Реферат

Реферат йел адамды бас арушы ретінде арастыру

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024



ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру.

Орындаған: Кушкинбаева А. К

3 курс студенті

М07К2
Ғылыми жетекші: Жұмамбаев С.К.

Э.ғ.к., доцент
Алматы, 2009 ж

Жоспар


Кіріспе бөлім...........................................................................................................1

1 бөлім. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру...................................2

    1. Тарихи тұрғыдан кәсіпкерлік ер адамның жұмысы..................................5

1.2 Әйел адам-әлсіз, нәзік жан...............................................................................6
2 бөлім. Дамыған елдердегі соның ішінде Еуропа елдеріндегі әйел-басқарушы тәжірибесі............................................................................................7
3 бөлім. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы Қазақстандағы әйел-басқарушы..............................................................................................................10
3.1 Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның жеке мақтау қағаздары, әйел адам тамаша басқарушы бола алатындығының нақты үлгісі......................12

4 бөлім. Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар...

4.1 Қазақстан Республикасында әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіреттін факторлар...........................................................................................14

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................18

Қосымша мәлеметтер............................................................................................19
Кіріспе
Басқару. Адамды басқару. Қызметті басқару. Бұл үш ұғым, өте кең, ауқымды мағынада жүреді. Қызметпен басқару-қызметтiң жоспарлауынан, өндiрiстiк есептердiң дұрыс жүруімен, өндiрiстiк жұмыстың өлшем жүйесiнiң нақты жасалуынан және тапсырмалардың орындалғандығын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай адамды басқару ұғымы туындайды. Егер қай қызметте болмасын адамдармен басқару терiс, дұрыс емес iске асса, қызметпен басқару жүзеге аса алмайды. Адамдарды басқару, кәсіпорындағы қызметті басқарумен байланыстырылады. Осыған орай жалпы басқару ұғымы туындайды. Басқару түр мәлiметтеріне байланысты былай сипатталады: жетекшiнiң жұмыс құрама бөлiгiнiң ұжымдық iскерлігін қамтамасыз ету, кадрлық саясат жүргізе білу, қарамағындағы адамдарға өз біліктілігін үйрете білу, деректерді, мәлеметтерді беру. Ал басқару өз аясында қызмет түріне тәуелсіз, көп зерделi күштерді қажет етеді. Ұйымның қызметiн басқару-жұмыстың максимал нәтижелерiнiң табысына талпынысын бiлдiредi. Осыған байланысты келесідей тұжырымға келуге болады: басқару-адам қызметiнің барлық дәрежесінде кездеседі және адамның әр түрлi қызметтi басқаруды қажет етеді. Жақсы басқару iске асқан сайын жетiстiктiң ықтималдығы соншалықты жоғары болады. Басқару арқылы ғана-нәтижені нақты болжау, адамдардың тығыздығы және олардың бір ұжымда жұмыс жасауы жүзеге асырылады. Осыған орай бүгінгі күнде басқару көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр. Басқаруды әбден жетiлдiрудi, жаңа формаларын iздестiру, оның дамытуының жаңа жолдарын қарастыру бүгінде, экономистердің де, психологтардың да басты мәселесі болып табылады.

Ұжымды басқару-өнерлі іс және де осы өнермен айналысатын адамнан оның темпераменттілігін, дүние танушылығын, құзыреттiлiгін, ойлаудың ауқымдылығын, үйлесiмді жұмыс жасап білуін қажет етеді. Басқарушы-көш басшы, ынталандырушы, ұйымның болсын, кәсіпорынның болсын алға бастаушы күші болып табылады. Бүгінгі таңда басқарудың көптеген түрлері анықталған. Айта кетсек, авторитарлық стиль, демократиялық стиль, Либералды стиль, технократиялық және бюрократиялық стиль. Басқару стилі, басқарушының мәдениеттiң деңгейi және құндылық бағыттана тәуелдi болады. Басқарудың ең шешу тұжырымдамасы: «жеке басқару», яғни басқарушының қарамағындағы жұмыс істеп жатқан адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы, жұмыс жасауға әсерін тигізетін әр түрлi әдiстерiн қолдана отырып және олардың тиiмдiлiк дәрежесiн анықтау арқылы жұмыс жасау процесінде жеке басқару.

Француз ойшылы және филосовы Шарль - Луи Монтескьенiң айтуынша: «адамдармен басқарғын келсе оларды өз алдында айдап жүрудің қажеті жоқ, олардың ізінде өзің жайлы жүруін керек».(« если хочешь управлять людьми, не надо гнать их впереди себя, надо следовать за ними»).

