Реферат

Реферат М ліметтер базасын Microsoft Access-те ру

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.11.2024



Жоспар


Кіріспе.................................................................................................................

I. Мәліметтер базасы туралы жалпы мәлімет..............................

    1. Бүгінгі күнгі мәліметтер базасы..............................................................

    2. Мәліметтер қорының классификациясы.............................................

    3. Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары. MS ACCESS МББЖ-мен жұмыс істеу.........................................

II. Мәліметтер базасын пайдаланушылар.......................................

2.1. Пайдаланушылар категориялары...........................................................

2.2. Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары................................

2.3. Мәліметтер базасы администраторының байланыстары.............
IІІ.  Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлұматтар.
3.1.  Даталогиялық жобалаудың бастапқы деректері..............................


3.2. Даталогиялық жобалау нәтижесі........................................

3.3 Деректер базасын  құрамын аңықтау..............................................
IҮ-бөлім. Мәліметтер базасын жобалау .........
Қорытынды......................................................................................................

Қосымша …...............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................



Кіріспе.

Мәліметтер базасында белгілі бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс деп нақты зертеу үшін қызығушылық білдіретін нақты әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде пәндік облыстың көрінісі мәліметтердің  бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің  саны мәліметтер қорын басқару жүйесінің ерекшеліктеріне тәуелді болады.

Менің бұл дипломдық жобамның басты тақырыбы мәліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.

Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.

Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыптар қозғалмақшы:

  1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы.

  2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары.

  3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі).

Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік техпологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет 

болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.

Жұмыстың басты мақсаты болып жоғарыда келтірілген сұрақтар мен жұмыс тақырыбын жан-жақты, тыңғылықты және терең түрде қарастыру болып табылады.

Осы және басқа да мәліметтермен Сіз келесі беттерде таныса аласыз.


I. Мәліметтер базасы туралы жалпы мәлімет.

1.1. Бүгінгі күнгі мәліметтер базасы.

Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде 

қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.


    1. Мәліметтер қорының классификациясы



Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.

МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.

Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.



Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.

Реляционды мәліметтер қоры бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.

Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:

  • Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;

  • Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:

  • Реляционды алгебра тілдері;

  • Реляционды есептеулер тілдері.

Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.

Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.

Мәліметтер құрылымының үшінші түрі желілік МҚБЖ.

Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты 

алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:

  1. объектiнiң сипаттамаларын анықтау;

  2. осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;

  3. объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).

  4. ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.


    1. Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары. MS ACCESS МББЖ-мен жұмыс істеу



МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

  • нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

  • әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

  • ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

  • 

  • техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді МБ-н құруға мүмкіндік береді.

MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Micro

soft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:

  • әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;

  • Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;

  • Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.

Мәліметтер базасы обьектілері.

Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады.

Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі боліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модулъдер.

Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы.

Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Aшy, Конс

труктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.

Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.



Бар кестені ашу үшін оның атын бұл тізімде ерекшелеп, Ашу кнопкасын басу керек. Жаңа кестедегі МБ-ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.

Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп, Конструктор кнопкасын басу керек.

Кестелер - мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншідеи, кестелер базанық құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.

Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмеғічен мәлімет-терді іріктеу, оларды сүрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операңғіялар атқарылады. Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өз-гертуге, жаңа кестелер жасауға, басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға, кестелердегі қарапайым есептеулерді және т.б. жасауға болады.

Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектічер. Формалар пайдала

нушыға толтыруға болатын әрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады. Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтерді (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушалар және тағы басқаларды) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін кайталанатындай етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.



Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай-ақ жасайды. Формалардың көмегі-мен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құрал-дарын қолдануға болады:

Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтыи сұрау салулар жасалады.

Содан кейін MS Access-тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:

- оку мен тандауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;

- қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша);

- графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма).

Парақтар - бұлар Access 2000-де мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.

Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған жә

не клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен-өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web-парақта берілген байланыс атқарылатын, компонент-терді құрамында ұстайды. Web-торапқа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады. Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.



Макростар мен модульдер.
Объектічердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған.
Макростар
~ макробүйрыңтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бүйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген белгілеудің мәні бар.


Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалың рәсімдер (проңедуралар). Егер Access стандарттың құралдар тапсырыс берушінің небір гиеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.


II-бөлім. Мәліметтер базасын пайдаланушылар.

