта кететін жайт, бұрын нори күріш үшін жеуге болатын, табиғи қаптама ролін атқарған, бірақ әрине одан кейін тамақ өнімдеріне деген гигиеналық талап та өсті. Күріш пен нориді бөлек орауға да болатын еді, бірақ асығып бара жатқан адамға алдымен екеуін бөлек-бөлек ашып, кейін күрішті нориға орау өте ыңғайсыз екені сөзсіз. Дұрыс шешім табылмаса жапондықтардың көп бөлігі анау айтқандай пайдалы емес, бірақ қолданылуы оңай сникерстер мен соларға ұқсас заттарға көшер еді. Жапон асханасының басқа нақсүйерлері қаптамасының күрделілігі үшін қымбат сатылатын онигириді алмайтын болар еді. Онигири өндіруші компанияларда кең қолданылып жүрген қаптаманың жаңа үлгісі ойлап табылып, бәрі өзгеріп шыға келді. Домалақ күріш медиана бойынша кесілген үшбұрышты қаптама пленкамен оралады, қаптаманың екінші қабаты - нори. Үшінші сыртқы қабат - тағы сол медиана бойынша кесілген онигиридің өзінің қаптамасы. Оңай ашылатын қаптаманың арқасында нори қабаты күріштен бөлініп тұрады. Қарапайым, тез, дәмді... және пайдалы! Сәтті үлгіге байланысты дәстүрлі ұлттық тағам «онигири» бәсекеге дайын тауарлардың біріне айналып, жапон фастфуд нарығында өзіндік орнына ие.
JPDA және EcoPackage.
1960 жылы Жапонияда қаптама үлгісімен айналысатын компанияларды, дизайн-студияларды, жеке дизайнерлерді біріктірген арнайы The Japan Package Design Association(JPDA) ассоциациясы құрылды. Сол уақыттан бастап ассоциация белсенді жұмыс істеп келеді, әр жалда өткізілетін сайыстан, үлгілер жинағын шығарудан тыс ассациация жиі көрмелер,симпозиумдар ұйымдастырумен қатар халықаралық айырбастауларды жүргізеді.
JPDA қаптамалар сайында 2003 жылы бірінші орын алған үлгілер
JPDA - дің ең маңызды бағдарламаларының бірі - қаптаманың экологиялылығына байланысты мәселелермен айналысатын EcoPackage бағдарламасы. Жапонияда әрбір күнi әдемі тұрмыстық қаптама қоқысы басқа қоқыстарға қарағанда әлдеқайда көп. Өзіңіз ойлап қараңыз: егер қораптағы әр күлше бөлек оралып, әр бес күлше бірге бөліктерге бөлінген пластикалық контейнерге салынып, ал контейнерлер картон қорабқа салып, және қорап ешкім оқымайтын нұсқаулық кітабымен қосып қағазға оралады және қағаз пакетке салынады. Бір қорап күлшені жеп болғаннан кейін бір шелек қоқыс шығару керек болады. Жапондықтарды бір килограмм күлшені бір қорабқа салып үйретіп қайта тәрбиелеу, әрине, ешкімнің қолынан келе қоймайды. Сол үшін дизайнерлердің тапсырмасы - қаптаманы көлемі жағынан аздап кішірейтіп, тастау үшін қарапайым үлгіде, қайта өңделетін материалдардан, қайта қолдану үшін және т.б. жасап шығару. Бір сөзбен айтқанда жапондық дизайнерлер ең алдымен қаптаманы қолданып болғаннан кейінгі жағдайын ойластырып, одан кейін ғана оның үлгісімен, әдемілігімен, функционалдығымен және т.б. қасиеттерімен қызығуы керек.