Реферат

Реферат аза станны майдан арсеналына айналуы

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024





Жоспар:
І   Кіріспе………………………………………………………………………...1

  

ІІ  Негізгі бөлім

1.     Отанды қорғау – қасиетті борышымыз..................................................3

2.                 Қазастан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру..........................4

3.       Қазақстанның майдан  арсеналына айналуы.........................................11

4.                 Қазақстан Мәскеу үшін шайқаста..........................................................13

5.                 Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста........................................15

     

ІІІ Қорытынды

     Қазақстан халқының материалдық жағдайы............................................20
Кіріспе

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның женісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік империализмінің екпінді күші - фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы,екінші дүние жүзілік соғыстың (1939-1945) құрамдас бөлігі.

¥лы Отан соғысында қарама-қарсы екі қоғамдық жүйе - социализм мен капитализм, олардың идеологиясы бетпе-бет кездесті. Гитлер, оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық құрылысын құртуды мақсат етті. Фашизм Совет Одағын бөлшектеп, «Осландия» (Белорусия мен Прибалтика), «Московия» ( Россия) (Москва, Тула, Ленинград, Горкий, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь) «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ»  (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Советтік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ-Орал» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. Фашистер Россияның кең-байтақ территориясын мекендейтін халықтар арасында алауыздық пен жік туғызуға тырысты. Совет мемлекетін құртып жіберу, онда отаршылық езгі орнату - Герман фашизмінің бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүргізуге бағытталған стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі еді.

АҚШ-тың агрессияшыл топтары Германияның соғыс өнеркәсібін дамытуға ат салысты, агрессиялық жоспарларын қолдап қуаттады, фашизмді совет еліне қарсы соғысқа итермеледі. Міне, осындай дүние жүзілік империализмнің сыбайластық жағдайында Советтік Россияны күйрету жоспары жасалды. Гитлерлік Германия Совет мемлекетінің тәуелсіздігіне, оның халықтарының бостандығына қатерлі қауіп төндірді. Фашистік Германияның 3700 танк, 5000 самолет, 472600 зеңбірлік және минометтермен қаруланған 5.5 миллион әскері бар, 190 дивизиядан құрылған жойқын күші 1941 ж, 22-ші маусымда таңғы сағат 4-те Совет Одағымен шабуыл жасау туралы шартты опасыздықпен бұзып, тұтқиылдан шабуыл жасады. Отанды қорғау жолындағы Ұлы Отан соғысы басталды.
1941 жылғы маусымның 22-сінде гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді.

         «Барбосса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Ресейдің кең-байтақ жер жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз,- деді Гитлер өз сыбайластарына, - алаусыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс».

         Фашистер басып алынған кеңес аумағында Остланд, Украина, Московия және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады. «Ғылыми-зерттеу институты» деген бет-пердені жамылған «Арбайтегемайншафт Туркестан» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы «Үлкен Түркістан» отары картасының жобасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді.

         Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық мақсат та, саяси мақсат та көздеген еді. «Экономикалық жағынан, - деп жазылды 1941 жылғы сәуірдің 2-сіндегі меморандумда, - бұл аймаққа ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасын құру міндеті қойылады». 

         Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдыққа түсіру – гитлершілдіктің дүние жүзіне үстемдік  орнату жолындағы жоспары, міне, осындай болатын. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі. Алайда ортақ Отанын қорғауға ұмтылған тарихи тағдыры бір көп ұлтты халық бұл зұлымдық ойлардың тас-талқанын шығарды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» ауылшаруашылық артелінің колхозшысы Рақым Қондыбаев қазақ халқының ой-сезімін мынадай сөздермен білдірді: «Фашистік құзғындар еркіндікі сүйгіш халықты құлдыққа түсіруге, жеріміщді, малымызды тартып алып, мойнымызға арқан салуға тырысады. Бұлай болмақ емес! Қазақ халқы бойындағы Амангелдінің айбынды рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашан да бар. Отан соғысында қазақтар құлдыққа түсірушілерге қарсы қасық қаны қалғанша шайқасады деп ант етеміз». Доссор кәсіпшілігінің жұмысшылары мен қызметшілері де өздерінің дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекеттің қасиетті шептерін қорғауға кез келген минутта кірісуге әзір екенін мәлімдеді. «Кеңес халқының социалистік Отан патриоттарының ерік-жігерімен фашистік басқыншылар құртылады», -делінген Ақмола облысы Вишневка ауылының еңбекшілері митингісінің қарарында.

         Еңбекшілердің Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылу туралы жаппай арыз беруі халық патриотизмінің жарқын көрінісі болды. Әскери комиссариаттар мен партия комитеттеріне Қазан төңкерісі мен азамат соғысының ардагерлері, коммунистер мен комсомолецтер, жасы мен кәсібі әр түрлі адамдар, түрлі ұлттардың өкілдері өтініш берді. «Майданға жіберетін ешкім жоқ, - деп жазды өз өтінішінде Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова,- ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем». Жалпыға бірдей міндетті әскери іске оқыту өрістетілді. Республикада екі милионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, үйретіліп, майданға аттандырылды. Құрылған бөлімдер мен құрамалар құрамы жағынан көпұлтты болды. Мәселен, қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасының құрамына 30-дан астам ұлттан шыққан жауынгерлер енді. Шайқасып жатқан армия қатарына 1196164 қазақстандық қосылды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.

         Тылда командалық кадрлар даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді: негізінен жау уақытша басып алған аудандар мен майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27 әскери оқу орны соғыс жылдары ішінде 16 мың офицер даярлап шығарды. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағаның батыры атағын алды.

         Гвардиялық миномет бөлімдеріне, партизан отрядтарына, мергендер мектептері мен  курстарына авиадесант бөлімдеріне, Қызыл тулы Балтық теңіз флотына жастар арасынан арнайы мобилизация жүргізілді. Әскери училищелерге 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді. Сол арқылы Қазақстан халықтың өз Отанын қорғауға сақадай-сай жоғары әзірлігін қамтамасыз етті.
         Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпшіліктердің, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырзалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.

         Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына, оның ішінде  220 зауыт пен фабриканы, цехтар мен артельдерді Қазақстанға да көшіріп орналастыру қайта құрудың құрамдасбөлігіне айналды.

         Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін пайдаланылды. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Қапорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды, Алматыдағы автомобиль жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытынң цехтары үшін база болды, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген кәсіпорындар негізінде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру салалары және басқалары пайда болды.

         Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет: 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басында және 1942   жылдың күзінде жүргізілді. 1941 жылы қысқа қарай Қазақстанға майданға жақын өңірлерден – УКСР-ден6 БКСР-ден Ленинград пен Мәскеуден кәсіпорындар көшіріліп орналастырылды. Ол кезде республикада УКСР-ден, Мәскеуден, Ростовтан, Таганрогтан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мейлінше көп болды. Бір Украин КСР-нің өзі ғана Қазақстанға жетпіске жуық зауыттың, фабриканың, электр стансасының, депоның, механикалық шеберхананың ажбдықтарын көшірді. Олардың ішінде мыналар: Запорожье ферроқорытпа зауыты, Қазан төңкерісінің ХХ жылдығы атындағы станок жасау зауыты, Харьков зауытының №24 ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты, Қазан төңкерісі атындағы Ворошиловград паровоз жасау зауыты, Харьков электротехника зауыты, “Транссвязь” электромеханика зауыты, Петровский атындағы мұнай жабдықтары зауыты, Подольск қорғасын табақтары мен құбыр прокаты зауыты, Подольск құю-механика зауыты, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау зауыты, Киев жылу электр орталығының, Кременчуг қалалық стансасының, Днепропетровск  ГРЭС-інің, Кривой Рог электр стансасының жабдықтары, Харьков эмаль зауыты, №7 Осоавиахим зауыты, Нежинск механика, Орехово автомобиль жөндеу зауыттары, Киев ет комбинаты. Сонымен бірге республика аумағына УКСР-ден 40-қа жуық зауыттар мен фабрикалар, аудандық өнеркәсіп комбинаттары мен артельдері, бірқатар темір жол деполары мен паровоз жөндеу шеберханаларының жабдықтары негізінде Алматы қант зауыты пайда болды.

         Отанға қауіп төнген уақытта Қазақ КСР-іне Мәскеуден және Мәскеу облысынан рентген, Урюпа ет-консерв, ликер-арақ, Дзержинсский атындағы электротехникалық, Корочар механикалық және “Реммашпуть” зауыттары, жасанды талшық зауыты Егорьевскінің “Комсомолец” станок жасау зауыты, “Парострой”, Мәскеу авиация жасау зауыты, Қызыл Армияның Бас Артиллерия басқармасының №4 Арсеналы, Артиллериялық аспаптар жасау ғылыми-зерттеу лабороториясы, электр оқшаулау зауыты, “Изомит” зауыты, №3 Александр радио зауыты, “Электроизомет”, “Красный факел ” зауыты, салицилалық препараттар зауыты, алколоид зауыты, Люберцы электр техникасы зауыты көшіріліп орналастырылды.

         Авияция өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары, Дзержинский атындағы Мәскеу электротехника зауыты, Мәскеу ашытқы зауытын, №4 Арсеналды, Артиллериялық аспаптар жасау ғылыми-зерттеу институтын қоспағанда, Мәскеу қаласы мен облысының 40-қа жуық ірі зауыттары мен фабрикалары өз тағдырын Қазақ КСР индустриясымен байланыстырған еді.

         1941-1942 жылдары Қазақ КСР-і электр стансаларының көптеген жабдықтарын алды. Олардың ішінде Ярославль, Иваново, Днепропетровск ГРЭС-терінің, Иваново жылу электр орталығының, Ярославль, Рыбинск аудандарының, “Иванэнергоның” беріліс желілері мен подстансаларының, Воронеж-Липецк желісінің, Кривой Рог электр стансасының жабдықтары бар еді. 1942 жылдың күзінде Қазақ КСР-і көшірілген кәсіпорындарының екінші легін қабылдады. Гурьев арқылы 1942 жылғы тамыз бен қыркүйек айларында ғана көшірілген әр түрлі жабдықтардың 24 мың тоннасы тасып әкелінді.

         Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар әр түрлі халық комиссариаттары мен ведомстволарға қарады. Кәсіпорындардың ең көбі – 54 зауыт пен фабрика Тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болатын. УКСР, БКСР, Молдовияның уақытша басып алуына байланысты Орта Азия республикалары мен Қазақстан қант қызылшасын, темекі өсіретін орталықтарға айналды. Бұл айймақтардың жүзім және жеміс өсіру мен ұқсату жөніндегі маңызы артты.

         Республикаға жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп орналастырылып, негізінен қалпына келтірілді. Олардың ішінде Подольск механика зауыты, Ивантеев тоқыма, Мәскеу облысындағы Реутов және Краснополянская  жіп  иіру фабрикалары, Калинин облысындағы Останковог қаласының былғары зауыты, Киев аяқ ктім фабрикасы, “Большевичка Кураины”, Володарский атындағы тігін фабрикалары болды.

         Республикаға бірқатар аяқ киім фабрикаларын қабылдады. Харьков аяқ киім фабрикасы №2 Алматы фабрикасымен бірікті. Симферополь комбинатының негізінде Қостанайда Дзержинский атындағы аяқ киім фабрикасы пайда болды. Артаманов аяқ киім фабрикасы жабдықтарының негізінде Қарағанды аяқ киім фабрикасы құрылды. “Парижская Коммунна” аяқ киім фабрикасының негізінде Қызылорда, Қарағанды фабрикаларының күш қуаты арттырылды. Киевтің №8 аяқ киім фабрикасы бірінші Семей фабрикасының негіз қалады. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе артты.

