Реферат

Реферат аза батырларыны наным-сенімдері мен этикасы

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024



ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ НАНЫМ - СЕНІМДЕРІ МЕН МОРАЛЬДЫҚ ЭТИКАСЫ
С.Г.Есенов

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Каримов М.К.

Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті.
Қазақтың этноргафиялық суреттерінде кескінделген адам (батыр) бейнесі негізінен өте қарапайым түрде, яғни бет әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірінде тік бұрыштармен; өте сирек көріністерде: кеудесі - қазақтың антропоморвты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы - қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып берілген. Бет-әлпеті өңсіз, бос болып келетін сурттердің басында конус іспетті «қаптама» булыға, күн немесе т.б. культті бейнелер болуы мүмкін. Иықтары домаланып келген трапеция пішінді кеудесі астындағы тұғырымен бірге бүтін ұлу тастардан қашалып жасалса, кейбірінің тұғырларының қапталдарына әртүрлі суреттер, көп бұрышты сынықтар немесе бейнесіз мүсндер салынады. Олардың кейбірі тік сызықтардың қосылуы арқылы «күн», «ұшқан құс», «жебе» т.б. тәрізді жеке батырлардың немесе белгілі бір рудың таңбасына айналады. Мұндай белгілі-таңбалар мүсндердің иықтарында да кездеседі. Денесінің алды-артына қылыш, айбалта, шиті мылтық, жебелі садақ пен жебелері бар қорамса сияқты қару-жарақ түрлері салынады. Ислам дінінің таралуына дейінгі салынған мүсіндердің кейбірінің су толатын ойықтар болады. Бұл исламға дейінгі бастауы бар мұслмандық - мистикалық түсінік бойынша оған толған сулы өлген адам жанының териоморвты образы - құстар ішіуі тиіс. Бұл жерде айта кететін бір жағдай, анлропоморвты бейнелердің бет-әлпетінің өңсіз, бос болуы мұслмандық бейнелеу өнерінің жалпы бағыттарымен байланысты /9;9/ Исламның гнеселогиялық нормалары бойынша «шын бет-әлпеті» қарапайым пенделердің тануы мүмкін емес деген ұғым бар.

Қолымызда бар деректерге сүйенсек ,батыр - тек соғыста ерлік көрсеткен тұлға ғана емес, ол - соғыс өнерін кәсіпке айналдырып, бүкіл өмірін соғыста өткізетін және кәсібі бүкіл әулетіне жалғасып отыратын; хандық билікпен тығыз байланыста болып ,мемлекеттік істерге араласып отыратын; өзіндік мәдениетті мен өнері, идиалогиясы мен моральдық нормалары, салт-дәстүрі, наным-сенімдері мен ырым-жоралары бар көшпелі қоғамның ерекше жігі.

Енді біз батырларға берілген осы анықтамаға қысқаша тоқталып өтейік.

Батыр-кәсіпқой әскери адам. Әскери кәсіп-батырлардың негізгі кәсібі. Сондықтан бұл қоғамдық жік өкілдері қартайғанша қаруын қолынан тастамай, бар өмірін соғыста өткізетін. Соғыста қаза болу батырлар үшін қасиетті өлім болып саналады. Оған Ақтамберді жыраудың:

Бар арманым, айтайын,

Батырларша жорықта

Өлмедім оқтан, қайтейін” /3; 68/, -

деген толғауы мен кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ауырып, төсек тартып жатқан Олжабайдың: «Қой боғындай қоғасын маған бұйрықсыз болып, жамандардай төсекте сұлап жатып, қағындыдан өлдім-ау», - деп бармағын жұлып шайнап тастағаны /1; 342/мысал бола алады.

Әскери кәсіп - батырлар үшін ата кәсіп саналып, көп жағдайда әкеден балаға мұра болған. Батлрла әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіпппен айналысып ел үшін соғысқа аттануы міндетті.

Әскери әулеттен болғандықтан батырла алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әксінің кегін алудан бастайды. Өйтекні әке кегін қумау батыр үшін өліммен бірдей. Бұл жерде айта кететін бір жәйт: бір-бірінің намысын қадірлей білетін батырлар: «...Мен өлсем арманым жоқ, артымда үш ұл, бір қызым бар. Сен өлсең артаңда дәнеңең жөқ, тұяқсыз ұалсың, елге барда әйел ал, бала көр, ...артыңда кек алатын тұяқ қалсын», - деген үзіндіден /4; 183/ көріп отырғанымыздай, айқастағы қасыласының атында кегін қуар мұрагері болуын қатты ескеріп отырған.

