Реферат

Реферат Лизинг 20

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 23.11.2024




Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................3
1. Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы.

1.1 Лизинг пәні мен мазмұны......................................................................4

1.2 Лизингтің негізгі түрлері.......................................................................6

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері...........................11

2.Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері.

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері............................................15

2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы..............................................................................................16
3. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері.

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару.........................................................................................................21

3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру......................................................................................................25
Қорытынды................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер.........................................................................27
Қосымша А

Қосымша Ә

Қосымша Б

Қосымша В
Кіріспе
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып , құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі , еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі – « лизинг » терминінің кең орын алуы.

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң : икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар , зауыт , фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни , белшесінен борышқа батып , банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрыңғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда , олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне , еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі :

  1. Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )

  2. Жалға алу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе , осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине , бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес , көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Осыған сәйкес , лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып , келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.

1 Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы


Бірінші бөлімде лизинг операцияларының тарихына, пәні және мазмұнына тоқталып кеттім. Сонымен қатар, оның негізгі түрлеріне және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері жайлы жаздым. Бұл бөлімде оның қайда және қалай қалыптасқаны туралы түсінік бар.

1.1 Лизинг мәні мен мазмұны
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.

Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзарты-

лып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен са-

тып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құры-

лып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды.

Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өте-

леді.

ХХ ғасырдың 60-жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.

Лизинг ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын , өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.

Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып , жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.

Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып , экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.

Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын. Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып табылады.

Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді

Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.

« Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет » , - деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында.

Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық , несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.


1.2 Лизингтің негізгі түрлері.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып , шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады , сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып , негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей , негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.

Сонымен қоса , макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді , өйткені Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.

Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса , ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші , лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды , машиналарды , ЭЕМ , ұйымдастыру техникаларды , өндіріске , сауда – саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу тартымын , белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциясымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп , метзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  1. Шұғыл лизингбұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

  2. Қаржы лизинг бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизингбұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизингбір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизингэкспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизнг алушы болса , импорттық лизнгте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады. Тура лизинг жағдайында лизинг беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі болады , ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылғанда көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір рет жүзеге асырылады , қалпына келетін лизингте келісім-шарт мерзімі аяқталысымен қалпына келеді.

Лизинг операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.


Лизинг беруші

( Лизнг компаниясы)

Жабдықтаушы

( Өндіруші )

2


1 3

4


Лизнг алушы

(Өндірістік кәсіпорын) кәкәсіпорын


1 – сурет

1 – құрал-жабдыққа тапсырыс беру; 2 – құрал-жабдық үшін төлем;

3 – құрал-жабдықты жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер;
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін , онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей , лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.


2-сурет

1 – банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып , несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептелінеді:

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС ,

Мұндағы:

ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;

  • Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып , өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

  • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан , лизинг бойынша алған қолайлы , себебі , бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;

  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты , өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып , мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп , лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

  • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда , несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар :

  • Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ( әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;

  • Ұйымдастырудың күрделілігі;

  • Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары , бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет , сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ; 3) лизинг алушы мен банк арасында .

Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы , бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс :

  1. Объектісі.

  2. Жабдықтау мерзімі.

  3. Лизинг алу мерзімі.

  4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.

  5. Тәуекелдер , жаупкершілік , техникалық кепіл хат.

  6. Құрал-жабдықты пайдалану.

  7. Күту , жөндеу , жаңарту.

  8. Зиян , қолайсыз жағдайлар.

  9. Сақтандыру.

  10. Лизингтік төлемдер , комиссиялар.

  11. Төлемді кешіктірген үшін төлемақы өсімі.

  12. Сатып алу мүмкіндігі.

  13. Келісімшартты бұзу шарты.

  14. Құрал-жабдықты қайтару.

  15. Салықтар , баждар.

  16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.

  17. Тараптардың қосымша құқықтары.