         Қазақстан 9 былғары зауытының жабдықтарын алды. Былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

         Отан қорғау қажеттері машина жасайтын, металдар өңдейтін, шағынлитрлі двигательдер, изоляциялық материалдар, радио аспаптарын, таразылар және тігін машиналарын шығаратын 20 шақты зауыттың технологиялық циклін қару-жарақ пен оқ шығаратын етіп қайта құруды қажет етті. Авиация қару-жарағын, қопарғыш машиналар, траншеялық огнеметтер, түнгі тралдар, электр торпедоларын, теңіз миналарын, танк навигациялық өнеркәсібіне арналған престер және қару-жарақтың басқа да мейлінше маңызды түрлерін шығару игерілді.

         Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе аймақтарына орналастырылды. Оларды орналастырған кезде солғыс уақытының талабы – қалпына келтіру жұмыстарының мейлінше асығыс болуы, майдан үшін өте қажетті өнімді мүмкіндігінше тезірек беру жағы ескерілді. Зауыттар мен фабрикалар жаңа жерлерде өз дербестігін сақтай отырып, жұмысын дереу өрістетті. №2 автобронетанк жөндеу базасы, рентген зауыты, Мелитополь насос зауыты, Мурмансінің құю жабдықтары зауыты, Алматы ауыр машина жасау зауыты өндірісті өрістетті.

         Сол бір 1942 жылдың қатаң қысында бүкіл тылда жағдай ауыр болды, әсіресе көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалардың еңбек ұжымдарының жағдайы өте қиын еді. Пархоменко атындағы Луганск кен-шахта жабдықтары зауыты цех бастығының орынбасары В.Усатый былай деді: “Монтаждау жұмысын қиын жағдайда жүргізуге тура келді. Аяз 40º-қа дейін жететін. Станоктарды ашық далаға құруға, сонан соң ғана қабырға тұрғызып, төбесін жабуға тура келді”.

         Республика жұмысшы табының қатарына Донбасс шахталарынан 3200 кенші мен 2000 құрылысшы, Воронеж бен Луганкіден 2000-дай машина жасаушы, Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен тоқымашылар мен тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңға жуық инженер-техник мамандар келіп қосылды.

         Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты. Кеңес патриоттары: “Бізден еліміз қанша уақыт жұмыс істеуді талап етсе, сонша уақыт жұмыс істейміз”,- деп мәлімдеді. Соғыстың үшінші күнінде Алматы ет комбинатының ұжымы майдандық вахтаға тұрды. Павлодар кеме жөндеушілері, Манкент жөндеу зауытының жұмысшылар және басқа көптеген ұжымдар демалыс күні, маусымның 29-ында бірі қалмай жұмысқа шықты. Осы күні тапқан ақшаларын олар елдің қоғаныс қорына аударды. Семей “Алтайзолото” тресі “Ретивый” кенішінің ұжымы әрбір айда бір демалыс күнінде өндірісте жұмыс істеп, тапқан қаржысын қорғасын қорына аударып отыруға бастама көтерді. Алматы кәсіпорындарының ұжымдары қорғаныс қорына ай сайын бір күндік табысын аударып отыратын болып ұйғарды. Балқаш мыс балқыту зауытының металлургия цехы құю машинасының машинисті И.Котельников патриоттық бастама көтерді. Ол елдің қорғаныс қорына артық 100 күн еңбек етуге міндеттенді. Бұл патриоттық бастаманы зауыттың бүкіл ұжымы қолдады.

         Алғашқы күндердің өзінде-ақ жеңіс қорын құрудың жоспардан тыс өнім беру, ай сайын бір-екі күндік табысын және зейнетақысының бір бөлігін аударып отыру, жексенбіліктер ұйымдастыру мен өткізу, еңбекшілердің еңбекпен жинаған қаржысын, бағалы заттарын, асыл бұйымдарын, мемлекеттік заем облигацияларын майдан қажетіне өткізу сияқты түрлері  пайда болды. Колхозшы шаруалар қорғаныс қорына мыңдаған тонна астық, ет, ма және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін тапсырды. “Біз,- деп жазды 1941 жылғы тамыздың 1-індегі “Правда” газеті,- осы жаңа патриоттық өрлеуді, Қызыл Армияға бүкілхалықтық көмекті ұйымдастыруға осындай әзір тұрушылықты мақтаныш ете аламыз”.

         Қорғаныс қорын жасау бастамасы шын мәнінде бүкілхалықтық бастама болды. “Екі-үш адам үшін жұмыс істейік! Еңбек майданының жауынгері майдандағы армияның жауынгерінен кем түспеуге тиіс”,-еңбекшілердің айбынды ұраны осындай болды. Республикада көп станокшылардың, бірнеше мамандықты қоса атқарушылардың, екі мыңдықшылардың, бірнеше мамандықты қоса атқарушылардың, үш мыңдықшылардың, рационализаторлардың саны көбейді, майдандық бригадалар мен ауысымдар ұйымдастыру жолындағы қозғалыс кеңінен өріс алды. Жарысты бүкілхалықтыық майдандық вахта деп атап, оның жаңа кезеңінің мәнін еңбекшілердің өзі анықтап берді.

         Социалистік жарыс барысында  республикада мыңдықшылар қозғалысы пайда болды. Оның бастаушысы соғысқа дейінгі кезде-ақ Кривой Рогтың бұрғылаушысы А.Семиволос пен проходкалаушы И.Янкин жасаған көп забойлы және көп қабатты озат бұрғылау әдісін республикада алғашқы болып қолданған атақты бұрғылаушы Георгий Хайдин болды.

         Ол күндерде жұмысшылар ұжымдарының жасампаздық ізденістерінің сипаты мен мәні жұмыс күшін және материалдық байлықтарды мейлінше аз жұмсай отырып, көп, жақсы, тезірек өнім беру еді.

         Соғыстың алғашқы жылы ішінде мыс кенін шығару мен қара мыс өндіру жөнінен Қазақстанның үлес салмағы едәуір артты, марганец және никель кендерін өндіру ұйымдастырылды. Жезқазған кенішінің іске қосылуына байланысты елдегі марганец кенін өндіруде шығыс аудандардың үлес салмағы 13,7%-тен 84,6%-ке дейін жетті. Соғыс кезінде елде өндірілген әрбір 100т молибденнің 60 тоннасын “Шығыс Қоңырат” кенішінің кешілері берді.