  1. Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру.

Бұл курстық жұмыс жоғарыда айтылып кеткен басқару стильдері ретінде, әйел адам басқарушы ретінде қарастыруға анализдеуге бағытталған. Менеджерлік негізгі мыслалдар мен мәселелер келтірілген. Бүгінгі таңда бұл жұмыстың мәні өте маңызды. Себебі заманның өзгеруіне қарай, адамның интелектуалды дамуына қарай көптеген өзгерістердің біздің өмірімізге әсері тиіп жатқаны айдан анық болса керек. Бүгінгі таңда еліміз дамушы мемлекеттер қатарында. Бірақ оған қарамастан, әйел адамды басқарушы ретінде қарау, біздер үшін үйреншіксіз нәрсе. Себебі біздің ойлау қабілетіміз, салт-дәстүр, дін-ниетіміз, батыс елдерінен әлде қайда өзгеше, тым өзгеше.

Соңғы екі үш мың жылдықтарда дамыған елдерде әйел адам мен ер адамның құқығы тең. Яғни әйел адамы бұл заманда тек ғана үйді және үй ішін аялап әлпештеп ұстайтын Ана ретінде ғана емес сонымен қатар «жұмысшы-әйел», «бағушы-ана» ретінде қалыптасып келеді. Жалпы әйел адам мен ер адамның жалпы адамның теңдігі Қазақстан Респуликасының Конститутциясында 1 бабында анық та айқын көрсетілген. Бірақ оған қарамастан біздің елде күні бүгінге дейін әйел адамға деген көз қарас өзгермеген. Теңсіздік көп жағдайда байқалады. Мәселен: әйел адамның толық жұмыс бастылығы ешқашанда оның отбасымен немесе ата анасымен қабылданбайды. Көптеген кәсіп орындарда және де толықтай дерлік біздің мемлекетімізде әйел адамның еңбегі бағаланбайды. Жалпы әйелдерге қатысыты кемстудің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияда былай делінген: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеячынсы саясы, эеономикалық, әлеуметтік. Экономикалық, мәдени азаматтық бостандықтарын жүзеге асыруға нұқсан келтірітін жынысына қарай кез келген айрмашылық жасау, ерекшклеу немесе шектеу заңмен қудаланады.

Неше мың ғасыр бойы әйел адам тек ғана үй іші экономикасына ғана араласа алған. Осы себебтен де әйел адамды басшы ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеп қарастыру ойға сыймайтын зат секілді. Ер адамның басшы болуы стандартты және де ешқашан өзгертілмес белгілі бір қағида ретінде сақталып келген. Мысалы ретінде сонау замандағы әскер басшысынан бастап бүгінгі күннің мемлекет басқарушысын қарастырсақ болады.

Соңғы он жылдықта тэндірлі айырмашылықтарға байланысты соның ішінде еңбек қызметі өзгерістері және баққұмарлық сияқты факторлар,әйел адамның жұмыс жасау қабілеттілігі көптеген зерттеулер көзі болып отыр. Қарастырылып отырған мәселе өте қызықты, бірақ әр түрлі, мүлдем біріне бірі ұқсмайтын мағлұматтарды қамтып отыр. Сонын салдарынан көптеген теориялық және практикалық сұрақтар жауапсыз қалса керек. Тоқталып өтсек: «Басшы болу тек ғана ер адамға сай, ал әйел адам сонша ауыртпашылықты көтере ала ма?», «Әйел адам бір уақытта ақжаулықты ана, сенімді жұбайы, жауапты басшы бола ала ма?», «Отбасында әйелі мен ерінің орны ауысқан отбасы қаншалықты берік болады?», «Ер адам басқарушу мен әйел адам басқарушының қандай айырмашылығы бар?» Мен осы курстық жұмысымда осы мәселелерге көптеп назар бөлдім.

Бүгінгі таңда кандай да мемлекеттің экономикасы, нарықтық экономика сипатында. Ал нарықтық экономиканың негізгі мәні, күніге өзгеруінде, күніге жаңарып, дамуында, яғни әйел адамның бойында сонша мың жылдықтар бойы сақталған басшылық қасиеттерін дұрыс қолдану арқылы, экономиканы әлде қайда өсіріп дамытуға болады деген сөз. Бірақ әйел адамның басшылық патенциалын қолдану үшін, Қазақстан Республикасында әлеуметтік экономикалық өзгерістерді анализдеп зерттеу қажет. Себебі біздің еліміздің минталитеті қандай да болмасын дамыған елдің минталитетінен мүлдем өзгеше.