  18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.

  19. Кешіктіру шарты.

  20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс ).

  21. Тараптардың қолдары.

  22. Тараптардың орналасқан жері.

  23. Қоысмша ( материалдардың және т.б. сипаты ).

  24. Қалдық құнын кепілдеу.

  25. Банктердің кепілдемесі.



Дегенмен , Қазақстандағы лизингтік сектордың дамуы бүгінгі күні әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы уақытқа дейін оған қаржылық ресурстарға деген шектеулі мүмкіндік , сонымен қоса лизингтің тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер себеп болды. Сондықтан 2003 жылы қараша айында « Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » заң қабылданды. Оның шеңберінде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.

Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы » заң мен Салық кодексінің 138 – 140- баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.

Осылайша , республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан , бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары.

Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе , лизингтік нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек , бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса , лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.

Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына серпін болады , ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.
1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері.
Бүгінгі күні әлемдік экономикалық қауымдастықта « лизинг » түсінігі өте кең түрде пайдаланылады.

Әлемдік лизингтік нарықтың дамуын лизингтік қатынастардың сипатының сапалық өзгеруіне және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Енді осы кезеңдердің әрқайсысына толығырақ талдау жасап кетейін.

Лизингтік қатынастар эволюциясының 1- кезеңі үшін « лизинг » түсінігін мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән болды. Осыған байланысты , әсіресе , ағылшын тілді елдер үшін « lease » термині феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау , мүлікті жалдау туралы келісім шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте лизингті кез келген мүліктерді , яғни , үйлерді , көліктік құралдар мен механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық континентте « leasing » сөзі , негізінен өнеркәсіпте , көлік , байланыс қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау операцияларын көрсету үшін қолданылады.

Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл бұрын АҚШ-да мүлікті жалдау операциялары , техникалар мен құрылғылардың әртүрлі түрлерін жалдау операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы , мүлікті жалдау туралы алғашқы келісім – шарт Солтүстік Америкада ХVIII ғасырдың басында тіркелген. Көптеген зерттеушілер лизингті ХХ ғасырдың 40 – жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мұхит арқылы Еуропаға әкелінген американдық өнертабыс деп есептейді. Ал , кейбір ағылшын авторлары бұл пікірге қарама- қайшы пікірлер айтады: яғни олар лизинг алғаш Англияда пайда болған және содан кейін ХХ ғасырдың 2-ші жартысында кейбір өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды. Шынында да , мүліктердің әртурлі түрлерін лизингке беру операциялары орта ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар болған. Бірақ , лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда жүргізілгендігіне қарамастан , көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі лизингтің отаны ретінде АҚШ – ын санайды. Менде осы пікірге толығымен қосыламын. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша « лизинг » түсінігінің қазіргі мәні ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде , яғни , 1877 жылы Бэлл телефон компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай , оларды уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген. Осыған байланысты лизингтің көмегімен ХІХ ғасырдың соңынан бастап сату көлемін кеңейту және « ноу – хау » қорғау сұрақтары өз шешімін таба бастады. Сонымен , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының 1- кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста артық тауарлар болған уақытта ғана тұтынушыларды тарту және кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін пайдаланылған.

1950 жылдың басында АҚШ - да лизингтік қатынастардың нағыз төңкерісі басталды. Сондықтанда осы кезеңді – американдық кезең және әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады.

1950-жылдары АҚШ-та технологиялық құрылғылар , машиналар , механизмдер ,ұшақтар және т.б. өндіріс көлемдері көп көлемде жаппай лизингке беріле бастады. Осы жағдайда АҚШ-тың өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады , яғни АҚШ-да лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып , олар өте тез қарқынмен іске асырыла бастады.