         Орасан көп мобилизациялық, эвакуациялық және халықшаруашылық тасымал ісін қамтамасыз ете отырып, теміржолшылар қауырт жұмыс істеді. Тек Түркістан – Сібір темір жолымен ғана шаруашылық жүктерін тасымалдау 1941 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 2,5 есе көбейді.

         Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базаларының біріне айналды. Ол 1942 жылы жалпы Одақта  балқытылған қорғасының 85%-ін, өндірілген көмірдің 1/8 бөлігін, молибденнің 60%-тін, бір млн. тоннаға жуық жоғары октанды мұнай берді.

         Ауыл шаруашылығын қайта құру міндеті де онша оңай болған жоқ. Қазақ КСР ауыл шаруашылығында жұмыс істей алатындар саны 1939 жылғы санақтығымен салыстырғанда 1942 жылы 600мыңдай адамға кеміп кетті.

         Семей облысының Үржар ауданындағы “Таудың қызыл қызылдары” ауылшаруашылық артелінің колхозшылары республика ауыл шаруашылығының барлық еңбеккерлерін жауды толық талқандағанға дейін осғыс вахтасына тұруға шақырды. Семей колхозшыларының патриоттық бастамасы республиканың барлық облыстарында қолдау тапты.

         Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлес салмағы артып, 1940 жылғы 48% орнына 1942 жылы 75%-ке жетті. Соғыстың алғашқы жылы ішінде МТС үшін даярланған  76мың ауыл механизаторлары арасында 855мыңнан астам әйелдер болды. Әйелдерден құрылған трактор бригадаларының Бүкілодақтық социалистік жарысына 10мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.

         1942 жылы Қазақ КСР-інің егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842мың гектарға көбейіп, жалпы КСРО бойынша артқан егіс көлемінің 30%-ін құрады. Күздік дәнді дақылдар, тары, қызылша егісі артты. “Әрбір норма, әрбір пұт астық – жауға атылған снаряд”, “Барлық күш майданға көмек беруге жұмылдырылсын!”,- тыл ұландарының ұраны міне осындай еді.

         Соғыс кезінде мал саны жөнінен РКФСР-ден кейін екінші орында болған Қазақ КСР-і КСРО-ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды. Қоғамдық мал санының сақталуында малды жыл бойы жайылымда бағу практикасын енгізу шешіші маңыз алды. Қоғамдық мал санының сақталуында малды жыл бойы жайылымда бағу практикасын енгізу шешуші маңыз алды. Алматы облысындағы Қоғалы ауданының малшылары мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық жарыстың бастаушысы болды. Бұл патриоттық қозғалысқа республиканың он мыңдаған колхозшылары қосылды.

         Колхозшы щаруалар саналылықтың, еңбектегі қаһармандықтың, азаматтық ерліктің, мемлекеттік мәні бар міндеттерді терең түсінушіліктің тамаша үлгісін танытты. Звено жетекшілері Ш.Берсиевтің, Ы.Жақаевтың, Ким Ман Самның, А.Дацкованың, Б.Сомжүрекованың, С.Оңғарбаеваның, трактор бригадирларының бригадирлері П.А.Ангелинаның, А.Х.Жеребцовтың, И.Я.Кудлайдың, комбайншылар  Р.И.Нежибовскийдің, В.П.Кривичтің еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады. Қазақстан колхозшыларының ең үздік табыстарын Кеңес ақпарат бюросы өз хабарларында атап өтіп отырады.

         “Қатал уақытта Кеңес елі мен Қызыл Армия азық-түлік жөнінен онша тапшылық көрген жоқ,-деп атап өтті 1942 жылғы мамырдың 12-сінде “Правда” газеті,- Бұған Сібір мен Қазақстан колхозшылары, партия мен кеңес ұйымдары көп еңбек сіңірді”.

         Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. Орасан көп өнеркәсіп орындарының көшірілуі және күрделі құрылыс бағдарламасының кеңейтілуі, жұмысшы табын жұмылдыру шығыстағы аудандарының экономикалық қуатын күшейтті. Алайда Кривой Рог өңірі, Донецк көмір алабы, Майкоп пен Грозный кеніштерін, Украинадағы металлургия зауыттары мен электр стансаларын қолдан шығарып алу салдарынан көмір, мұнай, металл өндірудің азаюы бүкіл әскери экономикалық одан әрі дамытылуына қатер төндірді.

1942 жылғы тамыздың  24-інде Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулы қабылдады. Кокстелетін көмір өндірілетін Кузбасс, Қарағанды шахталарының мұқтажына арналған тапсырыстарды Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойынша өнеркәсіп орындары әскери тапсырыстармен тең дәрежеде орындап отырды. КСРО Халық Комиссарлары шешімі бойынша өнеркәсіп орындары әскери тапсырыстармен тең дәрежеде орындап отырды. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі 1942 жылғы тамыздың 21-інде кеншілердің еңбегіне үдемелі кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізді. «Қарағандауголь» тресі комбинат, ал оның кен басқармалары трестер етіп қайта құрылды. Қазақ КСР облыстарының, аудандарының Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөніндегі патриоттық қозғалысы пайда болды. Колхозшылар шахтерлерге азық түлік жеткізіп, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберіп отырды. Қарағанды облысында фабрика зауыт оқуы мектептерінің желісі үш есе, ал оқушылар саны бес есе көбейді. 1943 жылдың өзінде ғана кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып, мамандандырылды. 1943 жылы забойлар желісі ұзындығы өскені соншалық, іс жүзінде жер астында екінші Қарағанды пайда болды.
БК (б) П Орталық Комитеті, Кеңес үкіметі және Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнайлы аудандарға нақты көмек көрсетті.  Ембіде «Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс қажеттеріне жұмылдыру жөніндегі комиссияның» арнаулы тотобы жұмыс істеді. Атырау мұнай өңдей зауытын, Каспий Орск мұнай құбырын салу үшін республикамызға  Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнай өнеркәсібі халық комиссариатының қуатты құрылыс ұйымын аттандырды. Ембіге Әзірбайжаннан төрт жүздей маман мен білікті жұмысшы келді. Ембінің мұнай кәсіпшіліктері мен «Актюбнефть» 1943 жылы  өздері іске қосылған уақыт аралығында өндірген мұнайының көлемінен әлдеқайда артық көлемде мұнай өндірді. Мақат–Қосшағыл темір жолы салынды, Петровский атындағы машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, «Комсомол» кәсіпшілігі іске қосылды.

