Реферат

Реферат Мар лан лкей Ха ан лы

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024



Марғұлан Әлкей Хақанұлы

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) – ғұлама ғалым, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алған. Семей педагогикалық техникумын, Ленинградтағы шығыстану институтын және Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасын бітірген. 1921-1925 жылдары «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарады. Осы жылдары ол М.Әуезовпен, М.Жұмабаевпен танысады. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының академигі А.Ферсман мен профессор С.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археологиялық және этнографиялық экспедицияларының жұмысына қатысады. Экспедиция кезінде Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет істейді. 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданады. 1929 жылы Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап, орыс география қоғамы мұрағатындағы Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негізінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасайды. 1930 жылдан Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, Шығыстану институтының оқытушысы, Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ізденушісі және ғылыми қызметкері болады. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археологиялық экспедицияларға қатысады. 1939-1941 жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болады. Осы жылдары оның «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлішер Науаи және қазақ мәдениеті», «Мұхаммед Хайдар ? тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» атты еңбектері жарық көреді. 1941 жылы КСРО Ғылым Академиясы қазақ бөлімшесінің тарих бөлімін басқарды. Осы қызметте жүріп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасайды. 1958-1976 жылдары Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» аталатын монографиясын жариялайды. Қ.Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бірге Орталық Қазақстанда жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты ғылыми-зерттеу еңбегін жазып, кітаптың редакциясын басқарады. Ғалым «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерінің шеберлері» атты еңбегінде қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрін дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серілерге тоқталып, олардың сөз өнеріндегі орнын айқындады. Еңбектегі ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдігімен ерекшеленеді, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйінбай, Жамбыл, Нұрпейіс, Иса секілді ақындар шығармалары талданады. «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуінде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседі. Ғалым сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеу ісінің дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзіне алғаш таныстырған Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулерді жүргізген Әуезов болса, кейіннен осы дәстүр Марғұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмір шындығы, жырдың шығу тегі, дәуірі, кейіпкерлері мен көркемдік кестесі және манасшылардың жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде ғылыми маңызы жоғары пікірлер айтты. 1957-1967 жылдары Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Әуезов, С.Бәйішев, С.Мұқанов, Қ.Сәтбаев, А.Нүсіпбековпен бірге) басшылық етіп, оның таңдамалы және 5 томдық шығармалар 

жинағын жарыққа шығарды. Оның ынта-жігері мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарында бірнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзіне дейінгі Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелілер мекені болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтіндігін дәлелдеді. Ғалым 40-шы жылдардың аяғында бірнеше рет саяси қудалауға ұшырады, кейін де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбір қисынсыз сындарына ұшырады. Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнері) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстар, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалар жазды, сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буынын даярлады. Оның ғылыми еңбектерінің бірқатары шет ел тілдеріне аударылды. Академик тапқан тарихи құндылықтардың 243-і бүгінгі таңда Ресей мұражайларында сақтаулы. Аталмыш құндылықтардың көпшілігі қазақ энциклопедиясында аталып өтіледі. Қазақстандық ғалым бірнеше мәрте құндылықтарды қайтаруға талаптанғанымен сәтсіздікке ұшыраған. Тек 1989 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 1399 жылы Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған «Тайқазан» қайтарылған. Қазан кеңес жылдары Ленинградқа әкетіліп, ұзақ уақыт сонда болған. Тайқазанның елге оралуына қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде Әлкей Марғұланның көп еңбегі сіңген. 1991 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтындағы археологиялық орталықтың негізінде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екібастұз аудандарында бірнеше көшелер, мектептер Марғұлан есімімен аталады. Павлодар қаласында мүсіні орнатылған, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Марғұлан атында стипендия тағайындалып, мұражай ашылған. 2004 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Ленин» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том


Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Дүниеге келгені: 1904 ж. мамырдың 11 (107 жыл)

Қазақстан, Павлодар облысы Баянауыл ауданы

Қайтыс болғаны: 1985 ж. қаңтардың 12

Мансабы: әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған казақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. [1]Мазмұны [жасыр]

1 Өмірбаяны

2 Еңбектері

3 Шығармалары



4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны

Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды. Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Осы жылдары ол М.О.Әуезовпен‚ М.Жұмабаевпен танысты. Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) қаласындағы Шығыстану институтының түркiтану және тарих-филология факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды.

Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Марғұлан 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.

Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстан археологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi.

1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды.



Осы жылдары Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. К.Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды. [2]

Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыс-тың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады:

бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.);

қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға);

сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәтiқара, Майлы-қожа, т.б.);

Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.).

Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты мо-нографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.

1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.



1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.[3]

[өңдеу]

Еңбектері

Әлкей Хақанұлы Марғұланның 100 жылдығына арналып шығарылған почталық марка

Марғұлан тарих, археоллогия, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан ҰҒА-ның Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екiбастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңт. Қазақстан обл-нда, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қ-нда мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ҒА-ның Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.[4]

[өңдеу]

Шығармалары

Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана, А.-А., 1950;

Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана, А.-А., 1966;

До исламская архитектура Казахстана, М., 1968;



Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, А.-А., 1979;

Ежелгi жыр аңыздар, А., 1985;

Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986–90;

Собрание соч., 1–4 т., А., 1998 – 2003; Шығармалары, А., 2007.[5][6]

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2

Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 2008.

Қазақ энциклопедиясы 6 том

Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) - қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Өткен ғасырдың басыңда қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осыңдағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөліміңде оқиды, бұларға қоса Өнер та-рихы институтында лекция тыңдайды. Осыңда оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә.Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін жауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орыңдарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде "Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына" деген монографиялық еңбек жазады. "Хаңдар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясы-ның тарих, археология және этнография институтының архео-логия секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғүлан еңді Орталық Қазақстаңды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, "Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті" атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарады. Бұл кітаптың құңды-лығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиха-нов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.

Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.



Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энцикло-педиялық мақалалар жарық көрді.

Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Ең-бек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж



Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904—1985)

Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.

Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалымМəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.

Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі (1939 жылы Əлкей Хақанүлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді). Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады.

М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925—31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.

Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына 

үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.

1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады.

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады.

Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.

Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.

Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.

Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=77171



Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904—1985) — Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).
1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.
Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.
Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі (1939 жылы Əлкей Хақанүлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді). Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады.
М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925—31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы 

арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.
Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.
1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады.
Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.
Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.
Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.
Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.
Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Дерекнама

«Из истории городов строительного искусства древнего Казахстана».- Алма-Ата, 1950.,

«Археологические изучения», "Оседлые поселения VIII-XIII вв. на склоне Каратау (извлечение из археологического отчета)" Известия Академии Наук КазССР.- Алма-ата.,

«Археологические разведки в бассейне р. Сары-су». — Алма-Ата, 1947.,

«Шоқан және Манас». — Алма-Ата, 1971.,

«Ежелгі жыр аңыздар». — Алма-Ата, Жазушы, 1985.



Ұлы ғұлама Марғұлан. Академик Әлкей Марғұлан - 105 жыл

Біздің даңқты жерлесіміз, ғылым докторы (1945 ж.), Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1946 ж.), академик (1958 ж.), профессор (1960 ж.), филолог, тарихшы, шығыстанушы, этнограф, археолог ғалым, әдебиетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, қоғам қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның (1904.03.11 – 1985. 01.12) өзі қандай дараланған тұлға болса, шыққан тегі, туған жері, өскен ортасы да сондай ерекше еді.

Әлкей Хақанұлының арғы, алтыншы бабасы – «Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай», әжесі Әймен – Арқаның әйгілі күйшісі Тәттімбеттің туысы, әкесі Хақан – өз заманының белгілі сал-серісі болатын. Ол талай ұлыларды дүниеге әкелген киелі мекен Баянауылда туды. Бала кезінің өзінде Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Қаныштың әкесі Имантай секілді біртуар тұлғалардың көзіне түсіп, солардың батасын алды. Ол Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтар, Хәкім Иманбеков, Жағыпар Секербаев сияқты зиялылармен бір ортада өсті.