Менің осы курстық жұмысымның басты мақсаты, Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық жағдайға байланыстыра отырып, әйел адамды басшы ретінде қарастыру, яғни экономиканы дамытуға жаңа табыс көзін іздеу. Ал әйел адамның бойында неше мың ғасырлар бойы сақталып келген бүркеме патенциал, табыс көзі бола алатыны сөзсіз. Әйел адамның ойлау қабілеті ер адаммен салыстырғанда мүлдем басқаша. Осыған орай бүгінде біздер жаңаша ойлау, жаңаша көз қарас яғни жаңаша басқару көздерін тауып отырмыз, ал ол өз кезегінде экономиканың, әлеуметтің, мәдениеттің дамуына зор ықпал етері де сөзсіз.

Бүгінгі біздің әлеміміз күрт өзгерді. Кешегі қатаң иеархиялық басқару бугінде мативация немесе сенім орнату сияқты қағидалар қасында тиімсіз. Социялогиялық терминдер бойынша, ер адам басшы көбіне вертикалды басқаруға көңіл бөледі, яғни қағидалы, ережеге сай, ал әйел адам керісінше, әр адамға индивидуалды көзқарасқа сүйеніп жұмыс жасайды, яғни мативациялық принціпке сүйенеді. Сондықтан әрқашан ұл балдар бірімен бірі жарысады, ал қыз балдар бәрі бір жиналып, сол мәселеден керекті мағлұматтарды ғана еске сақтап қалады. Қандай да болмасын мәселені шешуге әйел адам әрқашан терең оймен келеді. Ер адам болашақта істейтін істеріне ұзақ уақытты жобаларды жасауға құмар болса, әйел адам нақты, бүгін, осы мезетте болатын істердің қорытындысын күтеді. Әйел адам өзінің және біреудің қателіктерін әрқашан да қадағалап отырады. Ол әрқашан өз ойын нақтылы, идеяларын ашық көрсете алады. Ер адаммен салыстырғанда, әйел адам жұмыс уақытында алдамшы күтулерге (ухаживание) көңіл бөлмейді, яғни ол жұмыс пен демалыс уақытын нақты айырып қоя алады. Көптеген ер адамдардың ойынша, әйел адамдар жұмыс орнында жайлы жайтты құрайтын, сәнді киінген сұлу бейне секілді, бірақ олар мүлдем басшы бола алмайды. Бұл ер адамдар үшін мәңгіге сақталған қағида ретінде көрінеді. Мен бірақ бұл қағидамен мүлдем келіспеймін. Себебі әйел адамның интелектуалды патенциялы шексіз және де әлі зерттелу үстінде.

Ұйымдастырушылық қызмет, мына жүйемен сипатталады: «адам-адамдар тобы», « ұйымдастырушы-тобтар». Бұл жүйе осы нысандарға сай ықпалдар арқылы, адамды басқарудың негізгі бөлігі болып табылады. Яғни, «субьектінің-ұйымдастырушының, обьектіге-басшылық ететін топқа» ықпалы. Психологтар мен социологтардың анықтауы бойынша, кәсіпорындағы жұмыстың тиімділігі, айтарлықтай дәрежеде басқарушыға тікелей байланысты. Ал басқарушылық қасиеттері қаншалықты?

Әйел адам әрқашан да тұрақтылықты қалайды, бірақ бизнес табиғаты тұрақты болуы мүмкін емес. Бизнесте әрқашанда жаңалық және де тәуекел болады, ал көптеген әйел адамдар тәуекелге бармайды. Ал ер адамдар керисінше тәуекелді жақсы көреді. Сондықтан да бизнесте ер адамдар көбіне мықты басшы болады. Жалпы әйел адам мықты басқарушы болу үшін оған мына екі жағдайда мінез-құлық тән болу керек: «ер адамша ойлау қабілеті» және де «долылық» (стервозность). Ер адамға тән мінез: логика, қаттылық, сызықтық (прямолинейность). Осы қасиеттер әйел адамдарда да бар, бірақ әйел адамда ол «долылық» сипатта көрінеді. Сапалы басқарушы болу үшін негізігі қажетті мінез құлықтар: парасаттылық, сезгіштік, қаттылық, адаммен жұмыс жасап білу, логика т.б. Ал осы қасиеттер ер адамның бойында мықты қалыптасқан. Осыған байланысты , әйел адам-басқарушы, ер адам-бағынышты болса, әйел адамға ер адамды басқару қиын деген пікір бар.