2.1.Пайдаланушылар категориялары.

Мәліметтер базасымен оның құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.

Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер базасының ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл мәліметтер базасына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы білім талап етілмеуі керек.

Мәліметтер базасын функционалдау мәліметтер базасын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың бұндай тобы мәліметтер базасының администраторлары (МБА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер базасының құраушы бөлігі болып есептелінеді.

Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не  Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

  • 

  • Мәліметтерді анықтау (Data definition) сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;

  • Мәліметтерді өңдеу мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады; 

Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.


2.2. Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары.

Мәліметтер базасының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі мәліметтер базасының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, мәліметтер базасының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде тәуелді болады.

Мәліметтер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша 

мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

Мәліметтер базасының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

  1. Пәндік облыс анализі: пәндік облысты жазбаша суреттеу, толықтылықты шектеуді табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар қажеттіліктерін анықтау, пайдаланушылар статусын анықтау, "мәліметтер - пайдаланушы" сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің уақыттық - көлемдік мінездемесін анықтау.

  2. Мәліметтер базасының құрылымын жобалау: мәліметтер базасының файлдарының құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, мәліметтерді тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі әдістерін таңдау, мәліметтер базасы мен мәліметтерді жазбаша суреттеу тілдерінің құрылымын жазбаша суреттеу.

  3. Мәліметтер базасы мен МБ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік облысқа жататын толықтылықты шектеуді беру, мәліметтер базасының құрылымымен шақырылған толықтылықты шектеуді анықтау, мәліметтерді енгізу мен корректировкалауда МБ-ң толықтылығын қамтамасыз ететін шараларды құру, көп пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету.

  4. Мәліметтер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу: мәліметтер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу технологиясын жасау, 

  5. енгізу формаларын жобалау, мәліметтерді дайындау, енгізу және енгізуді бақылау.

  6. Мәліметтерді қорғау.

    1. Жүйеге пароль арқылы кіруді қамтамасыз ету: пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.

    2. Нақты мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін мәліметтерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, мәліметтерді қорғаудың программалық - технологиялық жабдықтарын таңдау/құру.

    3. Мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.

    4. Ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу.

5.5.Мәліметтерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу.

  1. МБ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: МБ-н қайта қалыптастырудың программалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.

  2. МБ-на пайдаланушылардың жолдауның анализі: пайдаланушылардың МБ-на жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және анализдеу.

  3. МБ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық көрсеткіштер), мәліметтер базасын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау, 

  4. мәліметтер базасының құрамын өзгерту, программалық және техникалық жабдықтарды дамыту.

  5. пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, пайдаланушылардың МБ-ң жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау, пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру.

  6. Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау: МББЖ және ҚПП туралы ақпарат жинау және анализдеу, программалық жабдықтарды иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды қолдау, программалық жабдықтарды дамыту.

  7. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс: МБ-н жобалау әдістемесін таңдау немесе құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын анықтау, МБ-ң даму кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды жасау және шығару.

Әдебиеттерде жиі-жиі пайдаланушылардың тәуелсіз категориясы ретінде қолданбалы программистерді бөліп көрсетеді. Мамандардың бұл тобын ерікті категорияға қоспау керектігі ойластырылуда. Одан да оларды мәліметтер базасының администраторларының құрамына қосу керек.

2.3. Мәліметтер базасы администраторының байланыстары.

МБ-ң администраторы өз қызметінің барысында мәліметтер базасының басқа пайдаланушыларымен, сонымен қатар МБ-ң пайдаланушылары болып табылмайтын "сыртқы" мамандармен де қарым-қатынасқа түседі.

Ең алдымен егер мәліметтер базасы қандай да бір кәсіпорынды немесе ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы ұйымның әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Жоғарыда көрсетілгендей 

МБ-сын енгізу ақпаратты өңдеу жүйесінде ғана емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді. Бұндай үлкен жобалардың ұйым басшылығының белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз орындалмайтыны анық. Ұйым басшылығы МБ-мен ұсынылатын мүмкіндіктермен танысуы керек, оның басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері туралы хабарлануы тиіс, сонымен қатар МБ-ның құрылуы мен функционалдануы барысында пайда болатын мәселелер туралы ақпарат алуы тиіс.