Болашақ ғалымның қарым-қабылетін бірден таныған ұстаз Әбікей Сәтбаев жасөспірім Әлкейге Семейдегі педагогикалық техникумға жолдама берген. Сонда оқып жүргенде ол Мұхтар Әуезовпен танысып, ажырамас дос болып кеткен. Мұхтармен бірге Абайдың туған жеріне барып, ұлы ақынның баласы Тұрағұлмен жолыққан, ел ішінен этнографиялық мәліметтер жинаған.

Ә.Х. Марғұлан 1925 жылы техникумды бітірген соң, М.О.Әуезовтың ақыл-кеңесі бойынша Ленинградтағы Шығыстану институтының түркология бөліміне оқуға түсіп, тарих және филология факультеттерінде қатар оқиды.

Шығыстану институтында Орта Азия тарихы мен археологиясы бойынша академик В.В.Бартольд, Индия фольклоры мен өнері туралы академик С.Ф.Ольденбург, араб тарихи әдебиеті жөнінде И.Ю.Крачковский, тіл білімінің тарихы мен теориясы туралы Н.Я.Марр, Орта Азиядағы түркі халықтарының әдебиеті жайында академик А.Н.Самойлович, сонымен қатар академиктер: В.В.Струве, Б.Я.Владимирцов, И.И.Мещанинов, В.Л.Щерба және Е.Э.Бертельс, С.Е.Малов, Б.М.Эйхенбаум сияқты көрнекті ғалымдар дәріс оқыған. Осындай әлемдік деңгейдегі ғалымдардың дәрістерін тыңдап білімін жетілдіре түскен Әлкей Марғұлан өз елінің тарихы мен мәдениетін жан-жақты зерттеуге ден қойып, әдеби және мұрағаттық деректерді жинайды.

1926–1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет академигі А.Е.Ферсманның және профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай өлкесін зерттеу экспедицияларының жұмысына қатысып, зор үлес қосты.

1938 жылы, Алматыда КСРО Ғылым академиясының республикалық бөлімшесі құрылғанда тарихшы ғалым ретінде Қазақстанға шақыртылады. Қазақ зиялылары бірінен соң бірі қудалауға ұшыраған сол өте ауыр кезеңде рухани жүдеушілікке ұшыраған отандастарын тығырықтан алып шығу міндетін Қәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан сынды алыптар өз мойнына жүктеді.

Ә.Марғұлан 1940 жылдардың басында Қазақстан жеріндегі ежелгі мәдениет орындарын, көне сауда жолдарын, археологиялық ескерткіштерді тауып, жан-жақты зерттеп, ғылыми әлемге танытты. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Талас және Шу өзендерінің бойынан көне қола мәдениеттің іздерін ашты. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, қазақтардың орта ғасырлардың өзінде қалалар салып, тұрғылықты тұрмыс кешкенін де делелдеді. Ол, солайша, қазақтар ертеде мәдениеттен тысқары көшпелі халық болған деген пікірлерді ғылыми тұрғыда теріске шығарды.



Ә.Марғұлан 1943 жылы «Хандар жарлығының тарихи маңызы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1945 жылы қазақ ғылымының тарихында тұңғыш докторлық диссертация қорғады. Қазақтың ерлік жырлары тақырыбы бойынша жазылған «Қазақ халқының эпикалық жырлары» атты диссертациясы күні бүгінге дейін аса құнды, мән-маңызы өте жоғары ғылыми еңбек болып саналады.

Ол тарих пен әдебиетті ұдайы ұштастыра зерттеген, археологиялық экспедицияларда жүргенде ел арасынан көне аңыз әңгімелер, ертегілер, эпикалық жырлар нұсқаларын жинаған. Әлкей Хақанұлы қазақ тарихы мен әдебиеті және ұлттық мәдениеті туралы былайша ой толғаған: «Ғылымсыз қалай ел болмақпыз? Егер қазақ сияқты ұлт өз тарихынан мақұрым болса, өз эпостарынан қол үзсе ел болудан қалады. Рухани жүдеушілік деп міне осыны айтар болар. Ел рухына негіз болар – тарихи санасы, ұрпақ алдында жауаптылығы, дамыған әдебиеті мен ұлттық мәдениеті».