United States Leasing Corporation - бұл АҚШ – ғы қызметінің негізгі түрі лизингтік операциялар болып табылатын ең бірінші лизингтік компания болды. Бұл компания Сан – Франциско қаласында 1952 жылы құрылған Компанияның негізін құрушы Генри Шонфельд болды. Ол ең алғашында осы компанияны нақты бір келісімді жүргізу үшін ғана құрған. Содан кейін кәсіпкер лизингтік бизнестің болашағы бар қызмет түрі екенін түсініп , осы бизнесті дамыта түсті. Әлемдегі ең біріңші құрылған мамандандырылған осы лизингтік компания лизингтік бизнестің әлемдік деңгейде дамуына күшті серпіліс берді , яғни лизингтік келісімдермен айналысатын жүздеген фирмалардың ашылуына септігін тигізді. Осы кезеңде , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңінде лизингті қаржылық – делдалдық операциялардың мамандандырылған институты ретінде қалыптастыру жүзеге асты. 1950- жылдардың соңында АҚШ-да және т.б. елдерде де лизингтік операцияларды жүргізуді іске асыра бастаған лизингтік фирмалардың тұрақты құрылымы қызмет жасады.

Лизингтік қатынастардың дамуының ІІІ – кезеңі АҚШ – ң көмегімен Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінде мүлікті жалдау құрылымын қайта қаржыландыру процесімен сипатталады. Мүлікті жалдау қатынастарын қайта қаржыландыру сапалық жағынан басқа деңгейде жүзеге аса бастады , яғни , өнеркәсіптік және саудалық компаниялардың лизингтік операцияларын мамандандырылған лизингтік қызмет алмастырды. 1960-жылдары лизингтік операциялар АҚШ-тың шекарасын тез асып өтіп , бүкіл әлемге тарай бастады. Соған байланысты осы кезеңде « халықаралық лизинг » деген лизингтік бизнестің дамуы үшін өте маңызды түсінік пайда болды.

1960 жылы « United States Leasing International » ( қазір « ЮС Лизинг Интэнэшнл Инкваер » деп аталады ) компаниясының әсерімен Англияда « Мекентайл лизинг деген бірінші британдық лизингтік компания құрылды ». Осы компанияның капиталының 80 % «Мекентайл кредит» деген ағылшын компаниясының үлесінде болды. Осыдан кейін лизингтік компаниялар әлемнің т.б. елдерінде пайда бола бастады.

Сонымен , ХХ ғасырдың 60- жылдарындағы лизингтің танымалдылығы 100% қаржыландырудың қамтамасыз етілуімен , лизинг мерзімін таңдау және лизингтік төлемдер сапасының икемділігімен түсіндіріледі. Ең бастысы көптеген клиенттер несие алу үшін банк мекемелеріне қарағанда лизингтік компаниялармен іскерлік қатынаста болу тез және қолайлы екендігін түсінді. Сонымен бірге , клиенттерге берілген салықтық жеңілдіктер АҚШ-да лизингтік қатынастардың даму жетістігін дәлелдеді. Бірақ салықтық жеңілдіктерге келісім – шарт тек АҚШ-тың Қаржы Министрлігінің ішкі табыстар Басқармасының мүліктерді жалдау үшін белгіленген Ережелерге сәйкес келгенде ғана ие болады. Ондай ережелерге төмендегілер жатқызылды:

  • Лизинг мерзімінің ұзақтығы 30 жылдан төмен болу қажет;

  • Лизинг мүлікті сатып алу мүмкіндігін нарықтық бағадан төменгі деңгейде қарастырмау қажет;

  • Лизинг төлем графигін алғашқы жылдарда жоғары , содан кейін төмен сомада қарастырмау керек. Бұл талап лизингті салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануды куәландырмау үшін негізілген;

  • Лизинг лизинг берушіге қалыпты нарықтық деңегйде пайда алуды қамтамасыз етуі қажет;

  • Мерзім соңында лизинг объектісінің қалдық құны оның алғашқы құнының 20% - нен аз болмауы керек;

  • Лизинг мерзімін ұзарту мүмкіндігі құрылғының нарықтық құнын ескеруі керек;

Осындай жеңілдіктерге байланысты 60-жылдары лизинг АҚШ-да өте жылдам қарқынмен дамыды.