Мәліметтер базасы пәндік облыстың динамикалық ақпараттық көрінісі болып табылатындықтан МБ-ның администраторлары өз кезегінде ақпараттық жүйе құрылатын объектінің даму переспективасы туралы уақытында хабарлануы тиіс.

Ұйым басшылығы мен МБ-ның администраторы МБ-н құрудың негізгі бағыттары мен уақыты және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу кезектілігі туралы келісуі қажет.

МБА-ның МБ-ның бүкіл өмірлік циклінің кезеңдеріндегі өте тығыз байланыс түпкілікті пайдаланушылармен байқалады. Бұл қарым-қатынас пайдаланушылардың қажеттіліктері зерттелген кездегі, пәндік облыстың ерекшеліктері анықталған кездегі жүйені жобалаудың алғашқы кезеңдерінде басталады және жобалау процессі мен жүйенің функционалдануы кезінде де қолдау табады.

Соңғы уақыттарда мәліметтер базасының түпкілікті пайдаланушылары мен администраторлары арасында функцияларды қайта бөлу жүріп жатқандығын айта кеткен жөн. Бұл ең алдымен түпкілікті пайдаланушыларға бағытталған тілдік және программалық жабдықтардың дамуымен байланысты. Бұған қарапайым және соған қоса күшті сұрау салу тілдері, сонымен қатар жобалауды автоматтандыру жабдықтары жатады.

Егер мәліметтер базасы қандай-да бір оны қосушы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (мысалы, АБЖ-да) құрамында 

функционалданса, онда МБА-а бұл жүйеде мәліметтерді өңдеу бойынша мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.

МБ-ның администраторлары оған қатысты мамандардың сыртқы топтарымен де және ең алдымен МББЖ және ҚПП жеткізушілерімен, басқа МБ администраторларымен қарым-қатынасқа түседі.

МБ-сын мамандандырылған жобалық ұжымдармен бүтіндей немесе МБ жобалаудың өзіндік нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл жағдайда МБ-ның әкімшілік қызметі ұйымдық-өндіруші ретінде де, ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде де құрылуы керек.
IІІ.  Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлұматтар.
3.1 Даталогиялық жобалаудың бастапқы деректері.


Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, оларды сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуелді болмайды. Осы модель информациялық бірліктер терминдеріне құрылады, нақты МББЖ рұқсат етілген, біздер деректер базасын жобалайтын ортада. Даталоиялық логикалық модельді құру кезеңі даталогиялық жобалау болып аталады. МББЖ тілімен деректер базасының логикалық құрылымын суреттеуді сызбанұсқа деп атайды.

Мәліметтер базасының физикалық моделі - даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады (көп жағдайда физикалық моделі деп аталады). Осы модель есте сақтау құралғыларды аңықтайды және деректерді сақтайтын жерде физикалық түрін ұйымдастырады. Физикалық  деңгейдегі модель мүмкіндік нәтижелілігін есептеп құрылады, МББЖ суреттеуі бойынша. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеуді сақтау сызбанұсқасы деп аталады. Соған сәйкес МБ жобалау деңгейі физикалық жобалау деп аталады.

Кез – келген  МББЖ  өзіне мүмкін болатын мәліметтердің логикалық бірліктерімен жұмыс жасайды, сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі логикалық құрылымдардың ақпараттық бірліктерді құраушы төменгі деңгейлерден анықталған ережелер композицияларын қолдануға мүмкіндегі береді. Бұдан басқа, көптеген МББЖ мәліметтер базасы құрылымына сандық және басқалай шектеулер қояды. Сондықтан даталогиялық модельді құруға кіріспестен бұрын МББЖ – нің 

ерекшеліктерін тыңғылықты түрде оқып  - зерттеу керек, жобалық шешімді таңдауға әсер етуші факторларды анықтау қажет, сонымен қатар, жобалаудың автоматтандырылуының қолда бар жабдықтарын, оларды пайдалану мүмкіндіктері мен мақсатты бағытталдығын анализдеу керек.
        Даталогиялық жобалау мәліметтер базасының  логикалық құрылымын жобалау болып МББЖ – мен ұсынылатын мәліметтерді физикалық мүмкіндіктері әсер етеді. Сондықтан да, мәліметтерді физикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін білү логикалық құрылымды жобалау барысында пайдалы болып табылады.

Мәліметтер базасының логикалық құрылымы, және де мәліметтермен толтырылған мәліметтер базасы реалды пәндік облыстың көрінісі болып табылады. Сондықтан жобалық шешімдерді таңдауға информациялық модельде көрсетілген, пәндік облыспен көрсетілетін специфика әсер етеді.


