Реферат

Реферат Б аралы -а парат ралдарында ы фразеологизмдер

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 5.2.2025



Аннотация
Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы». Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес деп ойлаймын. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде мен шетел тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде фразеология ғылымы үшін маңызы зор деп ұқтым. Мен ізденісімде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді зерттеген ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен екі тілдегі фразеологиялық лексикография, лексикология материалдарын негізге ала отырып, «баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатын» ашуға тырыстым.

Гипотеза бойынша алып қарайтын болсақ фразеологизм тілдің айшықты да, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Сол себепті бұл сала әлі талай зерттеуді қажет етеді.

Ғылыми жұмысым дәстүрлі үш бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

І. Фразеологизмдер туралы сипаттама

ІІ. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

3. Қорытынды

Жоспар
Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------4
Тарау І. Фразеологизмдер туралы сипаттама
1.1.Фразеологизмдердің зерттелуіне қысқаша шолу -------------------------- 6
1.2.Фразеологизмдердің түрлері --------------------------------------------------- 9
Тарау ІІ. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

2.1. Баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің қолданылуы--------------------12
2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер-------------------------16
2.3. Қазақ тілі фразеологизмдерінің қолдану ерекшеліктері---------------------24
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------27
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе


Тіл –ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір тіл – бір ұлт. Кез-келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн мәжесіндегі кодқа салынған әр түрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары – фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті – эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі.

Зерттеудің өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен салғастыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы оның ішінде фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдары үшін маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Баспасөз беттеріндегі ағылшын және қазақ тілдері фразеологизмдерінің құрылымдық-семантикалық сипатын анықтау үшін тіларалық фразеологизмдер және олардың зерттелуіне шолу жасап, екі тілдегі фразеологизмдердің қалыптасуы мен құрылымдық сипатын және лексика-семантикалық ерекшеліктерін айқындап, осы тілдердегі фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Сонымен қатар баспасөз беттеріндегі фразеологизмдерге талдау жасау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер туады.

  • Фразеология саласының тарихына, қалыптасу кезеңдерінің зерттеу нысанына тоқталу;

  • Фразеологизмдердің қос тілдегі ауқымын, құрамы мен құрылымын анықтау;

  • Фразеологизмдерді мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру, әр топқа сипаттама беру;

  • Фразеологизмдер табиғаттағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

  • Баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатына сипаттама беру;

Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалады. Жұмыс барысында туыс емес тілдердегі ортақ заңдылықтары мен құбылыстарды және айырым өзгешеліктерді айқындауда салғастырмалы әдіс, құрылымдық ерекшеліктерін анықтауда структуралық әдіс, фразеологизмдердің көлемін белгілеуде статистикалық әдіс және осы тілдік бірліктерді талдау барысында сипатталмалы әдіс қолданылды.

І тарау Фразеологизмдер туралы сипаттама

1.1.Фразеологизмдердің зерттелуіне қысқаша шолу

Фразеология – phrasis -«орам, сөйлемше»; logia – «ұғым, ілім» деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұмытымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет- ғұрпына, діни, нанын-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен астасып жатқан мызғымыс тұтастығымен, этнолингвистикалық, эксталингвистикалық факторлармен қызықтырады.

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салғастыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ тіл табиғатында осы уақытқа шейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айшықталуы да әбден мүмкін. Ал сайып келгенде, әртиптес тілдердегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге деген құлшыныс өзінің бастауын академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен етек алады. Бұл құнды еңбек тек қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан-жақты қарастырып,біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.

Фразеология тану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:

  1. даяр қалпында жұмсалу белгісі;

  2. мағына тұтастығы;

  3. тіркес тиянақтылығы;

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі. ФЕ-лар қарым-қатынас процессінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) единица ретінде жұмсалады. ФЕ-нің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. тәріздес ФЕ-лар тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет ФЕ-ға ғана емес, сонымен бірге лексикалық единица сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, talk, laugh, smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, көзді ашып жұмғанша, жұмған аузын ашпау, get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile тәрізді ФЕ-лар даяр қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:

Kill two birds with one stone- екі қоянды бір таяқпен өлтіру;

Cat and dog life- ит пен мысықтай өмір;

To pick up one’s ear- құлақ тігу;

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді. (Ә.Болғанбайұлы және Г.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997.)

Сондай-ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздердің орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына radio,the ball деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады, немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады. Н.М.Шанский сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан (компонентерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін.

Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дабыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді.

Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылылық, тұтастық, тиянақтылық)арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді.

1.2. Фразеологизімдердің түрлері.

Фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген І.Кеңсебаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бөледі:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық тіркес.

Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізі белгілері анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.

К.Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В.Виноградов классификациясына сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық бірлік;

3. фразеологиялық тізбек;

4. фразеологиялық сөйлемше деп топтастырады.

Орыс тілі білімінде В.В.Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ және ағылшын тіл білімінде де осы классификацияны бірден –бір етіп келе жатырмыз және олар:

1. фразеологиялық тұтастық (phraseological fusions);

2. фразеологиялық бірлік (phraseological unities);

3. фраеологиялық тізбек (phraseological collocations) болып, негізінен үш топқа бөлінеді. Үш топтың әрқайсысын жеке алып талдап көрейік: (В.В.Виноградов. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. М.,1972. )

К.Аханов: Фразеологиялық тұтастық деп бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сынарладың мағынасымен мүлдем байланыспайтын, әбден бітісіп, тұтысып кеткен томаға тұйық тіркестерді айтамыз – дейді. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді немесе ағылшын тілінде: to let the cat out of the bag дегеннен сыр шашу, немесе аңдамай сөйлеу дегенді түсінеміз.

Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлікке Л.Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы жағынан ажыратылмай, тұтасымен бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз тіркестерінің бір бүтін мағынасы лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері». Бұлардың лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің мағынасымен астарлас, образды, астарлы болады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Ал ағылшын тілінде: to give a person a blacklook – ашулы немесе ала көзбен қарау. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.