1970-жылдар мен 1980 мамандандырылған лизингтік компаниялар мен лизингтік ассоцияциялар пайда бола бастады.

Лизингтік қатынастардың дамуының осы IV-кезеңінің тағы бір сипаттық белгісі – лизингтік қызметтің диверсификациялануы болып табылады , яғни , лизингтік операциялардың жаңа түрлері мен формалары көптеп пайда бола бастады. ( мысалы, левередж-лизинг , вендер-лизинг , лизинг-бэк , бөлінетін лизинг және т.б. ) .

Сонымен , әлемдік лизинктік қатынастардың дамуының IV-кезеңінің маңыздылығы – ол лизингтік байланыстардың интернациализациялануы болып табылады , яғни көптеген лизингтік фирмалар шет елдерде сол елдердің жергілікті фирмаларымен бірлесе отырып өздерінің филиалдарын аша бастады. Олар бірлесе отырып лизингтік қаржыландыру бойынша әртүрлі келісімдерге қатысып отырды. Осы кезеңнің тағы бір ерекше сипаты – ұлттық лизингтік ассоцияциялардың , яғни 1971 жылы Ұлыбританияда « Эквипмент лизинг ассосиэйшэн » , 1971 жылы Германияда « Неміс лизингтік одағы » , 1972 жылы Жапонияда « Джапан лизинг ассосиэйшэн » және « Халықаралық лизингтік клубтар » деп аталған лизингтік ассоцияциялардың құрылуы болып табылады. Сонымен бірге , осы кезеңдегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде 1972 жылы мамыр айында « Евролиз » лизингтік компаниялар ассоцияциясының Еуропалық Федерациясының Кеңесінің құрылуын атауға болады. Осы лизингтік ассоцияция әлемдегі неғұрлым ірі ассоцияциялардың бірі болып табылады және еворпалық лизингтік нарықтың 90% көбі осында жинақталған.

1980 жылдан бастап әлемдік лизингтік нарықтың дамуының жаңа кезеңі V-кезеңі басталды және ол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл кезең өзіне ғана тән ерекше белгілермен ерекшеленеді. Ең алдымен , лизингтік операциялар өте жақсы дамыған көптеген мемлекеттерде оның даму қарақынының бірден төмендеуі байқалды. Оның негізгі себептеріне мыналар жатады:

  • Лизингтік келісімдерге деген сұраныстардың көбеюі лизингтік фирмалардың қызметтерін диверсификациялауға әкеледі;

  • Лизинг тәжірибесінде неғұрлым ірі объектілердің көбеюі;

  • Жергілікті лизингтік компаниялар капиталының шетелдік филиалдарға аударылуы;

  • Лизингтік компаниялардың халықаралық қызметтерінің ұлғаюы.

Сонымен бірге , лизингтік келісімдерге көптеген салықтық және амортизациялық жеңілдіктер беріп келген елдерде лизингтік операцияларға салық салуға байланысты жаңа заңды актілердің қабылдануы лизингтік қатынастардың даму қарқынын төмендетті.

Әлемдік инвестициялық процестегі лизингтік қатынастардың ролін бағалай отырып , көптеген зерттеуішілер 2000 жылы лизингтің көмегімен әлемде 400 млрд. АҚШ долларынан көп сомада жаңа құрылғылар мен машиналарды қаржыландыру келісімдері жасалынған және бұл сома тікелей шетелдік инвестиция көлеміне тең келетінін айтады.

Қазіргі уақытта экономикасы дамыған елдердегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициядағы лизингтің үлесі 25-30 , болса ал , дамушы елдер экономикасындағы оның үлесі 10-20 құрайды


2 Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері

Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері мен Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы, екінші бөлімде дұрыс орын алады деп ойладым. Крамдс-Лизинг,Казтехлизинг,ТуранЛизинг,Алма Ата Лизингсияқты лизингтік компаниялар, отандық лизингтік компаниялардың алғашқылары болып саналды. Осы бөлімде оларға да тоқталып кеттім.

