Реферат

Реферат Коуз ж не оны теориялары

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024





Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті


Реферат


Орындаған: Қияшева А.

Тексерген: Абдраманова Г. К.


Астана қаласы, 2011 жыл

Жоспары:

Кіріспе

1) Р. Коуз және оның трансакционды шығындар жайлы теориясы

2) «Коуз теоремасы» және меншік құықығы теориясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Р. Коуз және оның трансакционды шығындар  жайлы теориясы

Рональд Гарри Коуз (англ. Ronald Harry Coase; 1910 29 желтоқсан, Уиллесден, Лондон маңында) - британдық экономист, «институционалды құрылымдағы және экономиканың атқарымында меншік құқығы мен трансакционды шығындарды ашу мен нақты түсіндіруі  үшін» экономика бойынша 1991 жылғы Нобель сыйлығының  лауреаты. 1932 жылы Лондондық экономика мектебін бітірген. Соғыс кезінде  әскери ведомствода статистик болып жұмыс атқарады. Соғыстан кейін Лондондық экономика мектебіне оралып сонда ғылым докторы атағына дейін жетті. 1951 жылы Буффало университетінің   профессоры, кейін Виргиния университетінде сабақ берген және 1964 жылдан бастап  Чикаго университетінің профессоры болады. сонымен қатар «Құықы пен экономика журналында» редактор қызметін атқарады. 1982 жылы қызметтен кеткеннен кейін белсенді ғылыми қызметін еңбек сіңірген профессор ретінде атқарады. Және де өзінің атындағы институттың ғылыми жетекшісі болып табылады.   

Коуздың жұмыстары нарыққа, фирма қызметтеріне, нарықтық механизм шығындарына, қоғамдық қызметтердің ұйымдастыруына, экономиканың институционалды құрылымына арналған. «Коуза теоремасының» авторы. Ғалымның еңбектері – Бртандық радиохабарберуші: монополияны зерттеу(British broadcasting: A Study in monopoly, 1950); Фирма, нарық және заң(The Firm, the market, and the law, 1988) және де «Құқық пен экономика журналындағы» көптеген басқа да мақалалары соның ішінде «Әлеуметтік шығындар мәселесі» классикалық мақаласы(The problem of social cost, 1960)және т.б.

Коуз теоремасы – жаңа институционалды экономикалық теориының жағдайы. Оған сәйкес трансакциондық шығындардың нөлдік мәнінде нарық кез-келген сыртқы эффекттерді жеңе алады.

Алғаш рет 1966 жылы Джордж Стиглер былайша тұжырымдаған: Меншік құқыөтары нақты анықталса және трансакциондық шығындар нөлге тең болса ресурстарды орналастыру(өндіріс құрылымы) меншік құқықтарын бөлу кезндегң өзгерсітер кезінде де  тұрақты және тиімді болып қалады.

Стиглердің тұжырымы Рональд Коуздың 1960 жылғы «Әлеуметтік шығындар мәселесі» мақаласына негізделген. Коуз бұл концепцияны тікелей қатысушыларға емес үшінші жаққа әсер ететін кез-келген қызметтің жанама нәтижелері - экстерналийлердің мысалында дәлелдеген болатын.

Бұрын бұл мәселені экономист Артур Пигу «Әл-ауқаттың экономикалық теориясы» кәтабында қарастырған. Пигу бойынша, экстерналийлер теріс экстерналиийлерімен игіліктің қайта өндірілуіне және оң экстерналийлерімен  аяғына дейін өндірілмеуіне әкелуімен, ол мұндай жағадайларда  Пигу «нарық фиаскосы» деп атаған  осы эффекттерді  жою үшін экономикаға мемлекеттің араласуын ұсынған.

Коуз экстерналийлер әрқашанда «нарық фиаскосына» әкелетінен бас тартты. Оның ойынша экстериналийлердің мәселесін шешу үшін ресурстарға меншік құқықтарын нақты бөлу және трансакционды шығындарды минимизациялау қажет.