Кейде фразеологиялық тұтастық пен арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Мұндағы ескертетін нәрсе тұрақты тіркес мағынаның тек көнелуіне байланысты түсіну керек. Мысалы: ит басына іркіт төгілу – «ағыл-тегіл, молшылық». Сырт тұлғасы жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсас, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа да ұқсас. Жалпы алғанда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Мәселен, орыс тіл білімінде мұндай құбылысты Н.Шанский идиомалар немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді.

Фразеологиялық тізбектер дегеніміз не? «Мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркестері». Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тұрақты сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқ т.б. Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend т.б.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: көк бет, қысыр көз деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз сөз, бұрыс сөз, көп сөз) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімен ғана тіркеседі.

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде т.б.

ІІ тарау. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер

2.1. Баспасөз беттерінде фразеологизмдердің қолданылуы

Бұқаралық газет стильінде фразеология ең маңызды компонент болып табылады. Бұқаралық газет тілінде екеу араның қарама-қарсы диалектикалық қарым қатынасы болып табылады. Баспасөз беттерінде фразеологизмдерді қолдану ақиқаттық көзқараста ерекше маңызы бар.

Журналистер фразеологизмді кіріспе сөзде тақырыпта творчестволық қолданады. Мәтінді жариялау кезінде газеттің тақырыбына назар аудару үшін қолданылады. Осындай тақырыпта жазатын эксперссия қоғамда атақты бола алады. Осыған мысал жоқшылық, жоқшылыққа жолығу, еңсесі түсу. Семантикалық және құрылымдық-стилистикалық өзгеріс фразеологиялық тіркестерде фразеологизмнің тіркесіне бір бөтен сөз қосылған жағдайда мағынасы жойылып кетеді.

Журналистер фразеологизмдерді стилистикалық бояуда творчествалық өңдеуде ішкі формасын құрастырып, сыртқы көріністе еркін қолдану үшін таңдайды. Трансформацияның негізгі саласы ретінде сол кезде атақты болған кітаптың, фильмдердің, өлең жолдарынан үзінді, атауын алады. Контекспен тақырыптық – фразеологизм саласына байланысты актуализациялық екі негізгі түрі туралы жақын шектегі актуализация фразеологиялық тіркесте өзгеріс жаңарады, тақырыптық құрылым шегінде жалпы қабылданған вариант түрінде болады және қашықтық шектегі актуализация фразеологиялық тіркес өзінің үйреншікті мәтіннің кез -келген жерінде қарама-қайшылықта қойылады. Журналистер жақын шектегі актуализацияны қолдануды жөн көреді, яғни құрылымның түрлі түрде өзгеруі. Баспасөз тілінде тақырыптың – фразеологизмнің бір компоненті ауысып жаңа түрі кеңінен қолданылады.Мысалы: «Ассистентінің басы-алланың добы» яғни адамның басы-алланың добы, «Қазақтың сары баласы» яғни Қазақтың қара баласы. Актуализация негізінде фразеологиялық тіркесте жаңа бір ой, көркем сапалы фразеологизм сөз байлығы пайда болады. Жаңарған актуализацияның тақырыптағы айналымы фразеологиялық варианттан өзгешелігі лексикалық өзгерісі болып табылады. Варианттардың ауысуы негізгі ойға және фразеологиялық негізге әсер етпейді, осындай өзгерудің нәтижесінде қосымша стилистикалық бояуға ие болады. Газет тақырыптарында қатты әсер беретін фразеологиялық тіркес кеңінен қолданылады: Жол қадырын жүрген білер...

Актуализацияның қолданылуы тақырыптағы сөз тіркесіне қызықты үлгі, құрылымның, фразеологиялық тіркестің ритмикалық шығысы енгізіледі: сыйға - сый, сыраға –бал. (Солдат, №5 қараша,2007)

Бұндай құрылымға тек фразеологиялық элементтер әсер етеді. Тақырыптық өзгерістің айналымы өзінің алғашқы мағынасынан семасиологиялық қолдау алады, бұндай қолдаусыз актуализациялық фразеологизм өзінің қызметін атқара алмас еді, яғни оқырмандарға ойды айқын, көркем жеткізе алмас еді. Қашықтық шектегі актуализация кезінде ішкі форма (лексика-грамматикалық тұтастық) фразеологиялық тіркесте ешқандай өзгеріссіз тек мәтінде қайта ойлау болады. Материалдарды оқығанда негізгі ой басқа рең береді. Бұнда көптеген ойнақы сөздердің тізбегі, жеке сөздердің тура және ауыспалы мағынасында фразеологиялық айналымның құрамына кіретін сөздер жатады.

Фразеологиялық тіркесте екі семантикалық жоспардың контимациясы-анықталған стильдік әсерді айқын қабылдау- тура және ауыспалы яғни, бір уақытта фразеологизм ретінде және еркін сөз тіркесі ретінде қолдану.

Қорыта айтқанда, жаңа өз бетінше құрылған метафорлық құрылым, және фразеологизм жалпы тілдік метафора мен үйреншікті фразеологиялық тіркестің нормативтік реңде қабылданады. Бұл екі жоспарлы ойды және көркемдік мүмкіндікті туғызады. Газет беттерінде фразеологизімдерді қолдану өз ойын, сезімін, сынын, көркемдігін, ана тіліміздің сөз байлығын, мәнерін жеткізе аламыз. Баспасөз беттерінде фразеологизімдерді жалпылай қолдынып келуде. «Костомаров В.Г. Русский язык на газетной полосе. М., 1971, 268-б.»

Фразеологизмдердің қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылу деңгейі қай шамада, публицистикалық жанрға тән ерекшелікке байланысты тұрақты тіркестердің өзіндік қандай лингвостилистикалық табиғаты бар деген мәселелерге тоқталудың, зерттеудің маңызы зор болса керек.

Зерттеушілер тілімізде фразеологизмдерді қолданудың екі тәсілі бар екенін айтады:

  1. Фразеологизмдердің жалпыхалықтық формада қолданылуы.

  2. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.

Біз де зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып баспасөздегі фразеологизмдерді екіге бөліп қарастырамыз: 1) Баспасөздегі дәстүрлі фразеологизмдер. 2) Баспасөздегі авторлық қолданыстағы фразеологизмдер. Қазіргі баспасөзде жалпыхалықтық формадағы фразеологизмдер жиі қолданылады. Оған себеп халқымыздың қанына сіңген ерекше қасиеті, сөз шеберлігі мен шешендік өнеріне деген ықылас-ынтасы, сөз мағынасының тереңдігін көздеуі, «ақынжанды» болмысы, тағысын тағылар қаламгердің осы қазынадан керегінше алуына мүмкіндік туғызады.