2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері
Енді отандық лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне сипаттама берейін. 2003 жылдың желтоқсан айында "Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 14 жылдық тарихының кезендері ІІІартты түрде анықталған. Осы

кезендерді төмендегідей кесте түрінде көрсетуге болады.

Кесте 1. Казақстандағы лизингтік катынастардың даму кезеңдері.

Кезеңдер

Аталуы I

Сипаттама

1.1989-

1992жж.

Лизингтік;

қатынастар-

дың пайда

болу кезеңі

Алғашқы лизингтік компаниялар

құрылымы және кейбір коммерциялық

банктер лизинггік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.

II. 1992 -1994

жж.

Лизингтік :

қатынастар-

дың баяулау •

кезеңі !

Қазақстанның ішкі нарығындағы

экономикалық дағдарыстардын әсерінен лизинггік; бизнестің қарқыны баяулай басады.

III. 1995-

2000жж.

Лизингтік :

қатынастар-

дың жандану,

қайта даму

кезеңі :

Лизингтік катынастарды мемлекеттік

қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді мемлекеттік кезеңі деп те атауға болады.

ІҮ.2000-

2003жж.

"банктік •

лизинг' ;

кезеңі :

Банктік лизингтік компаниялардың құрылымен байланысты лизингтік қатынастар коммерциялық секторда

өте тез қалыптасып, дами бастады.

1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лизинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" және т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-ның экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.

1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай бастады.

1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңын айтуға болады.

2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.

Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері

мен маңыздылығы.
Курстық жұимыста Қазақстандық лизингтік қызметтер нарығының негізгі операторларын, олардың қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік лизингтік компания, коммерциялық банктердің еншілес лизингтік компаниялары, құрылғылардың белгілі бір түріне маманданған лизингтік компаниялар және аймақтық лизингтік компаниялар деп бөліп қарастырылған. Зерттеу барысында «ҚазАгроКаржы» АҚ мемлекеттік лизингтік компания ретінде жеке топ ретінде бөлініп көрсетілген. Себебі, бұл компания республикалық бюджет есебінен 1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лпзинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" жәис т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша Кр-нің экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.

1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай бастады.

1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-ның Заңын айтуға болады.

2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.

Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындағы лизингтік қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің операторы болып табылады. Бүгінгі күні компанияның Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығындағы үлесі 53,8 % құрып отыр.

ҚР-ның нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердің еншілес құрылымдары құрап отыр. Олардың анының көбеюіне ҚР-ның «Қаржылық лизинг» туралы заңына «банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі қолайлы әсер етті. Бұлар, бүгінгі күні стандартты лизингтік қызметтерді кез-келген салаға көрсетуге маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгілі-бір түріне маманданған лизинггік компаниялар халық шаруашылығының белгілі-бір саласына мамандығына жұмыс істейді. Еліміздегі салалық лизингтік компаниялар көбінесе, ауыл шаруашылық техникалары мен автокөліктерді лизингке беруге маманданган. Бұны негізгі корлардың осы түрлерінін нарықтағы өтімділіктерінің өте жоғары болуымен түсіндіруге болады. Аймақтық лизингтік компаниялар белгілі-бір аймақтарға ғана лизингтік кызметтер көрсетумен айналысады. Болашақта осы аймақтық лизингтік компанняларды кластерлер жүйесінің бір құрылымы ретінде дамытудың маңыздылығы бар деп ойлаймыз.

Негізгі қорларға салынған инвестициялар, экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің даму болашағын көрсететіндіктен жұмыста жалпы елдегі лизингтік нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің, яғни негізгі қорларға саоынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі ретінде бағалау жүргізілген (2- кесте). Талдау жасау барысында ҚР-дағы лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де әсер ететіндігі анықталды.