Батырлар хандық билікпен де тығыз байланысты, яғни хан жанындағы әскерикеңес мүшелері, түрлі дауазым иелері болғандықтан елдің ішкі және сырқы саясатына араласып, мемлекетаралық қатынастарға қатынасып, әртүәлі қызметтерді атқарған.

Мысалы елшілік қызметтегі қызметтегі батырлар өз дегеніне кез-келген әдіспен жетіп отырған. Бірде олар қарсыласын өздерінің күші туралы өтірік ақпаратпен қорқытса, енді бірде оқыс қимылдап, айқайлап, өздерін қатыгез ретінде көрсетіп жауларының беделін көрсетуге тырысқан /6; 60/.

Жыраулар өнері батырлар идеологиясымен тікелей байланысты. өйтекні, жыаулар - батырлар жігінің өкілдері, яғни олардың барлығы баырлар әулетінен шыққан және кезінде батыр болған адамдар. Оған қолбасы болған қазту,ан жырауды, Есімханның әскер басы Жиенбет жырауды, Темір бидің батыры Шалкиізді, жорыққа қатысқан батыр - Допанбетті мысалға келтіруге болады /2; 27, 51, 30/.

Аңшылық батырлардың негізгі кәсібі болмаса да кейбір жағдайларда олар аңшылықпен айналысқан. Атап айтсақ л жағдайлар:

- жұтан малдары қырылған от-басы мен ауылдарын асырау үшін;

- мал-жандарына зиян келтірген жырқыш аңдарды құрту үшін;

- тыныштық, бейбіт жылдары әскери дайындығын жлғалтпау және оны одан әрі жетілдіру үшін т.б..

Қазақ батырларының ұстанған діни-нанымдарының мән-мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері де болған. Қандай да бір үлкен істі батасыз бастамайтын халқымыз сияқты, батырларымызда батырлар жолына түсерде, алғашқы жорықтарына аттанарда әулие ақсақалдардан, атақты батырлардан, не әке-шешелерінен бата алып шықса, ал жоықта, айқаста, жол жүргенде сыйынатын, қолдайтын пірлері, әулиелері болған.

Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманннан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар.

Солардың ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Тұран батырларының пірі - атақты мифологиялық батырлар - Рүстем мен Дастан болса, ал екіншісі - Баба Түкті Шашты Азиз. «Утемиш - хаджи Чингиз-наме» кітабында ол (Баба Туклас) Өзбек хан кезінде қазақтың ру-тайпаларын ислам дініне нгізген төрт әулиенің бірі болса /11; 106, 156/, қазақ-ноғай батырлық жырларында Баба Түкті Шашты Әзиз әулие болып, мешіт ұстаған тақуа адам ретінде айтылады /8; 46/.

Көшпелі халықтардың батырлары пір тұтып, сыйынатын исламға дейінгі көне рухтадың бірі - Ғайып ерен, қырық шілтен.

Көне наным бойынша Ғайып ерен, қырық шілтен көзге көрінбейтін, шілтен деп аталатын қырық нөкері бар адамдарға көмектесіп жүретін рух.

Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйнған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған - Ғали (Әли, Хазірет Әлі).

Жорықта, жолда жүргендіктен батырлар Қыдыр (Қызыр) атаны да пір тұтқан. Қызыр баба Шығста ислам дініне әулие саналып, кейін мұсылман әулиелерінің қатарына енген.

Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша әр батырдың айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін аруақтары болған. Аруақ - адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие - аруақтың өасиеті, басқаларға тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы /5;350/.

Батырлардың киесі жайшылықта көзге көрінбейді. Ол тек айқаста, соғыста ғана көрініп, жауды жеңуге көмектеседі. Батырдың киесінің болуы оның күштілігінің белгісі. Оған ата бабаларының аруғы - жолбарыс болып қонған Бәйтікұлы Тоғанас батыр туралы аңызды мысалға келтіруге болады.