3.2 Даталогиялық жобалау нәтижесі.

Даталогиялық жобалаудың түпкілікті нәтижесі болып мәліметтер базасының логикалық құрылымын суреттеу табылады. Бірақ егер жобалау “қолмен” жүргізілсе, онда ең алдымен мәліметтер базасы құрылымын схемалық графикалық көрінісі құрылады. Бұл жағдайда мәліметтерді суреттеу тілінің конструкциясы мен ақпараттық бірліктер мен олардың арасындағы байланыстарды графикалық белгілеудің арасындағы бірмағыналық сәйкестілік қамтамасыз етілуі тиіс. Графикалық көрінісі мәліметтер базасының құрылымын автоматты жобалау барысында жобалаушымен қарым – қатынастың интерфейстік  жабдығы ретінде және де жобаны құжаттау кезінде де қолданылады.



Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жобалау барлық ақпараттық бірліктер мен олардың арасындағы байланысты анықтауды, оларға ат беруді білдіреді. Егер де ақпараттық бірліктер үшін әртүрлі типтерді қолдану мүмкін болса, онда олардың типін аңықтау қажет. Сонымен қтар кейбір сандық мінездемелерді, мысалы, өріс ұзындығын берген жөн.

Деректер моделінің әрбір типі және модельдің әрбір түрі нақты МББЖ қолданылғанда өзінің ерекше қасиеттері болады. Сонымен қатар барлық  құрылымды деректер модельдерінде және өзінің ортасында МБ ұстаным жобалауларында көптеген ұқсастықтары болады. Осының барлығы деректер базасының құрылымын жобалауда бірыңғай методологиялық қатынасты қолдануға мүмкіндік береді.
       МБ жобалау процесі алдын – ала пәндік облыстағы объектілер классификациясын  жасауға, жүйеге келтіргенде объектілер және олардың арасындағы бойынша туралы ақпаратты береді.


Жобалаудың бастапқы кезеңдерде МБ –ның тізімі анықталуы керек. ДБ логикалық құрылымын жобалауда инфологиялық модельдің деректер моделіне ауысып кетуіне жағдай жасайды және нақты МББЖ қолданылады да тексеру болғаннан кейін даталогиялық модель пәндік облыста суреттеледі.
      Кез – келген  пәндік облыстың даталогиялық модельде суреттеудің көптеген жобалаудың шешімдері бар.

Жобалау әдісі ең кішкентай логикалық бірлігі (олардың әртүрлі аталуына қарамастан ) барлық   МББЖ семантикалық тең болады және объектің идентификаторына сәйкес келуі керек немесе объектің қасиетіне немесе процеске.

Пәндік облыстағы зат арасындағы байланыстар, инфологиялық  модельде сипаталады, даталогиялық модельде инфологиялық элементтердің бірге орналасуына байланысты суреттелуі немесе олардың 

арасындағы байланыстың жариялауында. Байланыс іштей жазу сырттай жазу деңгейде де берілуі мүмкін.

Байланыстың барлық түрі емес пәндік облыстағы  болғандары даталогиялық модельде  нақты түрде сипатталуы мүмкін. Көптеген МББЖ элементер  арасындағы  М : М байланысты қолданбайды.Осы жағдай да даталогиялық модельге көмекші элемент енгізіледі, осы қатынасты сипттайтын болады. Осы жағдайға назар аудару керек, себебі пәндік облыста және инфологиялық логикалық модель сипаттайтын қатынастар тек қана деректер базасының құрылымы арқылы берілуі мүмкін, сонымен қатар програмалық жолмен де берілуі мүмкін.

Мысалы: Қорытылған объектілер деректер базасын логикалық құрылымы деңгейде класс тобының  сипатталуы керегі болмайды. Осы жағдайда класстар тобы программалық жолмен сақталатын деректердің өңдеумен аңықталады. Сипаттаудың қандай тәсілмен шешімі нақты жағдайда қолдану керегінің көптеген факторлардан тәуелді болады: тұрақсыздық заттың сипаттауы номенклатураның көлемі, МББЖ ерекшеліктері деректер өңдеуі мінезіне т.с.с.