Кесте 2

Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың көлемі

Көрсеткіштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

Лизингтік нарық

2,28

6,36

6,40

12,6

29,9

Негізгі қорларға салынған инвестиция млрд.т

59,7

934,4

1100,0

1259,3

1530,6

Инвестициядағы лизингтің үлесі,5

0,38

0,67

0,59

1

1,9

Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі %

2599,9

3250,6

3776,3

4449,8

5542,5

Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі %

0,09

0,2

0,2

0,3

0,5

Ескертпе- Кестені статистикалық жылнамалар негізінде автор құрастырған.

ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының дамуындағы өзекті мәселелердің тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.

Қосымша В-да көріп отырғанымыздай, лизингтік операциялардағы ауыл шаруашылық техникаларының үлесінің басқа құрылғылармен салыстырғанда жоғары болуын 2004 жылғы ҚР-ның Үкіметінің 008 «Лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникаларын несиелеу» және 012 «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар үшін қажетті құрылғылар лизингін несиелеу» деген бюджеттік бағдарламалардың қабылдауымен түсіндіруге болады. Соңғы жылдары лизингтік портфельдің әртараптандыруланушының оң тенденциялары да байқалады.

Осы айтылғандардан, Қазақстанда лизингтік нарық жұмыс істейді және лизингтік индустрия дамудың әлі бірінші кезеңінде, яғни лизингке алушы келісім- шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг объектілерін қалдық құны бойынша сатып алатын және келісім-шартта көрсетілген мәмілелер оның күші бар мерзім аралығында өзгеріссіз қалатын қаржылық лизингтің даму кезеңінде деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, кез- келген саланың соның ішінде лизингтік саланың да дамуы экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық инфрақұрылымның дамуымен және заңнамалық базамен анықталатындығы белгілі. Ал ҚР-да қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан лизингтік компаниялар бірлесе отырып белгілі-бір жобаларды іске асыруға қатысып отырған жоқ, олардың бірлестігі көбінесе, елдегі лизингтік бизнесті дамытумен байланысты заңдардың қабылдануына әсер етуімен шектелуде.

Бірақ лизингтік компаниялар тарапынан байқалган осындай бірлескен жұмыстардың да Қазақстандағы лизингтік қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі маңыздылығы өте жоғары.

Экономикалық қатынастардың кез-келген түрі сияқты лизингтік қатынастардың да кажеттілігі мен мақсаттылығы маңызды категориялардың бірі - оны жүзеге асырудың тиімділігіне негізделеді. Жұмыста лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін анықтау және бағалау екі кезеңге

бөліп қарастырылган:

  1. лизингтік қатынастардың жалпы тиімділігін бағалау және соған байланысты оны одан әрі қарай дамыту жолдарын анықтау;

  2. лнзингтік қатынасқа қатысушы әрбір субъектілердің оған қатысу тиімділігін нақты багалау.

Зерттеу жүргізу барысында лизинггік қатынастардың жалпы тиімділігін анықтау және бағалау үшін ең алдымен оның қоғамдық тиімділігін жоғарылатуға әсер ететін факторлар анықталған. Анықталған факторлар арқылы лизингтік қатынастарды дамытудың жалпы қоғамдық маңыздылығының бар екендігі дәлелденген. Біздің ойымызша, лизингтік келісімге қатысушы әрбір жаққа тиімділікті қамтамасыз ететін лизингтік қатынастардың экономикалық артықшылыгы нақты сандык және сапалық бағалау алуы қажет. Өйткені, сапалық жағынан бағалау белгілі-бір маңызды көрсеткіштердің динамикасын анықтауға мүмкіндіктер берсе, ал сан жағынан бағалау табыстылық және шығындылық тұрғысынан есептеулер жүргізуге мүмкіндіктер береді. Курстық негізгі қорларды лизингтік қатынастар орнату арқылы пайдалану мен банктік несие арқылы сатып алудың қайсысының экономикалық жағынан тиімді екендігін бағалау үшін дисконтталынған құнды деп аталатын көрсеткіш пайдаланылған. Дисконтталынш құнды есептеу үшін келесідей есептік формула қолданылды:



Мұндағы, PV- дисконтталынған құн, яғни болашақтағы ақшалай ағымдардың бүгінгі күндегі күн.