«Трансакционды шығындар» термині ертерек Коуздың «Фирма табиғаты» еңбегінде енгізілген болатын. Бұл – келісімге келгенде пайда болатын, яғни ақпаратты жинау мен өңдеуге, кездесулерді өткізуге және шешім қабылдауға контракттың орындалуын бақылау және заңды қорғауына кететін шығындар. 

 Коуз теоремасы меншік құқықтарының экономикалық мағынасын ашады. Коуздың ойынша меншік құқықтары неғұрлым нақты анықталса, соғұрлым көбірек сыртқы шығындар ішкі шығындарға айналады.

Трансакционды шығындар теориясы жаңа институционалды теорияның құрамдас бөлігі болып табылады және кәсіпорынды ұйымдастыру теориясы болып табылады, оның зерттеу объектісі болып  ұйымдастыру формасы ретіндегі көпжақты келісім.

Трансакциондық шығындар теориясының міндеті – анықталдған институционалды  шектегі белгілі бір экономикалық операцияларының тиімділік мәселелерін түсіндіру, яғни нәтижелі жоспарлауындағы және экономикалық мақсаттарды жүзеге асырудағы  әр түрлі ұйымдастыру формаларының қабілеттілігі  болып табылады. Бұл теория негізінде экономикалық контексттегі кез-келген іс-әрекет бірінші ретте шығындармен байланысты болады деген топшылама жатыр.


Трансакционды шығындар теориясы үйымдастыру формаларын ерекшелей отырып «идеалды нарық» алғышартарына қарама-қайшы келеді.Ол кәсіпорында мен нарықтың өзара қарым-қатынасын(бірлескен) түсіндіреді. Осылайша ол ұйымдастыру формасы мен ынтымақтастық түрін таңадуға көмектеседі. Басқа жағынан операциялық шығындарды нақтылауда қиындықтар бар, бұл нақты шешімдер шығаруға кедергі болуы мүмкін.

Тарихы

Трансакционды шығындардың экономикалық теорисының бастауы болып  1937 жылғы Рональд Коуздың  сол еңбегі үшін экономикадан Нобель сыйлығымен марапатталған «Фирма табиғаты» атты еңбегінің жарыққа шығуы болып табылады. Бұл мақалада автор трансакционды шығындарға сілтей отырып кәсіпорынның трансакцияларды нарықтан тыс  жүргізу формасы ретінде болу қажеттілігі деген қорытындыға келеді. Келесі маңызды басылымдар Кеннет Эрроудың 1969жылғы Трансакция және трансакциондық шығындар жайлы еңбегі болды. Және де 1985 жылы Оливер Уильямсон трансакционды шығындар теориясының толық  мазмұндалған ғылыми еңбегін ұсынады.

         Экономикалық контексттермен қатар трансакционды шығындар теориясын саясатта да қолдануға ұмтылыс жасалынды.

Осылай сайлау кезінде кандидаттардың біреуінің сайлау алды уәделеріне байланысты  сайлаушы даусының алмасуы жүреді. Бұл ақпарат жинау трансакционды шығындарымен байланысты.

Трансакционды шығындар детерминанттары

Трансакционды шығындардың шешуші факторлары болып:

·  Инвестициялар трансакциясымен байланысты ерекешілілік(факторлы ерекшелілік):

Трансакциялар шегінде жүргізілетін өндіріс қуаттарына  капиталсалымдары мен қажетті квалификацияға жетуді сипаттайды;

·  Риск: сыртқы ортаның параметроерінің аныұталмағандығын және мүмкін болатын оппортунизмге негізделген қатысушылар арасында келісім жүргізуге сенімсіздікті қамтиды;

·  Жиілік: Бірдей өндіріс бұхаралығы немесе синергия эффектісі ретніде трансакциялар жиілігінің өсуіне байланысты шығындар дегрессиясының мүмкіндігін ескереді. 