Егер де пәндік облыста  қызметкерлердің жынысы бойынша классификация қолданса, деректер базасында жыныстық классификаторды құрудың қажеті жоқ, себебі ол тек қана екі позицияны ұстайды және ешқашан өзгертілмейді. Соған сәйкес пәндік облыстың обьектілеріне класс топтарды бөлудің керегі жоқ, олар көп жағдайда бірлескен түрде өңделеді және негізінде оларды сипаттайтын біртүрлі қасиеттер тізімін құрайды. Егерде сипаттайтын зат тұрақсыз болса, онда оны деректер арқылы беру керек, әйтпесе ол программаның әрдайым түзулуін қажет, осы жағдайда деректерді өзгертудің жағына қарағанда  қиынға соғады.

Бірлескен обьектілердің бір файлда сипатталуына қарағанда, тағы бір   тәсілі бар, әрбір төменгі деңгейдегі класс тобы обьектілеріне бөлек 

өзіндік файлдарды атап көрсетуге болады.Осы екі вариант кез – келген МББЖ қолдану мүмкін.

Сипаттаудың басқа тәсілдері нақты және нақты емес МБ логикалық құрылымында класс топтарының суреттеуімен байланысты класс тобының нақты суреттейді  - жазуында қасиеттердің мағыналары үшін жолдар белгіленуі әртүрлі класс топтарының жалпы обьектілерге және класс топтарының қасиеттің шешіміне жолдардың орнына класс топтарына тәуельді болған тәуельді тізімімен бір жол қолданады, оның құрамынан қандай класс тобы, қандай суреттейтін обьектіге жататыны белгілі болады. ДБ класс топтарының нақты бөліктен құрылымын принциптің орындалуы МББЖ –нің спецификасынан тәуелді болады.

ДБ логикалық құрылымын жобалауында негізгі мағынасын пәндік облысының қасиеті иемденеді. Бірақта информацияның өңдеу мінезі де жобалауда шешімін қабылдауға әсерін тигізеді. Мыс: Жиі қолданылатын информацияны бірге сақтау ұсынылады, көп жағдайда бірге өңделетін  және керісінше бірге көп қолданылмайтын информацияны әртүрлі  файлдарға бөліктеу. Көп қолданылатын информацияны және информацияға жолдамалар жиілігі аз болатын әртүрлі файлдарда сақтау керек, соңғысын архивтік файлдарға кіргізгені жақсы бөлер еді, ДБ тізімінде қолдағаннан гөрі.


3.3 Деректер базасын  құрамын анықтау.

Информациялық модельдерден даталогиялық модельге көшу кезінде мынаны ескеру керек, информациялық модель өзіне пәндік облыс туралы ДБ жобалауға керекті бүкіл информацияны кірістіреді. Ол инфологиялық логикалық модель ішіндегі заттарды бәрі даталогиялық модельде 

сипаттамайды. Даталогиялық логикалық модель  құрастырғананнан бұрын шешу керек қандай информация МБ – да сақталады.

Мысалы: Инфологиялық модельде саналатын көрсеткіштер суреттелуі керек, бірақ та олар деректер базасында сақталмауға болады. ДБ – да сақталатын көрсеткіштер тізімін аңықтауда әртүрлі қатынастар бар. Соған сай деректер базасында тек қана нәтижелік көрсеткіштер сақталуы тиіс, ал өңделетін көрсеткіштер сұраным болған кезінде есептелуі тиіс.
     Осы қатынастың жақсы жақтары бар.

  1. нені сақтау керек ” шешімін қабылдағанда қарапайымдылық және бірлік.

  2.  Информацияның төлқұжатының болмауы, және одан шығатын барлық                                                                       салдары

  3.  Кез – келген саналатын көрсеткішті алудың мүмкіндігі.

    Саналатын көрсеткіштер сақталуға шешім қабылдауда бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін.

Гипотетикалық пәндік облысты қарастырайық, ал оқу орнын суреттейді. Осы оқу орында оқитындарға стипендия беріледі. Стипендия берудің нақтыланған алгоритмі болады.

  1. Барлық экзамендарды сессия уақытында тапсырылғандарға  беріледі.

  2. Стипендияның көлемі белгілі.

  3. Кімде қаңағат деген бағалар болмаса, стипендия 25%  жоғары болады.

  4. Кімде тек қана өте жақсы деген бағалар болса стипендия

50 % артады.

