Реферат

Реферат Мемлекеттик бюджет

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024




Жоспар:

І. Кіріспе

1. Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

2. Мемлекеттік бюджеттік жоспарлау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

     
КІРІСПЕ


Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік  жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында  талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Қазақстан Республикасының  егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.

Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден  бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:

- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан  шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны  «тығыз»  қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;

- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың , топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.


1.    
Мемлекеттік

бюджет

ұғымы

және

маңызы
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған , орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір  сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.

Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін  қаржының көмегімен  қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша  қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.

Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:

жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;

құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;

қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.

Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.

Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.

Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы  жоспарында  бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары- мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің  «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.

Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке /жеке кәсіпорындар шеңберінде/ және қоғамдық /бүкіл халық шаруашылығы ауқымында/  қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.

Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі.  Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың  басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын  ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалануда аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.

Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің  жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді

Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан  мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар, әрқайсысы белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен құрылады.

Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.

Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге болады және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

2.    
Мемлекеттік бюджеттік жоспарлау
Бюджеттік жоспарлауқаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлаудың негізі –республиканың әлеуметтік – экономикалық  даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен болжамдары.

Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті жоспарлау  ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. Өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін – бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы.  Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет процесі – бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау – қаржы органдары, банкілері, бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті құрау мен барлық қаржы жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік бюджетті құраудың екі кезеңі бар:

1. Жиынтық бюджеттік жоспарлау. Оның барысында жоспарлы жұмыстың негізгі бағыттары, қаржы ресурстарын жинаудың жолдары мен әдістері анықталып, мемлекеттің алдағы жылдағы белгіленген кірістері мен шығыстарын байланыстыру мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның негізінде жиынтық қаржы балансы жасалады. Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау мемлекеттік бюджет жобасын алдын ала әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік жоспарлау қаржы жүйесінің орталық буынында қолданылады.

2. Екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау нақтыланады, яғни халық шаруашылығындағы барлық қаржы жоспарының бюджетпен нақты байланыстары орнатылады. Содан соң қаржы міндеттемелері формасын қабылдайды.

Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен жүзеге асырылады:

- бюджеттік және халық шаруашылықтық жоспарлаудың бірлігі;

- ресурстарды салалық, ведомстволық, аумақтық жоспарлауды ұштастыру;

- еңбек, материал және қаржы ресурстары шаруашылық – мәдени құрылысының барлық учаскелерінде пайдалану кезінде үнем тәртібін сақтау;

- халық шаруашылығы, әлеуметтік – мәдени, қорғаныс, басқару шараларын қаржыландыру тәртібімен бюджет қаржысын мақсатты жұмсау.

Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс бөліктерінің нақтылық, біртұтастық, ауқымдылық негізінде баланс әдісі кең қолданылады.


Қорытынды.
Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті негіздері берілген. Ол кез  келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.

Бюджет кірістерінің щоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске асады.

Үкіметтің жоспарланатын жыл ішінде қандай тауарлар  мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың жиынтығын қандай салық түрлері мемлекеттік бюджет арқылы жабатыны анықталады. Бірақ, бүгінгі таңда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер үкімет шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.

Егер де экономикада мемлекеттік бюджеттің тапшылығы немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдері жалпы соманың жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі.

Мемлекеттік бюджет жобасын талқылау кезінде бюджет, қаржы, мәдени - әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығын қорғау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен сын ескертпелері назарға алынды. Мұның өзі нашақорлықпен күрес, қоршаған ортаны қорғау және селолық аймақтарды кезеңімен дамыту жөніндегі шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің  жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.

2.  Салық Кодексі.  Алматы 2004ж.

3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің  атқарылуын бақылау

  туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.

4.  Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы

5.  Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.

6.  Әкішев К.  «Қаржы ұқсатуға ұқыптылық керек». Орталық Қазақстан  25     желтоқсан 2003ж.

7.  Баянов Е. «Мемлекет  және құқық негіздері» Алматы 2002ж.

1. Реферат Ачебе, Чинуа
2. Реферат на тему The Camping Trip Essay Research Paper
3. Реферат на тему Nature Vs Nature Essay Research Paper Nature
4. Лабораторная работа на тему Встроенные функции Excel
5. Диплом Влияние сроков посева на морфофизиологические признаки яровой пшеницы скороспелого сорта Фора
6. Курсовая Движение готовой продукции
7. Реферат Разумовская, Софья Степановна
8. Реферат на тему Martin Luther King Biography Essay Research Paper
9. Сочинение на тему Я голос ваш жар вашего дыханья по лирике А Ахматовой
10. Диплом на тему Повышение эффективности рекламной деятельности на примере хлебопекарни КОЛОС