C- 1-ші жылдан п-ші жылға дейінгі ақшалай ағымдар;

r- дисконттық ставка
Кесте 3. Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын салыстыру.

Көрсеткіштердің аттары

Несиелік нұсқа

Лизингтік нұсқа

Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған құны PVтөлемдер

1318,8

1057,23

Корпоративтік табыс салығы бойынша үнемділіктің дисконтталынған құны PV үнем

395,2

363,64

Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған құнының салық бойынша үнемділіктің дисконтталынған құнына азайтылуы

923,6

693,59

Салық бойынша үнемділік құнының құрылғынығң алғашқы құнына пайыз түріндегі қатынасы

29

34



3-кесте мәліметтерін пайдалана отырып, жұмыста экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді нұсқа құрылғыларды лизингке алу болып табылады.

3 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері

Үшініші бөлімде лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару және олардың басқару тетіктерін жетілдіру сияқты мәселелер қарастырылған. Бұл бөлім өзінің құрамында лизингтік қызметтер нарығы.

3.1 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару
Үшінші тарауда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту, лизингтік келісімдердегі тәуелділіктерді ескере отырып қатынастарды басқару мәселелері мен Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай , экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай , сонымен бірге , осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Оны келесі 5-сурет түрінде көрсетейін:


Лизингтік қа-

тынастарды

реттеу б-ша

ұсыныстар

беру

арқылы лизингтік

қатынастар-

дың дамуына

жағдай жасау

Халықаралық

ұйымдар деңгейінде басқару

Сурет-3 . Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері.

Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың , университеттердің , халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып , лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады. ҚР- да халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизингтті дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсынастар беру , қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдалық танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып , Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.

Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі . Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар , көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни , бүгінгі күні мемелекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жергілікті деңгейлерде реттеулер жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан да , біздің қазіргі таңда ҚР-ғы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз:

  1. Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін « төменгі » деңгейдегі , яғни әдістемелік нұсқаулар жасап оларды қолданысқа енгізу керек.

  2. ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

  3. Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр.Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.

  4. Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында,олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен ,менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып , олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі.

Сурет-4 Лизингтік қызметтерді ұсынушы субъектілердің нарығын қалыптастыру.



4-суреттен көріп отырғанымыздай , лизингке беруші тұлғалар өз қызметтеріне әсер ететін барлық субъектілердің қызметтеріндегі ерекшеліктерді толық ескере отырып , өз бизнестерін құру қажет. Менің ойымша , лизингке берушілер тұрғысынан лизингтік қатынастарды тиімді етіп басқаруды қамтамасыз ету үшін келесідей тетіктерді жетілдіруге көңіл бөлу керек:

  • Лизинг объектілерін таңдау лизингтік қатынастарды іске асыру кезіндегі болашақтағы қаржылық ағымдарды қалыптастыруды және лизингке алушылардың мүдделерін ескеру негізінде іске асырылуы қажет. Лизингке беруші ең алдымен , лизинг объектісін жеткізушімен келісімдер жасау арқылы , лизингке алушымен қатынастарын реттеуі керек.

  • Лизингтік қатынастар сызбасы лизинг объектілерінің бағасын және лизингтік келісімдерді бекіту кезіндегі пайда болатын тәуелділіктерді төмендетуге әсер ететін субъектілердің санын ескере отырып қалыптасуы қажет.

Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін ең соңғы тұтынушы лизингке алушы болып табылады. Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып , қосымша экономикалық тиімділіктерді алуды көздейді. Бүгінгі күні ҚР-да лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизингке алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде , яғни лизингке беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек « тұтынушылар » ретінде ғана көрінеді. Менің ойымша лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы қажет:

  • Өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының оптималды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;

  • Лизинг алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес , өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.