Негізгі қорытындылар:

 Шектелеген тәуекелділік пен төмен ерекше инвестициялармен байланысты тауар және қызметтерді алмастыру нарық шегінде орындалады: қатал бәсеке шарты және оның интенсивтілігі оппортунизм мен оның стимуляциясын шектейді. Үлкен шығындарға әкелмейтін келісімді оның бекітілгеннен кейін өзгерту мүмкіндігі қатысушылардың автономды іс-әркетіне және балма іздеуіне мүмкіндік жасайды.


«Коуз теоремасы» және меншік құқығы теориясы
         1960 жылы Р. Коуз «Әлеуметтік шығындар мәселесі» еібегін шығарады. Мұнда ол сыртқы әсерлер мәселесіне назар аударады.  Бұл мәселенің мәні -  нарықтың кез-келген қатысушысының іс-әрекеті басқа экономикалық агенттерге өндіріс шығындарын талдағанда ескерілмейтін зиян шектіре алады. Осының нәтижесінде ресурстарды қоғамдық тиімсіз бөлу мәселесі туындайды – теріс экстерналийлі тауарды қайтаөндіру және оң экстерналийлі тауарларды өндірмеу.

Коуз өзінің еңбегінде жиырмасыншы ғасырдың басында ағылшын экономисті А. Пигу ұсынған осы мәселенің шешімін дауға салады. Пигу бойынша, сыртқы эффекттері бар тауарлардың қндіру көлемін мемлекеттік реттеу керек деген(штрафтар, салықтар, субсидиялар жүйесі арқылы). Коуз бойынша, сыртқы әсердің пайда болу себебі  нарық «сымдарында» емес, барлық  ресурстарға нақты  анықталған және қорғалған меншік құқықтарының жоқтығы деп көрсеткен.  Сыртқы әсерлер ескерілмеген меншік құқықтарының бұзылуын сипаттайды.

         Мысалға, бір зауыт өзенді ластайды. Бұл өмірлерін балық аулаумен өткізетін жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарының жағдайына зиян келтіреді. Пигудың көзқарасы бойынша,  шығындар мен табыстарды теңесуін қалпына келтіру үшін «экологиялық салық» енгізу керек.  Коуз бойынша, мұндай іс-әркеттер тиімділік принципімен  еш қалай сәйкес келмейді.  Біріншіден, бұл күш көрсетудің мыслы, екіншіден, олар экстерналийлердің сонымен қатар олармен күресудің симметрикалық табиғатын ескермейді. Балықшыларды қорғау мақсатындағы зауытқа салынған шектеулер тек балықшылардың шығындарын ескереді, ал осы шектеулер нәтижесінде кәсіпорынның пайда болатын шығындарын ескермейді. Егер экстерналийлердің пайда болуы шығындарға әкелсе, онда оларды жою да экономикалық шығындарға әкеледі. Сондықтан Коузға сәйкес  осы екі шығындардың қайсысы қоғам үшін ең кіші екенін анықтау қажет. Өзенді ластау шығыны оны жоюдан келетін шығыннан аз да болуы мүмкін. Шығындарды салытыру осы ресурс бойынша екі жақтың еркін келісуі арқылы ғана мүмкін болады. Бұл үшін осы ресурс екі жақтың біреуінің меншігінде болуы қажет. Және Коузға сәйкес қайсысы екенінің айырмашылық мәні жоқ. Мысалға, меншік құқығы зауытта болсын. Сонда тұрғындар өзендегі балықтар санын көбейту үшін зауыт директорына қнімді қысқартудан алатын шығындарды өтеуі керек болады. Егер зауыт шығындары тұрғындар ұтымынан аз болса, онда мәміле орындалады. Және кездесулер зауыттың шекті шығындары тұрғындардың  шекті түсіміне теңескенде аяқаталады. Осыған сәйкес, кездесу нәтижесі- ресурстарды оптимальды қолдану болп табылады. Егер меншік құқығы тұрғындарда болса, нәтиже тура осындай болады да, мұнда кәсіпорын өзінің қосымша пайдасынан тұрғындардың шығындарын өтейді. Осы ойладың негізінде, Коуз қорытынды шығарады: «Егер меншік құқығы нақты анықталған болса, және трансакционды шығындар нольге тең болса, онда ресурстар аллокациясы(қндіріс құрылымы) меншік құықығын бөлуге тәуелсіз тұрақты әрі тиімді болып табылады».