1942 жылы күздің бел ортасында-ақ Баку мұнайы Каспий-Орск мұнай құбырымен тасымалдана бастады. Бір жылдың өзінде Ембі мұнайшыларына жұмысшы табының еңбектері ерлігінің құрметті белгісі – Мемлеттік Қорғаныс Комитетінің туы 12 рет тапсырылды. Құлсары кәсіпшілігінің, Атырау машина жасаушыларының ұжымдары 1943 жылдың маусымында КОБОС пен Мұнай өнеркәсібі халық комиссариатының көшпелі Қызыл Туын жеңіп алды.

1943 жылғы сәуір айында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылдады. «Казметаллургстрой» тресі ұйымдастырылды. 1942 жылғы қазан айынан Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бірінші кезегінің іске қосылатын мерзімін белгіледі. Құрылысшыларды талантты ұйымдастырушы, Горький автозауыты құрылысы басшыларының бірі М.М.Царевский басқарды 1943 жылғы ақпан айында Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарының салынып, іске қосылуына байланысты Шығыста феррохромның жаңа базасы құрылды. Балқаш өңірінің кеніштері жеңіс қаруын шығаратын қуатты ошақтардың  біріне айналды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту зауыттарын кенмен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді, Балқаш, Қарсақбай, Ертіс зауыттарында, Кенді Алтайдың түсті металлургия саласының ісі кәсіпорындарында металл балқытуды арттырудың шешуді шараларын белгіледі. 1943 жылғы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды.

Екі жүздікшілер, үш жүздікшілер, көп станокшылар қозғалысымен қатар социалистік жарыстың жаңа формалары туындады. Кәсіпорындарда қалалардың фашистік оккупанттардан азат ету кезінде ерекше көзге түскен құрамалар мен бөлімдерінің құрметіне майдандық онкүндіктер мен айлықтар өткізілді. 1943 жылдың ақпанында Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленин қаласын қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін одан әрі арттыруға міндеттеме алды. Петропавл және Ақтөбе теміржолшылары Харьковты азат еткен дивизиялардың құрметіне майданды вахтаға тұрды. Күнделікті жұмыстан тыс майдан тапсырмаларын орындау үшін қосымша еңбек ету және жекелеген жұмысшыларға ауысымдарға, бригадаларға, цехтарға арналған жинақ қорлары енгізіле бастады.

         1943 жыл республиканың ауыл шаруашылығы үшін мейлінше қиыншылықтарға толы қауырт жыл болды.  1943 жылы шаруашылық айналымына  775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді. Жоғары өнім алудың асқан шеберлері коммунистер Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Колхоз өндірісі үшін мейлінше ауыр болған 1943 жылы берсиевшілер тарыдан дүние жүзінің ауыл шаруашылығы тарихында болып көрмеген көлемде әр гектардан 201 ц өнім өсірді. «Ш.Берсиев, – деп жазды 1944 жылғы шілденің  8-інде «Социалистическое земледелие» газеті,- жасампаздықтың терең ғылыми зерттеу мен практиканың арасындағы шек жойылып кететіндей шырқау шегіне жетті».

Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлігінің қатары өсіп, соғыстың соңғы кезеңінде 1944 жылы жастардың 700-ден астам трактор бригадасы мен 3500 жастар звеносы жоғары өнім алу үшін күресті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Сырдария алқабының атақты күрішшісі Ыбырай Жақаев әр гектардан 260 пұттан күріш жинады.

Республиканың барлық кәсіпорындарында озат жұмысшылар бүкілхалықтық «Жеңіс қорына» өз үлестерін қосып жатты. К.О.Горбачев атындағы шахтаның шахтері, байырғы жұмысшы Ыбырай Нұров бұл қорға 3 мың тонна көмір аударды. «Жеңіс қорына» Қоңырат пен Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.

1944-1945 жылдары жаңа өнеркәсіп объектілері: Текелері қорғасын мырыш комбинатының алғашқы кезегі, Белоусов байыту фабрикасы, Ақмола ауылшаруашылық машиналары зауыты, Алматы вагон жасау және Атырау мұнай өңдеу металлургия зауыты өнім беретін кәсіпорындар қатарына қосылды.

Республика тасымалы үздіксіз жұмыс істеп, Қазақстан тылын майданмен және елдің өнеркәсіпті аудандарымен байланастырып отырды.  1944 жылы  20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді.

  

         Отан осғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

         Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекаралар ұшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеурініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.

         Тирамполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, 204-гаубица артиллериялық полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш.Шолтыров және басқа көптеген адамдар қаһармандық пен батылдық көретті.

         Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы маусымның 24-інде Литваның Шяуляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниенбаум алғы шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді. Дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі, Ертіс өңірінің даңқты перзенті Евгений Павлович Рычков Полтава облысының Шумейково тоғайында болған өліспей беріспейтін ұрыста ерлікпен қаза тапты. Аса үлкен тас тұғырға сынадай сөздер қашап жазылған: “Бұл алапта майдан қолбасшысы, генерал-полковник М.П.Кирпонос, Әскери Кеңес мүшесі, Украина КП(б) Орталық Комитетінің хатшысы М.А.Бурмистенко, дивизия комиссары Е.П.Рыков және майданның штаб бастығы генерал-майор В.И.Тупиков басқарған Оңтүстік-Батыс майданның 800 жауынгері 1941 жылғы қыркүйектің 20-сында неміс-фашист басқыншыларының басым күштерімен шайқасқа түсті. Даңқты жауынгерлер үш тәулік бойы күш тең болмаған ұрыс жүргізіп, Отан алдындағы қасиетті борышын ақырына дейін орындап, бәрі дерлік қаза тапты”.Қазақстандық комиссарды есте қалдыру үшін Украина астанасында өте әдемі көшелердің бірі соның есімімен аталып, ескерткіш тақта орнатылған. Жанқияалық ерлігіне ризалық білдірген жерлестері Қатонқарағай орта мектебін Е.П.Рыковтың есімімен атады.