Фразеологизмдер ең алғаш ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазу тілінде қолданылып жалпыға танылады. Көптеген ғалымдар фразеологизмдердің өзіне тән негізі мынандай болады дейді:

  1. дайын тілдік бірлік ретінде қолданылады;

  2. жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

  3. мағына жағынан бірлігі сақталады;

  4. екі сөзден кем болмайды.

Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын (идиом, фраза, мақал-мәтелдер) бәрі де ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.

Фразеологизмдер өздерінің бейнелік құрылысы жағынан да әр алуан болады. Онда тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің бәрі де бар:

Тұрақты эпитет: қыпша бел, бұраң бел, ай қабақ, сүмбіл шаш,т.б.

Тұрақты теңеу: атқан оқтай, иненің жасуындай, көздің қарашығындай,

Тұрақты әсірелеу: көл-көсір, телегей теңіз, көп түкірсе көл болады, әлемде теңі жоқ, қыл өтпестей, ине шаншар жер жоқ, түймедейді түйедей етті т.б.

Тұрақты литота: Әсірелеуде белгілі бір зат не құбылыс шамадан тыс үлкейіп айтылса, литотада, керісінше, өте кішірейтіліп айтылады. Мысалы, тізе бүкпеу, бел жазбау, кірпік қақпау т.б. Фразеологизмдерге образдылық мәндер беретін синтаксис, фонетика және ырғақ сияқты көптеген тәсілдер бар. Бұл тәсілдер тұрақты сөз тіркестерін поэтикаға жақындатады. Мәселен, фразеологизмдердің көпшілігі шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты поэтикалық синтаксиске құрылған.

Шендестіру (антитеза) жолымен құрылған тұрақты сөз тіркестері: мың асуға бір тосу, бірде бие, бірде түйе т.б.

Антонимге құрылған мақал-мәтелдер: көп тыңда, аз сөйле, бетегеден биік, жусаннан аласа, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, не өліде, не тіріде жоқ .т.б.

Фразеологизмдердің ішінде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы құрылған антонимдік құбылыстарда фразеологиялық антонимдер байқалады: су жүрек, жүрек жұтқан, т.б.

Оксиморон – мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер ара тіркесіп, бір ұғымды білдіреді: тірі өлік, (тірі аруақ), тірі жетім, жаман жақсы көру, ілгері басқан қадамы кері кетті, жіпсіз байланды т.б.

Дамыту: оқу-білім бұлағы, білім өнер шырағы, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер т.б.

Параллелизм: киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі, сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес т.б. бұл құбылыс мақал мен афоризмдерде жиі кездеседі.

Анафора: Сөзді немесе сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды анафора деп атаймыз. Қол-қолды табады, көре-көре болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, ауыздан-ауызға таратады, т.б.

Эпифорада: қайталанатын сөз керісінше сөйлемнің аяғында келеді. Мысалы, жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла, аласаны атқа санама, жақыныңды жатқа санама, т.б.

Дәстүрлі фразеологизмдердің қолданылуы газет беттерінде, әсіресе тақырып, айдар беруде жиі көзге түседі. Себебі тілімізге ерекше көрік беретін, айтылар ойға терең астар беретін фразеологизмдер – оқырман назарын аударатын тәсіл.

2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң қалыптасуына ағылшын және қазақ ғұрыптарының тарихи, рухани және материалдық мәдени дәстүрлері негiзгi себеп болған деп тұжырымдаймыз.

Қос тiлдегi фразеологизмдердiң қалыптасуының тағы басқа толып жатқан негiздерi баршылық. Бiрақ бiз зерттеуімізде ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрылымы жағынан фразеологизмдердi карастыру басты мiндетiмiз болғандықтан, жоғарыда ағылшын және қазақ тiлдерiнiң фразеологизмдерiнiң қалыптасуына тоқталдық.

Ендiгi кезекте ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрылымдық сипатын айқындау арқылы ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң типологиялық ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылыктарын анықтаймыз.

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң iзденiсiмiзде фразеологизмдердiң ағылшын және қазақ тiлдерiндегi құрылымдық-семантикалық сипатын қарастыру болғандықтан, қос тiлдегi фразеологизмдердiң құрылымдық сипатына тоқталмас бұрын, ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң сипатына тоқталып өтейiк. Фразеологизмдердiң сөз табына қатыстылығын әрбiр тiркестегi сөздердiң грамматикалық сипатына қарап танып бiлуге болады. Алайда, фразеологизмдердегi негiзгi сөздердiң лексика-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердiң тудыратын мағыналары үнемi сәйкес келе бермейдi. Сондықтан, фразеологизмдердiң қай сөз табына қатыстылығын аныктау үшiн фразеологизмдерден туатын фразеологиялық мағынаны салыстырып, бiр жақты емес, жан-жакты талдап, қарастырдық.

Белгiлi бiр ұғымды бiр сөзбен де, екi немесе одан да көп сөздердiң жымдасып келiп, жанама мағынада айтылуы арқылы да бiлдiруге болады. Ал, фразеологизмдер ағылшын және қазақ тiлдерiнде де жеке сөздiң қызметiн атқарады. Қос тiлдегi фразеологизмдерге ортақ қасиет, олардың құрамындағы сөздердiң дараланбай, мағынасының тұтастығы мен бiрлiгiне бағынышты әрі тәуелді болып, бiр сөздiң орнында жүруi. Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдер белгiлi бiр сөз табына бағынышты болып келiп, мағына жағынан бiр ұғымды бiлдiредi де, бiр сөздiң орнына жүредi, ал сөйлем iшiнде бiр ғана сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады. «Г.И. Исина. Фразеологические сравнения в современном английском языке. Алматы, 2000, 124-б.»Фразеологизмдердi белгiлi бiр сөз табына жатқызу мәселесiн қарастыруда компоненттер құрамының беретiн мағынасына, морфологиялық табиғатына, синтаксистiк қызметiне байланысты екенiн айта келiп, ғалым Г. Смағулова оларды 6 топқа бөлген: 1. Етiстiк мағыналы фразеологизмдер; 2. Есiм мағыналы фразеологизмдер; 3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер; 4. Одағай тұлғалы фразеологизмдер; 5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер; 6. Сөйлеу дағдысына (речевой штамп) қолданылатын фразеологизмдер.