«Коуз теоремасының» маңызды қорытындысы экстерналий мәселелерін шешуге мемлекеттің араласуы қаже емес. Бұл теорема – нарықты ресурстарды тиімді бөлу механизмі ретінде қайта құрды десек те болады.

Сыртқы әсерлер теориясында мазмұндалған Круз идеялары американдық экономисттер

Арме-на Алчиан мен Харолда Демсец еңбектерінде жалғасын тапты.

Қорытынды

Р. Круздың экономика соның ішінде микроэкономика ғылымы саласына сіңірген еңбең өте зор. Сонымен қатар оның теориялары нарықты ресурстарды тиімді бөлу механизмі ретінде қайта құрды десек те болады. Қорытындылай келсек, «Фирма табиғаты»(1937) атты еңбегінде Коуз нарық өзі «трансакцонды» деп атаған шыңындардың ерекше түрін экономикасының тудыру құбылысын қарастырған. «Әлеуметтік шығындар мәселесі»(1960) деп аталатын екінші атақты мақаласында Коуз егер үкімет меншік құқықтарын ерекшелеуде ғана араласса, яғни жеке индивид немесе топ үшін құқықтың субъектісі мен объектісін анықтау, осы субъект иеленетін құқықтар жинау, сонымен қатар олардың сақталуын қамтамасыз ететін механзм мен трансакционды шығындар арқылы ерекшелілік жүйесін(субъект ерекше құқық иелене отыруына қатысыт шешім қабылдау процесінен басқа экономикалық агенттерді аластата алатын жүйе) құру, шартында сыртқы эффекттерді жақтардың келісімі арқылы интернализоваттеуге болатынын көрсеткен. Бұл теория «Коуз теоремасы» деп аталып кеткен.

Коуздың салалы нарық теориясындағы анықтаған маңызды қасиет – «Коуз жорамалы» деп аталады. Егер нарықтағы игілік көлемі (немесе оның ресурстарының) шектелмесеонда монополиялық өндіруші тауарды наңыз бәсеке нарықтың бағасымен сатуға мәжбүр болады яғни нөлдік пайдамен. Түтынушылар игілік саны шектелмеген екенін біледі, сондықтан монополист «ешқайда кетпйтінін» және соңында бағаны өзіндік құнына дейін төмендететінін ескере отырып күтуді қалайды. Бұл жағдайда монополист жауап ретінде тұтынушыларды бағаны төмендетпейтінін дәлелдеуге тырысуы мүмкін мысалы көпшілік көзінше сатылмаған тауардың жартысын жағу арқылы.

Сонымен, экономикада оның атымен көптеген ғылыми ашылулар мен мағызды теориялар байланысты. Оның Нобель сыйлығымен марапатталуы да осыған айқын дәлел болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Коуз, Рональд. Фирма, рынок и право, М. 2007

2. Милгром, П. Р., Экономика, организация и менеджмент, М, 1999

3. www.wikipedia.org


1. Реферат на тему La Tortuga U La Liebre Essay Research
2. Курсовая на тему Ядерное оружие и его поражающее действие
3. Сочинение на тему Развитие личности главного героя в романе АС Пушкина Евгений Онегин
4. Реферат на тему Понятие и исследование фирменного стиля предприятия
5. Реферат на тему Twist Of A Braid Essay Research Paper
6. Курсовая Уровень конкурентоспособности станции технического обслуживания
7. Реферат на тему Библейские представления о культуре и человеке
8. Реферат на тему СП Минский мебельный центр ООО характеристика предприятия и производственного процесса
9. Реферат на тему The Final Steps Into The Ordinary Essay
10. Реферат на тему Young McDuff Essay Research Paper Character Sketch