         Біздің жерлесіміз, танк әскерлерінің генерал-майоры К.А.Семеченко фашистерге қарсы шайқастарда ерекше көзге түсті, оған КСРО Жоғарға Кеңесі Төралқасының 1941 жылғы шілденің 22-сіндегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Атыраулық мұғалімнің ұлы, Қара теңіз флотының кнтр-адмиралы Л.А.Владимирский де батылдығымен елімізге айрықша танылды.

         Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып, төтеп берді, күш жинап, жауды Мәскеу түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты. Мұнда генерал-майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Дивизия жауынгерлері жаудың танк бөлімдерінің құтырған тегеурініне қаһармандықпен тойтарыс берді. 1941 жылғы қарашаның 16-сында Дубосеково разъезі түбінде жібермеген 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының өшпес ерлігі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен: “Ресей кең-байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу”,- деген жалынды сөздерді айтты. Қазанның 26-сынан қарашаның 18-іне дейін 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауға қарсы батыл да ерлікпен шайқасты. Қарашаның 18-інде дивизия командирі, чапаев ержүрек генерал Панфилов  ерлікпен қаза болды. Жауынгерлер оның есімін қастерлеп, өздерін мақтанышпен “панфиловшылар” деп атады. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жаынгер немістің 5 танкісі мен екі взвод жжаяу әскерін жойып жіберді. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен тағыда екі танкіні жойып, жайдың қолына түскенше өзін-өзі атып қаза болы. Вихревке жанкешті ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі ен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен батальонның жауынгерлері ерекше табандылық пен қаһармандық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күштеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді. Мәскеуге кіре берісте үздіксіз ұрыс жүргізе отырып, панфиловшылар бір ай ішінде гтлерлік армияның 2-танк, 29-моторлы, 11-інші және 110 жаяу әскер дифизияларын талқандады. “Әрбір адам ерллік көрсетіп жатқанда,-деп жазды 1941 жылғы желтоқсанның 8-інде 1075-полктің бұрынғы комиссары А.Л.Мұхамедияров өзінің берген хабарында,- ең ержүректерді бөліп көрсету қиын”.

         Мәскеу түбінде шайқаста аңызға айналған Отанымыз 316-атқыштар дифизиясын 8-гвардиялық дивизия етіп қайта құрып, Қызыл Ту орденімен наградтау арқылы атап өтті. Дивизия жауынгерлерінің өтініші бойынша даңқты командирінің есімімен аталатын болды. Старая Руссадан Хлолмге дейінгі “қарлы жорықтағы батыл да шебер қимылдары үшін дифизияға Ленин ордені берілді, жауды шығыс және орталық Латвиядан қуып шығуға белсене қатысқаны үшін ол құрметті “Ригалық атағын, ал Риганы азат етуге жәрдемдескені үшін 2-дәрежелі Суворов орденін алды.

         Бородино селосында неміс бөлімінің штабынаа басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде мәңгі сақталады. Оған аза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры берілді.

         Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы ОТан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес  Одағының Батыры, белгілі жазушы Б.Момышұлы былай деп жазды: “Біз – кеңес адамдарымыз, біздің жрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере адаы...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаурымыз бар, ол- Отанға деген мүйіспеншілік”.

         Ротаның саяси жеткешісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты. Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

         Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағында қазақтың ұлттық батыры Амангелді Имановтың балысы жас коммунист, автоматшы Рамазан Амангелдиев 238-атқыштар дифизиясының жауынгері болатын, ол дивизия  қорғанысқа табандылық, шаубылда батылдық көрсеткені үшін, адам құрамының тәртібі мен ұйымшылдығы үшін 1942 жылғы мамырдың 24-інде 30-гвардиялық дивизия етіп қайта құрылды.

         “Блицкригтің” сәтсіздікке ұшырауы, гилерлік армияның деңілмейтіндігі туралы аңыздың күйреуі, Кеңес Армиясының стратегиялық бастаманы қолына алуы Ұлы Отан соғысы барысында түбегейлі бетбұрыс басталғанын көрсетті. Соғыс ұзаққа созылып, фашистік Германия үшін апатты сипат алды.
1942 жылдың жазында Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар өріс алды. 1942 жылдың күзінде ауқымы жағынан адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін Сталинград шайқасының от жалыны Батыс Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан Сталинград (қазіргі Волгоград) облысымен Каспий теңізінен Александр Гайға дейінгі (1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шакара) бес жүз шақырым бойында шектесіп жатқан еді, сондықтан да Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс қимылдарына Батыс Қазақстан стансалары мен елді мекендерінің кең көлемді аумағы тартылды. 1942 жылдың күзінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді. 1942 жылы бірінші қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. Атырау аспанында алғашқы жай ұшағы пайда болған 1942 жылғы қыркүйектің  10-ында облыстың қалалары, қоныстары, ауылдары толық қараңғылыққа оранып, барлық кәсіпорындарында, тұрғын үйлер мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөнінде тәулік бойы күзет енгізілді, жоюшы батальондар, әуе шабуылына қарсы және химиялық қорғаныс жөніндегі жергілікті арнаулы бөлімшелер ұйымдастырылды.  1942 жылғы қыркүйектің 15-інде облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын, ал содан соң қатерлі жағдай енгізді. Сталинград майданы Әскери Кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылғы қазанның 16сында Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді.

Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. 1942 жылғы қазанның 9ында бұл туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР үкіметінің Волгадағы қаһарман қаланы қорғаушы өз жерлестеріне халық атынан жолдаған үндеуінде былай деп мәлімдеді: «Жауынгер қазақ! Бұдан әрі шегінетін жер жоқ екенін, майдан шебінен кейін, қолдан шығарып алғанда Кеңес мемлекетін ерекше ауыр жағдайда қалдыратын аудандар жақын жатқанын естен шығарма. Сталинград дегеніміз Шығыстың кілті».