Фразеологизмдердi сөз таптарына байланысты жүйелеу жайлы пiкiрлер көптiң қасы. Мысалы; 1. Кеңесбаев, Э. Айдаров, Р. Жайсакова сынды зерттеушi ғалымдар фразеологизмдердiң сөз табына қатысын жан -жақты қарастырған.

Фразеологизмдердiң сөз табына қатыстылығын олардың басқа сөздермен байланысса, сөйлем мүшесi болатындығын Х. Қожахметова мақұлдап, “сөйлем мүшесi белгiлi бiр сөз табына қатысты” деп түйiндейдi. Фразеологизмдер мен сөздер бiрiнiң орнына бiрi жүре тұра бiлдiретiн мән-мағыналары тепе-тең болады деп айта алмаймыз. Себебi, фразеологизмнен туатын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күштi, әсiре мағынада айтылады, сонымен қатар жағымды-жағымсыз экепрессивтiк мәнi болады. Жеке сөз белгiлi бiр нақты ұғымды бiлдiрсе, фразеологизмдер дара ұғымды күрделендiрiп, бейнелеп суреттейдi, Осыған орай Э. Болганбаев: «сөз табына қатыстылығын анықтау үшiн негiзгi сөз бен жалпы тiркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керек», — дейдi.(М.Сәбитова. Салыстырмалы фразеологизмнің кейбір мәселелері. Қазақ мектебі. Алматы-1987. №3. 67-71-бб.)

Кейбiр фразеологизмдердiң құрамындағы етiстiк тек қана Passive Vоiсе формасында қолданылады. Мысалы: be gathered to one’s father- қайтыс болу; bе thrown on one’s beam - end / халi мүшкiл болу. Ал, кейбiр фразеологизмнiң құрамындағы етiстiк Passive Vоiсе формасында мүлдем қолданылмайды: make bricks without straw / құр босқа әбiгерлену; steal a march on smb. / үмiтiн үзу; take the wrong turning / жолдан таю т.б.

Көптеген фразеологизмдердiң құрамындағы зат есiмдер жекеше не көпше түрде қолданылады. Мысалы: keep one’s head above water / ауыртпалықпен күресу; set one’s cap at smb. / артынан қалмау — keep their heads above water; they were all setting their caps at me. Бұл мысалдардан фразеологизмдердiң құрамындағы зат есiмнiң жекеше және көпше түрде де қолданылатынын көремiз. Зат есiмнiң көпше түрде қолданылуы iс-әрекеттi кiм орындағанына ғана байланысты емес, сонымен қатар фразеологизмнiң кiмге қатыстылығына байланысты болып келедi. Мысалы: to pull his leg – have been pulling our legs

Кейбiр фразеологизмдегi iс-әрекеттiң бiрнеше адамның орындауына қарамастан, фразеологизмдер жекеше және көпше түрде де қолданысқа түседi. Мысалы: cut off one’s nose to spite one’s face / қолын кесу —cutting off their noses to spite their faces- cut off their nose to spite their face.

Сонда да, көптеген фразеологизмдердің құрамындағы компоненттер нолдiк парадигмада, яғни тек қатаң сақталған өзгертуге келмейтiн сөздiк формада тұрады немесе толық емес парадигмада қолданылады да, басқа шақтық формаларда қолданысқа түспейдi.

Сонымен қатар ағылшын тiлiндегi фразеологизмдердiң болымды, болымсыз және сұраулы түрде қолданылуы әрдайым емес, шектеулi болады.

Фразеологизмдердiң құрамындағы етiстiк альтернант есiмдiктермен (one, one’s, oneself, smb, smb’s, smth.) қолданылады. Альтернанттардың орнына баска есiмдiктер, зат есiм немесе басқадай фразалар қолданылуы мүмкiн. Мысалы: Оne есiмдiгi — өздiк есiмдiгiмен, one’s — тәуелдiк есiмдiгiмен, oneself — тәуелдiк есiмдiгiмен, smb’s— өздiк есiмдiгiмен не зат есiммен, one’s — тәуелдiк есiмдiгiмен немесе iлiк септiгiнде тұрған зат есiммен, smth.— зат есiммен алмастырылады. Мысалы:

Ағылшын тiлiндегi фразеологизмдердiң синтаксистiк ерекшелігі — олардың құрамындағы етiстiктiң басқа сөз таптарымен байланысу жолдары болып табылады. Мысалы зат есiм етiстiкпен белгiсiз және белгiлi артикльмен қолданылады. Мысалы, bеаг а сгоss /ауыртпашылық кешу/; dгор а bгеаk [орескелдiк керсету]; miss the bus, take the blunge /тәуекел кылу.

Сонымен қатар зат есiм аныктауышпен келiп, етiстiкпен байланысады. Мысалы: draw the lond low /асыра айту/; have a free hand /теуслсiз болу/; foul one’s own nest /бiрсудi каралау/ т.б.

Кейбiр фразеологизмдер тек қана болымсыз түрде қолданылады. Мысалы: not to budge an inch /айтқанынан қайтпау/; not to touch hair of smb’s head /көзiнен таса қылмау/; not to see the wood for the trees /ештеңе елемеу/ т.б.

Сонымен қатар фразеологизмдердiң құрамындағы болымсыз шылау nо етiстiктен кейiн берiледi. Мысалы: think no small bеaг of oneself /өркөкiрек болу see no further than one’s nose /көз алдындағыны көрмеу/ т.б.

Ағылшын тiлiндегi фразеологизмдердiң көпшiлiгi шылаумен қолданылады. Мысалы: have a mills tone about (round) one’s neck /жүгi ауыр болу/ beat one’s head against a brick wall /айғайға салу/; cut the ground from under smb’s feet /аяғынан шалу); hit the nail on the head /дөп түсу/ т.б. Ал, фразеологизмдердiң шылаусыз келуi сирек кездеседi. Мьтсалы: hold one’s head high /өзін жоғары ұстау/; put one’s foot down /айтқанында тұру,’ т.б.