Қазақ халқының аруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының түп-тамыры өте көне замандарда жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды әр ру-тайпалар өздерін белгілі бір аңнан, құстан жаралғанбыз деп түсіп, өзінің тегі саналатын хайуанатқа табынған. Алғашқы қауым заманындағы адамдардың бұл көне діни нанымын, «тотемизм» деп, ал, ру-тайпалардың тегі саналған хайуанаттарды «тотем» деп атайды /10; 51-82/. Көне түркілердің өздерін көк бөрінің ұрпағымыз деуі және т.б. мысалдар осы көне тотемдік нанымдардың дәлелі.

Кез-келген халықтың әскерилерінікі сияқты қазақ батырларының да қалаптасқан жауынгерлік этикасы мен моральдық нормалары болған және оны олар қатаң түрде ұстаған. Атап айтар болсақ:

- үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталады; жекпе-жекке қатысу батырлардың басты міндеттерінің бірі; жауынгерлердің шын мәнісінде батыр атануы осы жекпе-жек айқастарда жеңіске жетуден басталады; сол жекпе-жек алдында батырлар бір- бірінің аты-жөнін сұрап, өздерін таныстыруға тиісті; таныстыруда бабасы мен әкесінің аттарын, жасаған ерліктерін айтатын, сондай-ақ қарсыласына психологиялық шабуыл жасап, жауының мысын басатын:

- ертегілерде, батырлар жырларында жиі кездесетін «атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе?» - деген сөз тіркесі бар. Бұдан біз батырдың жекпе

- жек айқаста қарсыласттарына қару таңдауға мүмкішілік бергенін, бес қаруды түгел меңгергендігін және өзіне сенімді екендігін көркміз;

- жекпе-жекте көшпелі халықтардың батырлары жасы үлкен, жолы үлкен адамдарға беретін болған;

- ұйықтап жатқан, сондай-ақ қарусыз адамдарды өлтірмеген;

- батырлар жорыққа шыққанда жауды қапыда шаппаған. Керісінше оған хабар беріп, айқасқа дайындалуға мұрсат беріп, кездесетін жерін, уақытын белгіліеген. Бұдан біз батырлардың өкінішеке қалмай, өз намысын қарумен қорғауға алғандығын және бір-бірінің қадір-қасиетін, ар-намысын қадірлей білгеніндігін көреміз.

Пайдаланылған әдебиеттр:

  1. Абылай хан. Тарихи жырлар. Алматы,

  2. Ай заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды). Алматы, 1991. 1 т.

  3. Ақтамберді жырау // Ай заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды). Алматы, 1991, 1 т.

  4. Жалғыз жігіт ұрпақтары // Ертегілер. Алматы, 4 т.

  5. Қазақ тілінің түсндірме сөздігі. Алматы, 1985. 1 т.

  6. Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М., 1984.

  7. Мустафина Р.М. Представлание, кльты обряды у казахов. Алматы, 1992.

  8. Парапария // Батырлар жыры. Алматы, 1980. 5 т.

  9. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. Алматы, 2005.

  10. Токарев С.А. Ранние формы релегии. М., 1990.

  11. Утемиш-хаджи. Чигиз-наме. Алма-Ата, 1992.



Тіркелу үлгісі

  1. Тегі, аты, әкеснің аты: Есенов Сырым Гадилбекович.

  2. Ғылыми дәрежесі: ІҮ– курс студенті.

  3. Мекеме: М.О.Әуезов атындағы Семей университеті.

  4. Мекен жайы: Инд. 480050, ҚР, Семей қ., Абай к сі - 107.

  5. Байланыс телефоны: (8 32 22) 34 53 80, 8 777 297 64 86.

  6. Факс:(8 3222) 56-88-40

  7. E – mail: [email protected]

  8. Баяндама тақырыбы: «Қазақ батырларының наным - сенімдарі мен моральдық этикасы»

  9. Секция: «Этномәдениеттану»

  10. Арнайы техникалық жабдықтар: «Видеопроектор»

  11. Брондалған номер: ( иә/жоқ )

1. Реферат Конфликты на предприятии
2. Реферат на тему Iliad By Homer Essay Research Paper The
3. Реферат Савиньи, Фридрих Карл фон
4. Реферат на тему The Politics Essay Research Paper In the
5. Реферат на тему French RevolutionDeath Of Marat Painting Analysis Representations
6. Контрольная работа на тему Структура таможенных органов в России
7. Реферат на тему Migrations Of North American Birds Essay Research
8. Курсовая Туристско-рекреационный потенциал и особенности развития туризма Германии
9. Реферат Исполнение бюджетного процесса
10. Курсовая PR деятельность в гостиничном бизнесе