1942 жылғы қазанның  23інде Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін арнаулы радио хабарын ұйымдастырды. Оған Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Д.Оңдасынов, С.Маршак, С.Мұқанов, А.Стаханов және басқалар қатысты. Эфирден Қзақ КСР еңбекшілерінің  Сталинградтағы қорғап жүрген өз ұлдары мен бауырларына үндеу тастаған сөздері тағы да бар күшімен естіледі.

Алты қорғаныс шебі салына бастады. Мыңдаған коммунистер мен комсомолецтер, орасан көп мөлшерде көлік пен техника қысқы және көктемгі жағдайда доңғалақты авиацияның толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатын әскери әуежайлар (Сайхан, Орда) құрылысына жұмылдырылды. Қар басып қалуына байланысты әуежайды тазартуға Орал қаласының халқы мен көлігі тартылды. Чапаев, Ушаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салуға жер учаскелері бөлініп берілді. Ақтөбе облысының Байғанин, Ақтөбе, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.

Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 шақырым ілгері орналасты. Сталинград майданының 120дан астам бөлімінің, бөлімшелері мен қызметтерінің адам құрамы мен материалдық құнды заттары, соның ішінде  8 әуе армиясы, әскери құрылыс басқармалары, майдан тылының бөлімдері оның авиатехникалық, инженерлік, химиялық, санитарлық, азық түлік, интенданттық қоймалары және оқ дәрі, жанар жағар материалдар қоймаларын орналастыру үшін Батыс Қазақстанға жіберілді. Автобронетанк және авиация жөндеу базарлары мен шеберханалары, жекелеген жөндеу қалпына келтіру және автотасымал батальондары, темір жол бригадасының батальоны, майдандық темір жол паркі әкелінді. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авияция бөлімдерін басқа  1- танк армиясы мен  57-армияның қоймалары орналастырылды.

Орал қаласында ірі әскери оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Волга флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Батыс Қазақстанға көшіріліп орналастырылған госпитальдар саны  20-ға дейін көбейді. КОБОСтың арнаулы шешімімен Атырау мұнайшылар демалыс үйі мен Орал қымызбен емдеу орны жаралыларды орналастыруға берілді. Сталинград әскери округінен көшірілгендерді қабылдау үшін арнаулы қабылдау орындары құрылып, маршруттары бекітілді,  медициналық санитарлық қызмет көрсету және ауыз сумен, ыстық тамақпен жабдықтау жөніндегі шаралар белгіленді.

Сайхан, Шұңғай, Жәнібек стансаларына топтана ұшып шабуыл жасаған  неміс фашист авиациясы халық шаруашылығына 7 млн. сомнан асатын мөлшерде көп шығын келтірді. Едәуірадам шығыны да болды. Алайда бұл Сталинград майданы әскерлерінің бірден бір темір жол коммуникациясы  - Орал – Урбах – Астрахан темір жолы байланысын тоқтатып тастай алмады.

Қазақстан Сталинград майданына зор көмек көрсетті. Қорғаныс зауыттары, түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары толық қуатымен жұмыс істеді.  1942 жыдың күзінде бронетанк базалары майданда қираған  300 ұрыс машинасы мен  500 моторлы күрделі жөндеуден өткізіп, қатарға қосты. Ақтөбе авиация шеберханалары ай сайын  30 ұшақ және  160 авиамотор шығарып отырды. Батыс Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындары Сталинград майданының тапсырысы бойынша жылы киім тігуді, шаналар, ат әбзелдерін шығаруды жолға қойды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің көмегімен Пешной –Атырау Орск мұнай құбыры мен теңіз портын салу міндеті шешілді.

Теңіз флотының қызметкерлері мұнай өнімдерін тасуды 6 есе көбейтті. Егер бұрын Баку  мен Грозныйдың мұнай өнімдері теңіз жолымен: Баку – Красноводск, Красноводск – Ашхабад  - Ташкент  - Орал  - Сталинград арқылы тасылып келген болса, енді теңіз жолымен : Баку – Атырау, Атырау  - Қандыағаш арқылы және мұнай құбырымен Орскіге тасылды. Атырау майдан әскерлері оңтүстік тобының тылындағы коммуникациясына айналды. Ол майданда Кавказбен және Орта Азиямен жалғастырып отырды.

Қазақстандық жауынгерлер туған жердің аманаты мен өздерінің жауынгерлік антын абыроймен орындады. Сталинград операциясының шабуылдау және орғаныс шайқастарына  27,72 және  73-гвардиялық атқыштар дивизиялары,  292 және  387 атқыштар дивизиялары,  81 атты әскер дивизиясы,  74-теңіз атқыштар бригадасы,  152-атқыштар бригадасы,  129-миномет полкі және  156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Олардың бәрі Қазақстан жерінде құрылған еді.

Түндерде тыныш жата алман

Құлағым түріп хабарға

Сталинград шаһардан

Ұмтылған дұшпан Еділге...

Ержүрек батыр ұлдарым

Қадалса жаудан қан алған!

Дарытпас уын жыланның

Көремін қамал араңнан!...

Жібердім сонда баламды.

Сталинград қалаңды

Қорғас деп жүрек, жаныңдай!

Сол бір мазасыз күндерде Жамбыл осылайша жыр төгіп, өз ұлдарын жауынгерлік ерлікке қанаттандырды.

Алып ақын Жамбыл ұлы Алғадай  7-гвардиялық атты әскер дивизиясының  19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сайфуллин басқарған  73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың  120 танкісі мен  800 автомашинасын жойды. Сталинград шайқасының от жалынында  29-және Алматының  38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Олардың екеуі де бір күнде 1943 жылғы наурыздың  1-інде 72- және  73- гвардиялық дивизияларға айналды. Дивизия жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына аттап бастырмай танкілер мен өздігінен жүретін зеңбіректерді жөндейтін зауыттың толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін ол «Сталинград дивизиясы»  деген құрметті атақ алды.