Қазақ тiлiндегi фразеологизмдердiң грамматикалық ерекшелiгiне олардың парадигмалық жартылай және толық түрленетiнi жатады. Фразеологизмдердің құрылым құрылысы әр түрлi болуына байланысты, олар етiстiкке тән категорияларды қабылдайды. Бiрақ парадигмалық жартылай түрленетiн фразеологизмдер етiстiкке тән категориялар мен формаларды толық қабылдай алмайды, Мысалы, етiстiктiң салт және сабақтылық категориясы фразеологизмдерге де тән. Бұл олардың жұмсалуының тiкелей объектiге қатысын көрсетедi. Мысалы, сыйғызбау”, “құлағына қыстырмау”, “қырық сақа жүгiрту” т.б. Салт күйiнде жұмсалуы: түймедейдi түйедей ету, тiл қата алмау, қытығына тию. Сонымен қатар болымдылық пен болымсыздық категориясы да фразеологизмге тән құбылыс болып табылады. Мысалы: дүниеден қайту, түрпiдей тию, төбесiн ою — болымды формада қолданылған, болымсыз формада қолданылуына мысалдар келтiрейiк: тiрi жанды жолатпау, үш ұйықтаса түсiне кiрмеу, қуанышы қойнына сыймау— бұл фразеологизмдер болымсыз түрде жұмсала тұра, болымдылықты бiлдiредi. Мысалы: ернiне тимеу” (көп, тез сөйлеу); сыймау” (ашулану), “жер-көкке сыйғызбау” (мақтау) т.б.

Парадигмалық толық түрленетiн фраземдер — етiстiкке тән категорияларды толық қабылдап, етiстiкке жакындай түседi.

1) Жақ көрсеткіштерiн қабылдайды:

Қолға қарау” 1 жақ қолға қарадым

II жақ — қолға қарадық

III жақ қолға қарады т.б.

2) Шақ көрсеткiштерiн кабылдайды:

Осы шақ — қолға қаратады, қолға қаратып отыр.

Келер шақ — қолға қараймыз, қолға қаратар, қолға қаратпақ.

Өткен шақ — қолға қаратты, қолға қаратқан (екен), қолға қарататын, қолға қаратып едi.

3) Фразеологизмдер рай категориясы бойынша түрленедi:

Ашық рай — қолға қаратты (қаратады, қаратпақ).

Бұйрық рай — қолға қарасын (қарата көрмесiн).

Қалау рай — қолға қаратпаса игi едi (екен).

Шартты рай — қолға қаратса.

4) Фразеологизмдер етiс категориясы бойынша түрленедi, яғни ортақ, өздiк, өзгелiк, ырықсыз етiс формасында келеді: көзiн ашып-жұмды, қабағынан қар жауды, сөздiң майын ағызды.

5) Көптеген фразеологизмдер есiмше, көсемше тұлғасында келедi. Есiмше, көсемше формасын қабылдаған фразеологизмдер үш шақта айтылып, iс-әрекеттің өту, болу, мерзiмiн бiлдiредi, Қазақ тiлiндегi фразеологизмдердiң көпшiлiгiнiң морфологиялық құрамында есiм сыңарлар жиi кездеседi де, олар септiк жалғауының бiрiнде тұрады. Мысалы:

Барыс септiгi — көзге шөп салу.

Табыс септiгi — бармағын тiстеу.

Жатыс септiгi —ұзында өшi, қысқада кегi кету.

Шығыс септiгi — аузынан қағу.

Көмектес септiгi — қабырғасымен кеңесу.

Ендi келесi кезекте ағылшын және қазақ тiлдерiндегi

фразеологизмдердiң құрылымын сипаттау барысында жоғарыда қос тілдегi фразеологизмдер туралы деректер өз септiгiн тигiзедi деп ойлаймыз.

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрылымдық сипатына назар аударғанымызда, олардың өзiндiк ерекшелiктерiн байқадық. Қос тiлден жинақталған материалдар фразеологизмдердiң сыртқы құрылымы жағынан екi, үш, төрт, одан да көп сыңарлы болатынын және сөйлемге ұқсас болып кездесетiндерiн көрсетедi.

  1. Екi компоненттi фразеологизмдер сөздiктегi басқа фразеологизмдерден басым” деп, Г. Нургазиева ҚТТС-де фразеологизмдер туралы айтса, А. В. Куниннiң сөздiгiнде “Англо-русский фразеологический словарь еңбегiнде ағылшын тiлiндегi фразеологизмдердiң компонент құрылымы сан қилы, сондықтан олардың құрылымына байланысты нақты деректер беремiз деп айта алмаймыз. А.В.Кунин «Англо-русский фразеологический словарь» М., 1967ж.

Қос тiлдегi фразеологизмдердiң компоненттерiнiң орналасу тәртiбiне, қолдану тәсiлiне назар аудардық. Байқағанымыз, фразеологизмдердiң сыңарларының санының аз-көптiгi фразеологизмдердiң мағынасына қатысы жоқ, мағына — компоненттер жиынтығынан туады. Тiл-тiлдегi фразеологизмдер өздерiне ғана тән құрылымдық сипатқа ие болатындығын қос тiлден жинастырған материалдардан көрдiк. Өйткенi, әр тiл — әр ұлт, осыған байланысты фразеологиялық бiрлiктердiң қасиеттерiн атауға болады. Олар:ерекше бейнелiлiк, бiр тiлден екiншi бiр тiлге сөзбе-сөз аударуға келмеушiлiк, семантикалық қайталанбаушылық.

Фразеологизмдердiң осы қасиеттерiн ескере отырып, ағылшын және қазақ тiлдерiнiң фразеологизмдерiнiң құрылымдық сипатын анықтауға тырыстық. Қос тiлдегi фразеологизмдердi белгiлi бiр жүйеде салыстыруды, яғни морфологиялық қалыптарын негiзге алуды жөн көрдiк. Осы орайда зерттеушi-ғалымдардың теориялық еңбектерiне жан-жақты шолу жасадық.