Ғұлама 1940–1941 жылдары оннан аса ғылыми еңбек жазды. Мәшһүр Жүсіп мұрасы, түркі эпосы, Едіге мен Орақ–Мамай туралы, Әлішер Навой және қазақ мәдениеті, тарихшы Мұхамед Хайдар, Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы тақырыбындағы мақалалары ғылыми, әдеби жаңалығымен құнды. 1941 жылы Әлкей Марғұлан Қажым Жұмалиевпен бірге 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын да жазды.

Қазақстан ғылымын, қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытуға айрықша еңбек сіңірген ғұлама 1940 жылдардың соңында бірнеше рет қудалауға ұшырады. Ақыры, өзін ғана емес, Қазақстан ғылымын да қорлаған үкімет саясатының зардабынан дертке шалдығып, ауруханаға түскен. Сол шақта «Қаншама жылдар бойы көз майын тауысып қаракөлеңке зертханаларда жүргенде, айлар бойы архив қазынасын ақтарып тапжылмай отыратын шақтардың бір қайтымы болмас па?» деп іштей назаланған екен.

1957–1967 жылдары Ә.Х.Марғұланның басшылығымен Ш.Уәлихановтың бес томдық академиялық жинағы дайындалды. Ол КСРО-дағы архивтерден Шоқанның 300-дей шығармасын тауып, ғылыми редакциялады. Ғұламаның осы және бұдан өзге де көптеген еңбектері жөінде Мұзафар Әлімбаев былай дейді: «Мұхтар Әуезов Абай тұлғасын әлемге қалай танытса, академик Әлкей Марғұлан да Шоқан бейнесін жер жүзілік аренаға солай танытып кетті».

Ол ғылымға бейімді жастарды тәрбиелеп, этнограф, археолог, тарихшы ғалымдардың бірнеше буынын дайындады. Темір дәуірінің алғашқы кезеңін зерттеуші М.Қ.Қадырбаев, көне түрік дәуірінің зерттеушісі Ф.Арыстанов, қазақтардың этникалық тарихын зерттеуші М.С.Мұқанов, қыпшақтардың этникалық тұтастығын зерттеуші С.М.Ақынжанов, қазақтардың отбасы-некелік қатынастарын зерттеуші Х.А.Арғынбаев, исламға дейін діни сенімдер мәселесін зерттеуші С.Ақатаев т.б. Әлкей Марғұланды ұстаз тұтқан. Оның жетекшілігімен кеңестік кезеңде 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды.

Ә.Х.Марғұланның ғалымдық тұлғасы, адами болмыс-бітімі жөнінде Есмағамбет Ысмайылов былай деп жазған: «Ғалымдық, әдебиеттік творчество жолында үнемі ағалық ақылы мен еңбек сүйгіштік мінезі жағынан Әлекеңнің орасан зор ықпалы тек маған ғана емес, мен сияқты көптеген әдебиетші, тарихшыларға мол болды. Әлекеңнің оқығаны да, тоқығаны да ұшан-теңіз. Қасында жүріп, оның кішіпейіл, ұстамдылық мінезінен де, ұшан-теңіз білімінен де көп тыңдап, көп білім аласың. Әлекеңнің ағалық, ұстаздық сілтеуімен әдебиетші, тарихшы ғалымдардың талайы өзінің жаңа ғылымдық еңбектерін ойдағыдай жазып, жемісті нәтиже беріп жүр».



Академик Ә.Х.Марғұланның ғалымдық, ұйымдастырушылық қарым-қабылетінің арқасында Қазақстанда археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берік іргетасы қаланды, тарих, археология, этнография ғылымдары жүйеленіп бір ізге түсірілді.

Ғұламаның көзі тірісінде қазақтың қолөнері жайындағы зерттеулері үш томдық кітап болып шықты, барлығы 400-ден аса әр түрлі ғылыми еңбектері жарық көрді, бірқатары шет тілдеріне аударылды.

