Реферат

Реферат Нары м ні, пайда болуы, ызметі 4

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 22.11.2024





ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................................

1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.....................................

1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі......................................

1.3  Шағын  бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі................................
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.....................................................................................

2.1 Қазақстан Республикасындағы  кіші бизнес  және оны қаржыландырудың  заңдылық негіздерін талдау..................................................................................

2.2 Шағын  бизнесті  несиелендірудің     қалыптасқан     механизмін талдау.........................................................................................................................
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ.....................

3.1 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар....................................

3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.....

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................
КІРІСПЕ

           Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.

           Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын  дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.

           Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.

            Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.

             Міндеттері:                                                                                             

-         шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;

-         оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;

-         шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;

-         Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;

-         шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;

-         қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;

-         шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.           

         Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.

           Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру  бағыттарын топтастыру.

            Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.

          Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.

             
І ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1  Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы

                   Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің  50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің  80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының   3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.

           Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.

          Бизнеске қатысына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.

          Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық  пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

         Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

          Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында»  кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.

         А.Маршал бойынша оның негізілігі шығамашылық процесс функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал,И.Шумпетердің айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің «адамдық» факторы болып табылады. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.

              Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

        Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар  шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді.

1.2  Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі

Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен жиынтық шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады.

         Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең  өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының  жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

         Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың  барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін 

            Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады.  Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі;  вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық  кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.

        Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.

       Халықтық Жинақ Банкі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді.   Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін  орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады. Несиелендіру мерзімі 6-15 айға дейін беріледі.

       Ал Тұран Әлем Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде  қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 %  шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде.

      Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді.  Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді:

1. micro (10000 АҚШ долларына дейін)  12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі;

2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі;

3. small  (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі.

     Осы бағдарлама бойынша, сондай-ақ «Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран Әлем банкі» АҚ, «Центркредит банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның Халық банкі», «Цесна банкі» және  «Темір банкі» де жүргізеді.

     Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.

1.3  Шағын  бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі

Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің  жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

          АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру  шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады.  Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.

          Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы - несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70%  дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған.

        Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:

- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);

- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);

-  мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен  500 млрд. иен несие береді.

          Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр.

         АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

         АҚШ-та шағын бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға:

   - шағын бизнес әкімшілігі - ведомостволар, шағын және орта                    кәсіпорындардың проблемаларын шешу;

           -    шағын бизнес ісі бойынша конгресс комитеті.

           Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша  техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық  компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық  компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:

- шағын кәсіпорындарға шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту;

-    несиелер бойынша  кепілдер;

-  арнайы бағдарламаларды қаржыландыру  (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту);

-  шағын бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі.

        Осындай мақсатпен шағын және кішігірім бизнесті дамыту реттеліп отырады.

         Жапониядағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

         Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді.  Әлемдік     әйгілі     экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында  шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, кішігірім кәсіпорындарды  басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады. Елде шағын бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар:

       -   орталық үкімет;

-         жергілікті билік органдары;

-         ірі бизнес;

-         кішігірім кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.

    Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі жүйелері қолданылады:  несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде  ұсынылады, соның ішінде:

-         өндірістің техникалық деңгейінің көтерілуі  (жергілікті және орталық билік органдарына жүктеледі);

-         өнеркәсіптегі өндірістік технологияларды жаңарту (орталық үкіметке жүктеледі);

-         мемлекеттік зерттеу институттарымен бірігіп жаңа ғылыми техника және технологияны жетілдіру (жергілікті билік органдарымен қаржыланады).

        Жеңілдіктер пайызындағы займдар келесі жобаларды ұсынады:

-         жаңа өнім түрлерін және жаңа технологияларды өңдеу (жергілікті билік органдары);

-         жаңа өндіріс түрлерін өңдеу (орталық үкімет);

-         аймақтар экономикасын дамытуда шағын кәсіпорындар құру (орталық үкімет);

-         кішігірім бизнес кәсіпорындар арасында өндірістік және техникалық корпорация құру (орталық үкімет).

         Шағын бизнесті қаржылық қолдау жүйесінің негізгі элементі болып займдар мен несиелер, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға арналған техникалық жаңартулар табылады.

            Сонымен, қазіргі кездегі шағын бизнесті жүргізу еліміздің экономикасына үлкен әсерін тигізетін көптен - көп факторлардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр.  Осыған байланысты еліміздегі шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны да өсіп келеді деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлік - бұл  кәсіпкер тұлғаның өз бағытын әске асырудағы жетістіктерге жету шараларының орындалуы болып табылады.  Сондай-ақ, шағын бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі - бұл екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды несиелендіруі, кәсіпорындардың әр түрлі мерзімдегі инвестицияларды тартуы  болып табылады. Осындай қаржыландыру көздерін тарта отырып, кәсіпкерлік бағытты іске асырудағы ірі жетістіктерге жету көзделіп отыр.
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
2.1   Қазақстан Республикасындағы  кіші бизнес  және оны қаржыландырудың  заңдылық негіздерін талдау

 Қазіргі кездегі шағын бизнестің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын бизнестің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады.

             Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі - бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.

       Шағын бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, шағын бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар.

     Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.

      Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.

      Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:

       - халық тауарларын өндірудІ дамыту, импорт, құрылыс           материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;

      -     қызмет сферасын дамыту:

      -     аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

          Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын бизнес жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2003 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2004 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі  (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2003 жылдың екінші тоқсанында  7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2004 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті.

            Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар.  Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін:

1)   мемлекеттік  тіркеу сәтінен  бастап үш жыл ішінде жылжымайтын   мүлік   құқығын    тіркеу   үшін   ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін  ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады;

2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;         

3)  мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;

4) жеке   кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;

5) салық заңдарына  сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;

6)   шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін  тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады;

7)   тиісті  жылға    аралған     мемлекеттік бюджетте шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;

8)  шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

          Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық  пошымдарына бірігуінде болады.

                    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси  және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады.
2.2  Шағын  бизнесті  несиелендірудің     қалыптасқан     механизмін

талдау

 Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі  (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын   қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

           Сондай-ақ, шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты шағын бизнесті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді.

1-кесте   Шағын бизнес кәсіпорындарының саны
2004 жылдың 1 қазанына



тіркелгені

жұмыс істеп тұрғандары


  бірлік

қорытын

дысына

 % - бен


барлығы

олардан белсенділері



бірлік

қорытын

дысына    % - бен



бірлік

Қорытындысына      % - бен

Қазақстан Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

140921
4579

5532

6083

3588

9276

4136

2981

8963

5457

2699

3830

6839

3247

12900

11458

49553

100,0
3,2

3,8

4,3

2,5

6,6

2,9

2,1

6,4

3,9

1,9

2,7

4,9

2,3

9,2

8,1

35,2



99993
3337

4218

4451

3148

6650

2904

2555

6430

4252

2265

3149

5262

2669

8658

9428

30617

     3,3
100,0

4,2

4,5

3,1

6,7

2,9

2,6

6,4

4,3

2,3

3,1

5,3

2,7

8,7

9,4

30,5

49635
2447

1890

3226

1331

3663

1116

1377

3002

2218

1424

1387

2675

1402

3898

4476

14103

100,0
4,9

3,8

6,5

2,7

7,4

2,2

2,8

6,0

4,5

2,9

2,8

6,4

2,8

7,9

9,0

28,4



         Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіші болып табылады. Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының  өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген.
2-кесте    Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындары мен шаруа      қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны

2004 жылдың 1 сәуіріне

    

шағын бизнес кәсіпорындары

1000 тұрғынға шаққанда

шаруа қожалықтары,ауылдық жердің 1000 тұрғынына

жұмыс істеп тұрғандары

олардан белсенділері

тіркелгені

олардан жұмыс істеп тұрғандары

Қазақстан Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағады

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы



6,3

4,7

5,8

2,7

6,5

4,4

2,8

4,1

5,0

4,5

3,6

8,6

8,6

3,7

3,7

16,5

24,0

3,2

2,6

2,4

2,0

2,9

2,5

1,2

2,2

2,3

2,4

2,2

3,7

3,7

1,9

1,4

8,0

12,1

25,6

11,2

15,4

35,6

7,6

22,3

20,5

10,9

25,3

18,7

7,3

8,6

13,5

14,2

46,6

0,0

0,0

20,7

7,0

10,8

28,8

4,6

21,2

15,8

8,1

21,0

9,9

2,9

4,1

8,8

10,9

41,0

0,0

0,0

 

     

            Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынға шаққанда 24 кәсіпорын) және Астана  (16,5 кәсіпорын) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау (8,6 кәсіпорын) және Павлодар  (6,9 кәсіпорын) облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда 46,6 шаруа қожалығы), Алматы  (35,6) және Қарағанды (25,3) облыстары көзге түседі.

          2004 жылдың 1 сәуіріне есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2003 жылдың 1 сәуіріне қарағанда 4 %-ға өсіп,  481,9 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %-дан астамы - сауда, автокөліктерді, тұрмыстық бұйымдарды  және  жеке  адамдар  пайдаланатын   заттарды   жөндеу   саласына қатысты   шағын   бизнес  кәсіпорындарында, 15,3 %-ы өнеркәсіпте, 14,9 %- ы - құрылыста болып табылады.