Зерттеушi-ғалым Ю.Ю. Авалиани фразеологизмдердiң құрылымдық ұйымдастырылуын белгiлi бiр тiлдiң грамматикалық құрылымының спецификасы мен сөздердiң дистрибутивтi байланыстарының негiзгi типтерi мен олардың тiлдердегi тiркесуiне байланысты екенiн айтады.

Ш.У. Рахматуллаев, 3.Г. Ураксин, Е.Л. Байрамов, М.Ф. Черновтар фразеологизмдердiң құрылымын жан-жақты қарастырып, жеке тiлдердiң фразеологизмдерi өздерiне ғана тән құрылымдық сипатқа ие екенiн дәлелдедi.

Қазақ тiл бiлiмiнде фразеологизмдердiң құрылымдық сипатын Кеңесбаев, Х,К. Қожахметова, Р.Е. Жайсақова еңбектерiнде қарастырса, ағылшын тiл бiлiмiнде И.В. Арнольд, О.С. Ахманова, В,Д. Аракин, А.В. Кунин т.б. зерттеушiлер бұл салада теориялық тұжырымдар жасаған.

Осы теориялы еңбектердi негiзге ала отырып, қос тiлдегi фразеологизмдердiң құрылымын сипаттауға тырыстық. Фразеологизмдердiң басыңқы сыңары — етiстiктер болса, құрамындағы басқа сыңарлары басқа сөз таптары етiстiкке бағынады да, онымен синтаксистiк байланысқа түседi. Жинастырған материалдардан фразеологизмдердiң әр түрлi синтаксистiк, морфологиялық қарым-қатынаста тұрған құрылымдық бiрлiк екенiн көрдiк. Фразеологиялық бiрлiктердi құрылым-құрылыс жағынан жүйелеу барысында олардың құрылымдық ерекшелiктерiнiң құрамындағы сыңарларының сан қилы болып сипатталатынын анықтадық.

Фразеологиялық ерекшеліктерді анықтау күрделi де, сатылы процесс болып есептеледi.

Ағылшын және қазақ тiлiндегi фразеологизмдердiң қалыптасуы қос халықтың ұлттық-мәдени ерекшелiктерi, тұрмыс салт, дiни наным-сенiмдерге байланысты пайда болып, әр халықтың рухани байлығына айналған және рухани өмiрiн суреттейдi.

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң қалыптасуын салыстыра қарастырып, осы деректердi жан-жақты сипаттау екi тiлдiң фразеологиялық қорының даму белгiлерiн ажыратуға мүмкiндiк бердi.

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң салғастырмалы құрылымдық анализi қос тiлдiң типологиялық ерекшелiктерiн, грамматикалық жүйедегi ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. (А.Л.Зеленецкий, П.Ф.Монахов. Сравнительная типология немецкого и русского языков. М., Просвещение. 1983, 240-б.)

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрылымына байланысты төмендегiдей топтарын анықтадық:

- екi сыңарлы фразеологизмдер;

- үш сыңарлы фразеологизмдер;

- төрт және одан да көп сыңарлы фразеологизмдер.

Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдер құрамындағы басқа сөз таптарымен тiркесе отырып, олармен морфологиялық және синтаксистiк байланыстарға түсiп, белгiлi қалыптар (модельдер) құрайды.

Қос тiлдердегi фразеологизмдердiң құрылымдық жағынан бiр-бiрiне сәйкес келмеушiлiгi, ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрамындағы сыңарларының орын тәртiбiнiң бiрдей болып келмеуiмен, яғни қос тiлдердiң туыс емес тiлдер екендiгiмен сипатталады.

2.3. Қазақ тілі фразеологизмдерінің қолдану ерекшеліктері.

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі-бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Тілдің құрылым жүйесінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бірақ фразеологиялық бірлікті танып-білуде зерттеушілер арасында бірауызды пікір жоқ. Сондықтан да мағынаға ие тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер түрлі сөздіктерде әрқилы беріліп жүр. Зерттеуде я болмаса лексикографиялық еңбектерде тұрақты сөздердің белгілі бір типтері фразеологиялық бірлікке жатқызылса, қайсы бірі мүлде басқа құбылыс деп танылады. Дегенмен зерттеушілер фразеологизмдердің ерекшеліктерін ұсынады. Олар мыналар: фразеологиялық единицаның мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы. «І.К.Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 590-б.»

Мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тықсырды, састырды), инемен құдық қазғандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш етектен (көп, мол), аттың жалы, түйенің қомында (асығыста,қарбаласта), дегендердің бәрі де құрылым-құрылыс жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланыста тұрады. Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жиі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алматыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек , мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимы аспан сөзімен ауыстырсақ (Мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастығы онша бұзылмағанымен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерді деген етістікі көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп түрлендіріп, өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бармағын тістеді деудің орнына саусағын тістеді десек, фразеологиялық мағынасынан ажырап, басқаша мән алады. Сондай-ақ, санын соқты деген тұрақты тіркестің құрамындағы сан деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданылмайды. Қолданыла қалған күнде тұрақтыдан еркін тіркесе ауысады.

Осы негізгі белгілеріне сүйене отырып, фразеологизмге мынадай анықтама беруге болады: құрылысы тұрақты әрі тиянақты, сыңарлары біртұтас мағынаны білдіретін және дара тұлғаланатын, сондай-ақ тұтас күйінде өзге де сөздермен тіркеске түсе алатын, форма жағынан синтаксистік единица (сөз тіркесі, сөйлем), мазмұн жағынан лексикалық единица (сөз) түріндегі тілдің мағыналық бірлігін фразеологизм деп атаймыз.

Фразеологизмдерге тән тағы бір қасиет жоғарыда айтылғандай, дайын күйде қолданылатындығы (тиянақтылығы). Бұл жағынан да фразеологизмдердің қасиеті жеке сөздерге ұқсас. Өйткені тіл қолданысымызда жеке сөздер «дайын» күйде ұшырасады. Мысалы, егіншілік, өнеркәсіп сөздердің сөйлеуші сөйлеу актісінде е-гін-ші-лік, өнер-кәсіп деп «жаңадан» құрастырып жатпайды. Фразеологиялық бірліктер де осы тәрізді. Мысалы, қарын шашы алынбаған «әлі жас; қиындық көрмеген» деген фразеологизм сөйлеу актісінде жасалмайды. Тілдегі де ыңғайлы күйінде сөз материалына айналады.