Ғұламаның еңбегін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Көшпенділер мәдениеті мен Даланың әлемдік өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер еткенін жан-жақты терең бағалауға мүмкіндік туғызған Орталық Азия көшпенділерімен өзіндік мәдениетін зерттеу мен әлемге таныстырудағы Ә.Х.Марғұланның еңбегі өлшеусіз» деп бағалады.

Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени, әдеби мұрасы болып табылады. Ғұламаның өмірі бүгінгі рухани-мәдени өмірімізге де үлгі-өнеге бола береді.

http://www.ertisdidary.kz/publ/1-1-0-24



ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

С. Сұрағанов

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қ.

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.

Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.

1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.



М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды.

Әлкей Хақанұлы бар ықылас-ынтасымен тарихтың, философия мен өнердің объективті заңын білуге талпынады. Осы мақсатпен ол Ленинград Мемлекеттік Университетінің тарих-филология факультеті мен Өнер институтының арнаулы лекциялары мен сабақтарына қатынасады. Сөйтіп Әлкей жоғары мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ білім қорын молайтып, нағыз ойлы зерттеуші, болашақ педагог екенін танытады.

Әлкей Марғұланның жиырмасыншы жылдары Қызылжар қаласындағы педагогикалық техникумда әдебиет пәнінен сабақ бергенін жазушы Ж.Бектұров «Ғұлама» атты мақаласында былай еске алады: «Еліміздің ірі ғалымдарының сүбелі архивтеріне сүңгіген, көне мұраларды шүйгіген, бірқатар беделді оқу орындарында, оның ішінде Қызылжар қаласындағы өз тұсының алдыңғы қатарлы педагогика техникумында сабақ та беріп үлгерген адам-ды. Осы техникумда жиырмасыншы жылдардың орта кезінде Ә.Марғұлан оқыған дәрістің сол күндергі бірер конспектісіне соңғы кезде қайтыс болған оқымысты-жазушы С.Талжановтың қолынан кезінде көз жүгіртіп, Әлкеңнің жас шағында-ақ өте білімді ұстаз болғанына көзіміз жетіп еді» /1, 90-91 беттер/.

1930 жылы Қазақстан мектептерінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары комплексті сипатта жүзеге асырыла бастағанда Қазақстан Оқу ағарту Комиссариатының білім кеңесі «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» атты жинақ шығарды. Ондағы қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет» атты бағдарламаны жасаушылардың бірі Әлкей Марғұлан болды /2, 102 бет/.

1930 жылы көктемде Алматыда Бірінші Бүкілқазақстандық өлкетану съезі ұйымдастырылды. Сол съезге қатысқан түрколог-ғалым Н.А.Баскаков өзінің «Ғұлама ғалым» атты естелігінде сол кезде Марғұлан «... жаңа ғана ұйымдасқан Қазақтың Мемлекеттік университетінде қызмет істеп жүрді» дейді /1, 9 бет/. Ал сол жылдың күзінде оның Орта Азия Мемлекеттік университетінде қызмет істегені туралы академик Ш.Шокин былай еске алады: «Отызыншы жылдың күзінде мен оқу іздеп Ташкенге бардым. ...Әлекең сол кезде Орта Азия Мемлекеттік университетінде жұмыс істейтін» /1, 38 бет/.

Әлкей Хақанұлы осындай көп жылдық педагогикалық қызметі арқылы тәжірибелі, шебер ұстаз дәрежесіне көтеріліп, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқушылары мен 

мұғалімдерге, студенттер мен жоғары мектеп оқытушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын шығарған. Мысалы, ол 1941 жылы Қажым Жұмалиевпен бірігіп «Қазақ әдебиеті» атты орта мектептің 8 класына арналған оқу құралын жазған. Ондағы ауыз әдебиеті туралы түсінік, тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, «Қорқыт» образы, «Жиренше шешен» образы туралы материалдарды Марғұлан жазған /3; 3-12, 16-28, 50-55 беттер/.