           Осы  көрсеткіштерді  негізге ала отырып, республиканың шағын бизнес субъектілерінің  экономикада  қандай  орын  алатынын  айқын  көруге болады. Сондай-ақ, экономиканың күннен - күнге өркендеп дамып келе жатқанын да мемлекеттің жасап отырған қызметтерінен көруге болады.

             Сонымен бірге қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті несиелендірудің жаңаша шарттары жасалып, олар бойынша көптеген мақсатты бағыттыр жүзеге асырылуда деп айтуға болады.

3-кесте     2004 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңірлерді өнім өткізуден түскен табыс бойынша бөлу

Өңірлер

Облыстар, қалалар

Жалпы табыстағы үлес салмағы,%-бен

Қазақстан Республикасы

Орталық

Батыс
Шығыс
Солтүстік
Оңтүстік
Астана қаласы

Алматы қаласы



Ақмола,Қарағанды

Ақтөбе,Атырау,Батыс Қазақстан,Маңғыстау

Алматы,Шығыс Қазақстан
Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан

Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

100,0

8,2
11,7

13,9
13,3
6,9

8,8

37,2



      

             2004 жылғы қаңтар - қыркүйекте шағын бизнес кәсіпорындарының дайын өнімін (тауардың, қызметтің) өткізуден түскен табыс 447 615,7 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде жалпы табыстағы аса қомақты үлестік салмақ Алматы қаласының (37,2 %), Шығыс   (13,9 %) және Солтүстік (13,3 %)  өңірлердің шағын бизнес кәсіпорындары еншісінде.



ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1   
Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жалдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

            Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:

-         халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

-         қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;

-         шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;

         -   шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.      

             Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси - экономикалық жүйенің бірі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

           Республикамызда шағын бизнесті дамыту барысында шағын кәсіпорындардың меншік істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту  проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады:

-         кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;

-         жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;

-         несие ресурстарын иеленудегі мерзімнің қысқалығы;

-         несиелендірудің жарналық  кезеңінің артта қалуы.   

    Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетілмеуі біріншіден, банкке құжаттар дайындау кезінде кәсіпкерлердің білім деңгейінің жетіспеушілігі; екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы  көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы  жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.

            Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан тұруы тиіс:

-         шағын кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы;

-         әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;

-         оперативті бюджеттерді дайындау;

-         басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;

-         қорытынды бюджетті дайындау. 

            Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ірі өндірістік кәсіпорындардың кіші бизнеске орын  беруімен айқындалады. Бұған себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.

            Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі - бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде орын алды.

            Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:

-         несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;

-         шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;

-         несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);

-         несиені ұсыну және қайтару шарттарының иілмелілігі.

            Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру жүйесін реттеу деңгейіне әсер ететін микронесиелік ұйымдардың негізгі үш моделін бөліп қарастырды:

-         микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;

-         микронесиені  жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;

-         мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.

             Микронесиелендіру еңбек қызметін тұрақтандыру бағытындағы қаржылық көмек болып табылады. Қазіргі таңда елімізде микронесиелендіру қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып табылатын категориялардың  бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда, облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде  қаржыландырудың ең басты қайнар көзі ретінде қолданылады.                           

         Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

          Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық.  Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.

           Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

           Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

             Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

    

3.2   
Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру

         Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін  осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.

           Қазіргі кезде бұл касіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық - несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.

            Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

     Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері асын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

     Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары:

-         шағын бизнес мәселелері бойынша заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру;

-         шағын бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу;

-         әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» негізу;

-         әкімшілік кедергілерді азайту және бюрократиясыздандыру;

-         кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

             Бағдарламаның міндеттері:

-         мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының жаңа идеологиясын құру;

-         кластерлік - желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету;

-         шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;

-         шағын кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту.

            Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

             Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.

            Шағын бизнестің басты проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие тек қана  кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың  керекті несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек.

             Шағын кәсіпорындар  кадрларды даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

              Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.

          Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

        Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.

        Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

         Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

         Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

                   Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

             Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.

ҚОРТЫНДЫ.

Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

 Сонымен кәсіпорындардың  3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.



1. Реферат Типы Галактик. Наша Галактика - Млечный Путь
2. Реферат на тему Aliens My Theory
3. Реферат Руссо о происхождения языков
4. Курсовая Понятие и виды ответственности за правонарушение в сфере налогообложения
5. Реферат Система автоматизированного управления основные проблемы и задачи
6. Реферат на тему Richard III Essay Research Paper What Richard
7. Реферат на тему Coincidence Essay Research Paper The sizzling streams
8. Диплом Этапы печати и подготовки рекламных буклетов
9. Кодекс и Законы Правовые основы предпринимательской деятельности 2
10. Реферат Социальное страхование 8