Сонымен, тілдің фразеология саласы - өте күрделі құбылыс. Сондықтан ол әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы, лексикалық құрамы, лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қолданылу тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық реңктері, диахрония тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т.б. мәселелер өз алдына жеке-жеке зерттеу объектілері болатындығы даусыз.

Қорыта айтқанда, фразеологизмдердің ерекшеліктері дегеніміз-үнемі мағыналық тұтастықта, тіркестік тиянақтылықта болып келетін, адамның көңіл-күй, ішкі сезім дүниесінің терең қатпарларына қозғау сала аларлықтай әсерлі, этнос бітімін, ұлт болмысын «образдар галлереясы» іспетті бейнелейтін, сөзбен өрілетін ойды әуезділікпен әдіптей көмкеріп, оған аса бір көркемдік, нақтылық, ықшамдылық дарытатын тұрақты тіркестерінің төлтума қасиеттері деген сөз.
Қорытынды

Сонымен, фразеологизмдер-біздің ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі осынау өмірге де өз дәрежесін сақтап жеткен тіл- өнеріміздегі аса баға жетпес қазынамыз. Ол болашақ өмірде де, биік деңгейін жоғалтпас деп білеміз.

Әлемдегі әр түрлі тілдер тіршіліктің әрқилы саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән бейнелік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық суреттеме қасиетімен көзге түсетін фразеологизмдерге бай.

Бүгінгі таңда тіларалық қатынастың ұлғаюына байланысты қазақ тіл білімінде тілдер деректерін салыстыра зерттеу барысында салыстырмалы типологиялық әдісті қолдану генетикалық алыс тілдерді бір-бірімен салыстыру аса маңызға ие болады.

Біз ізденісімізде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді зерттеген ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен екі тілдегі фразеологиялық лексикография, лексикология материалдарын негізге ала отырып, «баспасөз беттеріндегі фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық сипатын» ашуға тырыстық. Екі тілдегі фразеологизмдерді салыстыруда олардың мағыналы және құрылымдық жағын, ерекшеліктерін ағылшын және қазақ тілі деректері бойынша қарастырдық.

Әр түрлі тілдер фразеологизмдерінің қалыптасуына ықпал тигізетін, тіл тілден енген фразеологизмдерінің пайда болуына әсер етуші факторлары тіларалық фразеологизмдердің сәйкестіктері арқылы анықтадық.

Әр түрлі системадағы тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді салыстыру салғастырылып отырған тілдердегі фразеологизмдердің мағынасының, мазмұнының толық не жартылай сәйкес келуін анықтау болып табылады.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп өрбіп, сол халықтың дүниетанымын, ой парасатын, ұлттық сезімін, ұлттық мінезін, ұлттық салт дәстүрін суреттейді.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерінің қалыптасуын төмендегідей қарастырдық:

  • Ағылшын және қазақ фразеологизмдерінің семантикалық жолмен жасалып қалыптасуы;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер діни таныммен байланысты болып қалыптасады;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің халықтың аспан денелеріне табынуынан, культтік мифологиялық дүниетанымының әсерінен пайда болып қалыптасуы;

  • Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің әр түрлі құбылыстардың адам ойында қорытылған образды бейнесі негізінде пайда болып тілдің фразеологиялық қорынан аударма арқылы жасалып, қалыптасуы;

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің терминологиялық және профессионалды лексика арқылы пайда болып қалыптасуы:

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ескі әдет- ғұрып, салт-санамен байланысты туып, қалыптасуы;

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің журналисттердің қаламынан туып, қалыптасуы;

Нәтижесінде ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ағылшын және қазақ ұлтының тарихи, рухани және материалдық мәдени дәстүрі себеп болған.

Екі тілдегі фразеологизмдердің қалыптасуын қос тілдегі жинастырылған материалдардан берілген мысалдардан және ғалым зерттеушілердің тұжырымдары негізінде жан-жақты қарастырып, талдау арқылы анализ жасадық.
Қолданылған әдебиеттер

  1. В.Виноградов. об основных типах фразеологических единиц в

русском языке. М., 1972

  1. Г.И.Исина «Фразеологические сравнения в современном английском языке » А. 2000ж, 124б.

  2. В.Г.Костомаров «Русский язык на газетной полосе» М., 1972, 268б.

  3. В.В.Федоров «Формирование и развитие фразеологического фонда передовой газетной статьей» Новгород. 1998. автореферат.

  4. Т.Ж.Мықтыбаева «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы» А. 2005. 10.02.20. автораферат.

  5. Н.Уәлиұлы «Фразеология және тілдік норма» А. 1998ж.

  6. Х.Бекхожин «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» А., 1981ж.

  7. Б.Белғара «Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі» Астана 2001. 160б.

  8. М.М.Копыленко «Типология казахских эквивалентов фразеосочетаниям русского языка» А., 1986ж.

  9. И.В.Арнольд «Лексикология современного английского языка» М.,1959.

  10. А.В.Кунин «Фразеология современного английского языка» М., 1972. 288б.

  11. Р.А.Авакова «Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы» Док.авторефеоат А.,2003. 5б.

  12. Ж.Ә.Абдрахманова «Бұқаралық ақпарат құралындағы фразеологизмдердің окказноналдық сипаты» (КазҰУ хабаршысы, филология сериясы 2005ж. №5. 3-6б.)

  13. С.К.Сәтенова «Әртиптес тілдердегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары» (Қазақ тілі, фонетика, лексика, грамматика) А., 1999ж. 159-164бб.

  14. А.Жылқыбаева «Кәсіби фразеологизмдердің сипаты» (Ізденіс 2001-№4-5. 10-12бб.)

  15. «Фразеология и газетная речь» (Русская речь -1993. №3. 44-49бб.)

  16. М.Р.Сабитова «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерді аударудың кейбір тәсілдері» (ҚазҰУ хабаршысы филология сериясы 2005 №5 26-27бб.)

  17. І.К. Кеңесбаев «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» Ғылым-1977.

  18. А.В.Кунин «Англо-русский фразеологический словарь» М., 1967ж.

  19. А.Тажутов «Ағылшынша –қазақша сөздігі»

  20. В.Н.Телия, Х.Касарес «Введение в современную лексикографию» Мадрид (русск. перевод)1958ж.