Марғұлан «Қазақстан ССР тарихы» оқулығын жазуға қатысқан /4/.
Тарихшы ғалымның «Қазақ ССР тарихын» жазу жұмысына сіңірген еңбегі өте зор. «Қазақ ССР тарихының» 1-томының «Қазақстан халықтары мен тайпаларының VI-XII ғасырлардағы мәдениеті» деп аталатын үлкен тарихын жазды. Онда VI-XII ғасырлардағы халықтар мен тайпалар мәдениетіне сипаттама берді. «Материалдық мәдениеттің дамуы», «Тұрғын үй және үй жиһаздары», «Тоқымашылық кәсібі мен киім-кешек», «Транспорт» жайында жазды. «Қалалар мен қоныстардың өсу тарихы», «Искусство мен архитектура» мәселесін баяндайды. «Рухани мәдениеттің дамуы» деген бөлімінде: «Тіл мен жазба», «Наным, дін» жайында айтылады. VI-XII ғасырлардағы әдебиет пен ғылым жайына ерекше тоқталады.

«Қазақ халқының XV-XVII ғасырлардағы мәдениеті» атты тарауды да Әлкей Марғұлан жазған. Бұл тарауда зерттеліп баяндалатын мәселелер:

1. Қазақтың материалдық мәдениетінің дамуы. Онда: қазақтың үйі, киімі, ішіп-жемі, тамағы, үй кәсіптері, көркем қолөнеріне тоқталады.

2. Халықтың әдет-ғұрпы. Онда: қыз ұзату дәстүрі, халықтың мерекелері баяндалады.

3. Ескі нанымдар мен дін. Білім. Онда: жерлеу дәстүрі, космогониялық түсініктер және халық календары жайын баяндайды.

4. Искусство мен архитектура.

Ғалымның VI-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті және қазақ халқының XV-XVII ғасырлардағы мәдениеті туралы еңбегінің өзінен ғана оны тарих, өнертану, археология, лингвистика, өнертану ғылымдарының білімпазы болғанын көреміз.



Фольклорист-ғалым «Қазақ әдебиет тарихын» жазуға белсене қатынасып, «Өтірік өлеңдер», «Жұмбақтар» атты тарауларын зерттеп жазды. «Ежелгі дәуірдегі эпос тудырған орта», «Қазақ эпос жырындағы әлеуметтік сарындар», «Қырғыздың «Манас» жыры», Қорқыт туралы зерттеулері, тағы басқа еңбектері ғалымның әдебиет тарихына қосқан үлкен үлесі.

Әдебиетші-ғалым Марғұланның абайтану және шоқантану ғылымдарына қосқан үлестері аз емес.

Сонымен, Әлкей Марғұлан ғылыми жұмыспен жан-жақты айналаса отырып, оны педагогикалық қызметпен ұштастырып, мектеп оқушылары мен студент жастарға этномәдени білім берумен өзі тікелей байланыстырған әмбебап ғұлама-ғалым және ұлағатты ұстаз болған екен.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ғұлама: Тағылым (Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, деректі әңгімелер, очерктер, өлең-арнаулар). – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2004.

2. Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар. Сборник программ ШКМ. – Қызылорда: Казиздат, 1930.
3. Жұмалиев Қ., Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. Фольклор. Орта мектептің VІІІ класына арналған. – Алматы: ҚазБМБ, 1941.

4. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В 5-ти томах. (Глав. ред. А.Х.Маргулан и др.). – Алматы: Наука, 1971, Т. 1.






1. Реферат Оценка и анализ рисков по портфелям ценных бумаг
2. Курсовая на тему Водный налог
3. Реферат на тему Electoral College Should Be Here To Stay
4. Курсовая Источники доказательств
5. Сочинение на тему Жизнь и творчество А Белого
6. Сочинение на тему Чехов а. п. - Роль пейзажа в рассказах а. п. чехова
7. Сочинение Образы помещиков в поэме Гоголя Мертвые души
8. Курсовая на тему Схема електрична принципова модуля на базі 8-розрядного мікропроцесора
9. Курсовая на тему Особенности речевого развития детей с нарушением интеллекта младшего школьного возраста
10. Реферат на тему Liberal Reforms Essay Research Paper In this