  1.  Семестр бойы стипендияның көлемі  өзгермейтінін қарастырайық. Осы жағдайда стипендияның көлемі саналатын көрсеткішке жатады, сондықтан деректер 

  2. базасында сақталмайды, себебі кез – келген уақытта саналатын жолмен аңықталады.

Бірақ та қарастыратын жағдайда оны ДБ сақтауға жақсы болған еді, себебі:

 а) Алынатын мөлшері ірі қарай көп қолданады.

 б) Стипендия көлемін аңықтаудың алгоритмі күрделі логика құрайды, санауға керекті бірнеше файлдарды қарастыруды етеді.

в)  Стипендияның көлемі семестр бойы өзгермеуі керек.

Стипендияның берілуі” нақты файлды иемдегенде оның толықтылығын және дәлдігін қадағалау жеңіл болады.

Қорытынды.

Мәліметтер базасын басқару жүйесін пайдаланушылар ортасы өте ауқымды болып келеді. Оны үлкен де, кіші де, жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да адам өмірінің барлық салаларында пайдаланады.

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты әлеуметтік-экономикалық салалар автоматтандырылуда. Соған сәйкес бұл салаларды басқару орталықтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылуда.

Енді, осы курстық жұмысымды аяқтай келе келесідей негізгі қорытындыларға тоқтала кетуді жөн көрдім:

  1. Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді.

  2. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер базасының ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады.

  3. Мәліметтер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, 

  4. жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек.

  5. Егер мәліметтер базасы қандай да бір кәсіпорынды немесе ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы ұйымның әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Бұндай үлкен жобалардың ұйым басшылығының белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз орындалмайтыны анық.

  6. Егер мәліметтер базасы қандай-да бір оны қосушы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (мысалы, АБЖ-да) құрамында функционалданса, онда МБА-а бұл жүйеде мәліметтерді өңдеу бойынша мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Балапанов Е.К.,  «Жаңа информациялық технологиялар; Информатикадан 30 сабақ», Алматы, ЖТИ, 2003ж.

  2. Бектаев С.К., «Компьютер: сұрақ және жауап», Алматы, Қазақстан, 1991ж.

  3. Брешенков А В «Оперативная разработка баз данных средствами системм CLARION»

  4. Гигловый А.В. , «ЭВМ-мен жұмыс істеуді үйренейік», Алматы, 1992ж.

  5. Диго С.М., “Проектирование и использование баз данных”, Москва, “Финансы и статистика” – 1995

  6. Дейт К Дж «Руководство по реляционной СУБД»
  7. Жапарова Г.Ә. «Информатика негіздері»


  8. «Информатика: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған құралы», Алматы, Қазақ университеті, 1992ж.

  9. «Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту: екі бөлім», Алматы, мектеп, 1972ж.
  10. «Информатика» М.Қ. Байжұманов. Л.Қ.Жапсарбаева.


  11. Картыгин С.А. «Access» - Москва, 1997г

  12. Коуров Л.В., “Ақпараттық технология”, Минск “Амалфея” – 2000

  13. Кушниренко А.Г., Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень, «Информатика мен есептеуіш техника негіздері», Рауан, 1998ж.

  14. Қараев Ж, «ЭВМ және программалау элементері», Алматы, Рауан, 1991ж.

  15. Конюховский П.В., Д.Н.Колесова, «Экономическая информатика», Питер, 2000г.

  16. Макарова Н.В. «Информатика», учебник,  Москва, «Финансы и статистика», 2004 г

  17. 

  18. Петров, “Информационная система”, Москва – 2000

  19. «Компьютер әлемі», Республикалық журналы, №1, 2001 ж.

  20. “Компьютерлік технология ерекшіліктері”, Информатика негіздері,2007ж №1, 25-26 бет

1. Реферат Характеристика рослин заяча конюшина зеленчук жовтий звіробій звичайний
2. Реферат на тему Роль животных в почвообразовании
3. Курсовая Организация и планирование работы порта
4. Реферат Перспектива развития полетных упражнений на перекладине
5. Реферат на тему The Handmaids Tale Essay Research Paper Many
6. Сочинение на тему Чичиков у Собакевича Мертвые души НВ Гоголя
7. Реферат на тему Moby Dick Junk Essay Research Paper Defects
8. Реферат Концепция современного естествознания. Краткая история биологии как науки.
9. Реферат Первобытное исскуство
10. Курсовая Бухгалтерский управленческий учет 7