Томск артиллерия училищесінің түлегі, қазақстандық  М.А.Баскаков басқарған батареяның  43 зенитшісі трактор зауытының кіре берісін қорғау кезінде өшпес ерлік жасады. Олар 1942 жылғы тамыздың 23-інде күші тең емес ұрыста фашистердің  11танкісін жайратты. Батареяның  36 зенитшісі қаза тапты, бірақ бір адым да шегінбеді. Кенді Қарағандының өкілі, ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942  жылғы желтоқсанның  19—ында Боковская Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты.

«Павлов үйі» гарнизонының ерлігі мызғымас халық достығының айғағы болды. Батырлардың осы интернационалдық тобының бір мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер Толыбай Мырзаев еді. Жауынгер Қ.Аманжолов туралы Кеңес Одағының Маршалы В.И.Чуйков былай деп жазды: «Комсомол қазақ Қасым Аманжолов өз билетін қастерлеп сақтады. Зауыт қонысының көшесінде жау оғы тиген Қасым құлап бара жатып, билетін қолынан тастамай қыса түсті. Бұл оның туы еді, ол сол туымен шайқасқа кіріп, қаза тапты». Волга бойындағы қаһарман А.А.Бельгин өшпес ерлік жасады, оларға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

116-атқыштар дивизиясы,  565-атқыштар полкі 7-ротасының жауынгерлік құрамының көпшілігі болған қазақтар көшелерде ерлікпен шайқас жүргізді. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградтың бір көшесі «Қазақ» көшесі деп аталды. 300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Жауынгерлер соңғы патроны қалғанша шайқасты, ал оқтары таусылған кезде олардың бәрі қолдарына найза алып, бір кісідей қарсы шабуылға шықты да, күш тең болмаған шайқаста қаза тапты. Олардың ішінде Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин бар еді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың он бір батырының төбесі» деп аталды.

Дон мен Волга жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник т:с:Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.

Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосып, гитлерлік Германияның және бүкіл фашистік мемлекеттер одағының сөзсіз жеңілісін жақындата түсті. Волгадағы шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.

  

          Тыл еңбеккерлері соғыс ауыртпалығын табандылықпен көтерді. Өнеркәсіпте үдемелі-кесімді ақы төлеу жүйесі енгізілді. Көмір, Мұнай өнеркәсібінде, қара және түсті металлургияда, қару-жарақ және оқ-дәрі өнеркәсібінде жалақы деңгейі жоғарылатылды.

         Соғыс жылдарында халық тұтынатын тауарлар шығару күрт азайып, сомның алу қабілеті төмендеп кетті. Отынның, электр энергиясының, көліктің және тұрғын үйдің жетіспеуі қатты аңғарылды. 1942 жылы өзіндік шаруашылықты қоса алғанда, барлық тұсім көздері бойынша жан басына шаққанда картоп 1941 жылмен салыстырғанда 3 есе, ет 2,5 есес, балық пен балық консервілер 2 есесдей кеміп кетті. Жұмысшылар мен қызметшілерді ұтымды жабдықтау бүкіл қала халқы үшін карточка жүйесін енгізу жолымен қамтамасыз етілді. 1942 жылдың басында Қазақ КСР-інде 4 млн. Адамды, яғни бүкіл халықтың 55%-ін нанмен мемлекет жабдықтап отырды.

         Қосалқы шаруашылықтар дамыды. Оңтүстікте, Орталық Қазақстанда қуатты азы-түлік базасы жасалды. Соғыс жылдарында жұмысшылар ұжым болып немесе жеке жолмен өңдейтін жер учаскелері азық-түліктің маңызды  көзігне айналды.

         Ауыл мен қыстақ еңбеккерлерінің материалдық жағдайы тым нашар боды. Соғыс жағдайыда әміршіл-әікмшіл әдіс бұрынғысынан да қатая түсті. 1937-38 жылдардың үлгісімен аоуан түрлі үштіктер, бестіктер, алтылықтар, штабтар, төтенше комиссиялар құрылды. Партияның өзінің директивалық – оперативтік қызметі шамадан тыс артып, ол кезде жалаң әкімшілдікке ұласып отырды. Кейбір МТС және совхоздың саяси бөлімдері колхозшылар мен совхоз жұмысшыларының еңбегін әскерелендіру жолына түсіп кетті. Еңбек барған сайын күштеу сипатын ала берді. Еңбекке жарамды әрбір колхозшы үшін, колхозшылар отбасынан 12-ден 16 жасқа дейінгі жасөспірім мүшелері үшін еңбеккүнінің міндетті минимумы белгіленді. Соғыс жылдарында еңбеккүн бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері беру жылдан-жылға кемей берді. Колхозшылардың жеке малының саны күрт кеміп кетті. Жекеше малды күштеп өкіметке етке өткізу практикасы жылғастырылды.

         Колхоздарда еңбекке жарамды халықтың азаюы, әйелдер еңбегінің үлес салмағының ұлғаюы, еңбеккүнге өнімдер берудің азаюы, ал кейін мүлдем тоқтатылуы, шынына келгенде, еңбекті ұйымдастырудың лагерьлік жүйесі ауыл мен қыстық еңбеккерлерінің онсыз да төмен тұрмыс деңгейінің күрт нашарлауына әкеп соқты.

         Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілері де жоқшылық пен ауыртпалықтарға, ұлттық кемсітушілікке қарамастан, Отанымыздың бастандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау – фашизмнен ерлікпен қорғады, тылда болашақ үшін тамаша еңбек етті.

1. Реферат на тему WEB Dubois Presented Objectively Essay Research Paper
2. Реферат на тему My Antonia And Landsacpe Essay Research Paper
3. Реферат на тему Adventures Of Huck Finn Essay Research Paper
4. Реферат на тему Роль запаха в атмосфере магазина
5. Реферат на тему Bilingual Education Essay Research Paper Bilingual EducationI
6. Реферат Діяльність ОУН-УПА на території Вінниччини
7. Реферат Социально-экономическая сущность, функции и роль денег
8. Сочинение на тему Пришвин m. m. - кладовая солнца
9. Диплом на тему Речь повествователя как основное средство его характеристики в рома
10. Сочинение на тему Развитие индивидуальности как цель иноязычного образования