Реферат

Реферат аржы ж йесіні рамы

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 22.11.2024



Қаржы жүйесінің құрамы
Жоспар:
 
1)     Қаржы жүйесінің құрамы.
2)     Мемлекеттік қаржылар.
3)     Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.
4)     Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.
5)     Қаржы жүйесінің қағидаттары.
 
Қаржы жүйесінің құрамы.
 
«Қаржы жүйесі»ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1)     қаржы қатынастарының жиынтығы;
2)     ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3)     басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларықаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржыныңқаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
 
 
 
Мемлекеттік қаржылар.
 
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1.                    Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2.                    Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
           Оның негізгі қалыптасу көздері:
           А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
           Ә) бюджет субсидиялары;
           Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
           В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.
3.        Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
 Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.
 
 
 
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.
 
 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық  экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.
Коммерциялық есптің ерекшеліктері:
-       шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
-  қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
-  қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
-  коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар.  Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
-  бюджеттік қаражаттар;
-  бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
-  халықың қаражаттары;
-  әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
-  келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;
-  өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;
-  мүлікті жалға беруден түскен табыс;
-  мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
-  әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
-  қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;
-  мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;
-  қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай қатынастары;
-  қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай қатынастар.
         Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.
 
Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.
 
         Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
         Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
         мемлекеттің бюджет жүйесі;
         арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
         мемлекеттік несие;
         жергілікті қаржы;
         шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
         халықтың қаржысы.
         Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
         Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
         Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
         мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
         шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
         Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
         Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
         Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
         Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
         Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
         Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:
         біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
         екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
         Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
         Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
         Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
         Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
         Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
         Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
 
Қаржы жүйесінің қағидаттары.
 
         Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
         Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
         Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
         Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
         Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
         Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.
         Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
         Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
         Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1)     «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников;
2)     «Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ.

1. Реферат Вплив різних факторів на серцево-судинну систему людини
2. Реферат на тему Перестройка советской государственной системы
3. Реферат Удосконалення кадрової роботи на підприємстві
4. Реферат на тему Racism Essay Research Paper We have all
5. Реферат на тему Lady Macbeth Essay Research Paper The play
6. Научная работа на тему Основні принципи і шляхи розвитку туризму в Карпатському регіоні
7. Сочинение на тему Творчество братьев Стругацких
8. Контрольная работа на тему Аудиторские доказательства
9. Реферат на тему Древнеримская религия
10. Реферат Православие и культура. Особенности вероучения и культа.