  21. Х.Қожахметова «Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы» А.,1972ж. 110б.

  22. A.P.Cowie «Phraseology. Their analysis and application»

  23. В.Платонова «English idioms»

  24. Р.Т.Қожабекова «Баспасөз беттеріндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекеліктері» А.,2002ж. (автореферат)

  25. Р.Р.Тұяқбаева «Қазақ баспасөзінің лексикасы мен фразеологиясы» Астана 2005ж. (автореферат)

  26. «The Moscow news»

  27. «The Time news»

  28. «The Almaty Herald»

  29. «The Kazakhstan Monitor»

  30. «The English – Russian World»

  31. «Ақиқат»

  32. «Жас Алаш»

  33. «Ақиқат»

  34. «Дат

Саяси арена

Билік баспалдағы

Тонның ішкі бауындай

Саясаттың сойылын соғу

Қадалған жерден қан алу

Болары болып, бояуы сіңу

Ат тонын ала қашу

Тегершігі теріс айналу

Абыройы айрандай төгілу

Биліктің тізгінін ұстау

Ноқталы сот

Қаны сорғалау

Қан жұтып отыру

Өгізаяндатып келу

Айнала аттап басатын жер болмау

Қара күйе жағу

Құрдай жорғалау

Билік карьерасы

Саясат сахнасы

Судың бетіне шығып тұрған ақиқат

Көлеңкеде жүру

Бел шеше кірісу

Айдай анық

Жұқа мұздың үстінде болу

Қармаққа іліну

Ағынан жарылу

Жұмса жұдырығында, ашса алақанында болу

Оқ жұлдыздай жарқ ету

Атса оғы, шапса қылышы болу

Бас жарылса, бөрік ішінде

Зілді бұйрық

Жын ойнағандай қылу

Жығылсаң, нардан жығыл

Жүзі жанбай отырып қалу

Жүз таса қылды

Жүгенсіз кету

Жұлдызы жану

Жұлынға тиіу

Желке жүнін үрпиту

Жел жағынан жүргізбеу

Жегенін желкесінен шығару

Жел айдаған қаңбақтай

Дос егіз, дұшпан сегіз

Иманындай сақтау

Насырға шабу

Наны таусылу

Найза ұшында отыру

Ойда жоқ жерден

Омырауы жасқа малыну

Отқа қарап, суға жүгінді

Отын оттап, суын сулады

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

Параны көздеу

Пейілінен болу

Сабақтың жібі қалмау

Сабырлы мойымау

Сағымдай құбылу

Сау басына сақинау тілеу

Тұзаққа түсу

Тіс жармау

Көлеңкеде болу

Үлде мен бүлдеге бөлену

Үлкен есеппен жасау

Үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгірту

Үш ұйықтаса ойда болмау

Үш қайнаса сорпасы қосылмау

Шарасынан асу

Іш тарлық жасау

Ішкені алдында, ішпегені артында

Істеген ісі далаға кету

Ілгері басқан аяғы кейін кету

Ізін аңду

Ыңғайына көну

Шеп алып, шекпен киді

Шашбауын көтеру

Шарадай басы шақшақтай болу

Түбіне жету

Сілікпесін шығару

Сыңар құртты бөліп жету

Құтырған қасқыр тигендей болу

Домалақ арыз

Байлаулы бұзаудай

Барар жерің-балқан тау

Балта шабу

Бай бастас, байыр қандас, би құлақтас

Әділетке өлдеу

Әкеңнің ала моншағын алып па едім

Әр азғанға бір зауал
Work like a horse, work one’s fingers to the bone

Stop smb’s mouth with fine phrases

Drip smb. like a vice

Give smb the cold shivers

Fight for one’s own hand

Dance on a volcano

Dance to smb’s tune

Be an eyesore to smb

Be afraid of breath

Be short of hands

Not to have a ghost of a chance

Lose one’s life

Know one’s place

Hold one’s head high

Do out of one’s way

Wash one’s hands of smb

Keep a secret

Have seen much sorrow

Eat smb out of house and home

Drive force put smb to the wall

Be caught in smb’s meshes

Bite one’s lip

Cut smb at the root

Beat one’s head against a stone

Hand down one’s head

Go through the mill

Talk nonsense

Sleep the sleep that knows no breaking

Fly to the winds

At the pistol’s point

Chance one’s arm

Make smb’s blood run cold

Make smb’s blood boil

Not harm a fly

Run it into the ground

A silver lining

Sink one’s differences

Sink like a stone

Strain every nerve

Tell the truth and shame the devil

An unwritten law

Uppermost in one’s mind

Waste one’s breath

Wash one’s dirty linen in public

Like an angel

Like all get-out

Like a ship without a rudder

Draw fire from smb

Draw a blank

A hot potato

Catch smb napping

A caretaker government

The corridors of power

Go too far

Go to the bad

Go up the spout

Go to the wall

Go to the orbit

Fling one’s cap over the mill

Fly off the handle

Escape with a whole skin

Eat one’s heart out

Eat smb out of house and home

One’s opposite number

Open smb’s eyes to smth.

On the rocks

On the ropes

Overshoot the mark

The oval office

Myrmidon of the law

The murder is out

Mover and shaker

Pull out all the stops

Pull the wool over smb’s eyes

Push up the daisies

A bloody nose

Blow smth. sky-high

Blow the lid off smb.

Birds of a feather

Between two fires

Be n deep water

Knock smb off his feet

Knock smb all of a heap

Keep quiet about smth.

Keep out of the way

In the thick of smth.

In the clear

1. Реферат на тему Нация национализм шовинизм и патриотизм
2. Контрольная работа Реформування ПДВ в умовах економічної кризи
3. Реферат на тему Атакующие из пучины
4. Реферат на тему Институт суда присяжных заседателей
5. Реферат Финансы акционерных обществ
6. Реферат Аналіз прибутку та його використання в сучасних умовах господарювання
7. Сочинение на тему Народ-труженик в творчестве Некрасова
8. Реферат Расчёт супергетеродинного приёмника ДВ, СВ волн
9. Контрольная работа Первичные и вторичные финансовые инструменты
10. Реферат на тему Биржи фондовый рынок реклама ярмарки как элементы рыночной инфрастр