3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру
Сонымен , лизингтік қатынастарды басқару деңгейлерін кешенді түрде пайдалану лизингтік қатынастарды бекіту кезіндегі тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктер береді. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқару үдерісі бір-бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Оны арнайы құрастырылған блок-сызба түрінде көрсетіп кетейін.

Сурет-5. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқарудың блок-сызбасы.

Курстық жұмыста ұсынылған тәуекелділік түрлерін жіктеудің бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың лизингтік келісімге қатысушы субъектілер арасындағы серіктестік қатынастар ретіндегі экономикалық мәнін ашуға мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен толықтырудың енгізілуі болып табылады. Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін менің ойымша , лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен , лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып , лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілуі керек:

  • Бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп болуы ,( лизингтік компания , лизингке алушы , жеткізуші , сақтандыру компаниясы , кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар);

  • Лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы ( 3 жылдан жоғары );

  • Лизингтік қатынастардың сипатының көп болуы.

Осы айтылғандарға сүйене отырып , лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.

Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың өосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни , олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады.
Қорытынды
Әлемдік нарықта өздерінің техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас машиналар мен құрылғылар түрлерінің номенклатурасының көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін , тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге , құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады.

Лизингтік қатынастардың пайда болып дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі қаржы нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық жағдайында неғұрлым кері әсер етеді . Сонымен қатар , мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда , тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді .

Лизингтік қатынастардың қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржыландырудың негізгі қағидасына , яғни , қаражаттарды өз атынан емес делдалдар арқылы орналастыру қағидасына сәйкес келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер , мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты экономикалық шараларды қоса кеткен жөн.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе , шетелдерде және отандық нарықта лизингтік қатынастардың пайда балып , даму шарттарының бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады.Бұрынғы Совет Одағы құрамындағы елдерде лизингтік қатынастардың пайда болуының негізгі факторы ретінде қаржылық қатынастармен бірге материалдық қатынастардың да жетіспеушілігін айтуға болады.Сондықтан да , біз үшін әлемдік және отандық экономикалық нарықта лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы өте зор.

Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып , қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің шамамен барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Каренов Р. « Лизингтік қызметтер » Егемен Қазақстан – 2004 , 24 сәуір, 2б.

  2. Туменбаев С. « Лизинг және еліміздегі лизингтік қатынастардың пайда болуы » Заң газеті – 2002 , 8 мамыр , 5бет.

  3. Алтынғазин. « Лизингтік жүйенің артықшылығы » Жас қазақ – 2005 , 22.04-28.04 , 4 бет .

  4. Аль- пари 4 – 2004 , 32-34 бет. « Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуы »

  5. Аль-пари №4 – 2004 , 35-42 бет. « Лизингтік қатынастарды басқару мәселелері »

  6. Экономика сериясы – 2004 №1 47-51 бет. « Шикізаттық емес секторды дамытудағы лизингтік қатынастардың рөлі »

  7. С.Б.Мақыш 204-209 бет. « Коммерциялық банктер операциялары» кітабы.

  8. « Жас Ғалым » сериясы – 2005 №1 12-23 бет.

  9. Қаржы қаражат – 2004 , №2 , 91-96 бет.

  10. Банки казахстана – 2004 , №6 , 44-46 бет. « Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері».

1. Реферат на тему Психология атеизма
2. Реферат на тему Учет запасов предприятия
3. Реферат Банковская система России 6
4. Реферат Институт мировых судей
5. Курсовая Денежный оборот в Российской Федерации
6. Реферат на тему Проблемы старения
7. Курсовая Церковная организация удельной Руси
8. Реферат на тему Распределение обязанностей членов похода
9. Статья на тему Феномен маргинальности в культуре
10. Контрольная работа Інвестиції для забезпечення розширеного виробництва