Адамдармен сойлесіп, қатынасқа түсіп білетін басқарушы, мейірбан ағатай немесе апатайға мүлдем ұқсамайды. Басқарушы қатаң, талапты, қатты болуы мүмкін. Әр басқарушының қарым- қатынасқа түсудің өзіндік сипаттары бар. Бірақ әйел адамда да, ер адамда да, басқарушы міндетін атқарғандағы жиренішті түрлер айқындалған.

«Үйде, ақ қолғаппен» (дома в белых перчатках) - сырт көзбен қарағанда дұрыстылық, орындылық, адалдықты негіздеп басқарады. Бірақ шынында сыпайы, әжептәуір әдістермен бағыныштының ар-ұятын төмендетеді, оған немғұрайлы қарайды.

«Суық асқағы ханым» (холодно-высокомерная леди)-тек ғана жұмыс қызықтырады, ал бағынушының көңіл күйін, өның өзінің өмірі ретінде қарастырады, яғни жұмыс орнында бағынушы тек жұмысты ойлау керек. Бағынышты мен үйреншікті емес қарым-қатынасқа түспейді, әр дайм өзінің бастық екенін көрсетіп, бағынушымен белгілі бір аралықта ғана дистанция сойлеседі.

«Сұмдық өсекші» (жудкая сплетница) - көп жағдайда әйел адамның басқарушылық қызметін бағалау барысында, оның ен бірінші өсекке құмарлығын айтады. Көп жағдайда басқарушы әйел жұмысы жақсы болады, бірақ біреудің өміріне қызығушылық, біреудің жеке затын қарау, жеке өмірі туралы өсек айтуға құмарлығы оның жақсы атқарылып жатқан қызметінің қараңғы болып, өсек шаңының астында қалып қоюына акеліп соғады.

«Қырсық бикеш» (капризная барышня) - басты ерекшелік: өз-өзінде тұйықтық, бар бағыныштылардың оған тілектес емес, оған қарсы деп сезіну, бағыныштылардың жұмысының нәтижесімен мәңгі қанағаттанбау.

«Еркек –шора» (синий чулок) - бұл басқарушының түрі бір мәнді емес. Көбіне ол жалғыз немесе жесір әйел, табынды және іскер. Ондай әйелдерде нәзіктік қасиеті мүлдем ұмытылып кеткен. Олар те ғана жұмысты, әрқашан жұмысты және тағы да жұмысты ойлайды. Осымен, басқарушы болу-үлкен серпу, және еркек қабілеттілігін, үй жұмыстарынан шегіну сезіну керек екенін көрсетеді.

Басқарушының тағы бір түрі «бұлғалағн стильді» десек болады, яғни ондай адамдардың даралық, өзіншелік қасиеттері әлсіз немесе тым жоқ. Ондай адамдар жоғарғы басқарушының көлеңкесенде жұмыс жасайды, яғни оның бар айтқан ой-мысалдарымен үндеседі.
1.1 Тарихи тұрғыдан кәсіпкерлік ер адамның жұмысы.
Тарихи тұрғыдан кәсіпкерлік ер адамның жұмысы. Себебі бәсекелестік бұл жерде ер адамдардың ережелерімен, қағидаларымен орнайды. Бұл салада жетістікке жететін , осы қағидаларды ұстанып білетін, осыған шыдай алатын ғана әйел. Бірақ басқарушы дарынды, жақсы жетістіктерге жетіп тұрса, ол әйел адам ба, ер адам ба, қажеттілігі қанша? Анығында фирманың болашағы оған байланысты емес. Бұл мәселе тек ғана осы заманның дамуына байланысты туындап отыр.

Бүгіңгі таңда психологтар төмедегідей жайттарға сүйене отырып әйел адамды басқарушы ретінде жоғары бағалайды:

  • А) олар бірнеше мәселелерді бір ауқытта ойлап, шеше алады.

  • Б) әйел адам табиғатынан-ұйымшыл және де тиімді жұмыс істеуге құмар, себебі әйелдер-Аналар, жауапкершілік олардың табиғаты.

  • В ) әйел адам ер адамға қарағанда нысанырақ болып келеді, сондықтан олар мықты анализдейушілер және де барлық нюанстарды есептеушілер болып келеді.

  • Г) әйел адам басқарушы-тіл тапқыш, сенімді мінез-құлыққы ие, ұйымдастыру және жоспарлы функцияларын жақсы атқарады, человекоориентированный басқару түрін айқын орындайды.

  • Д) әйел адам басқарушы –өз өнімін жақсарту мақсатында, нарыққа қажетті өнім өндіруде тұтынушыларының сейфке шифрын дәл таба алады.

  • Енді әйел адамның басқарушы ретінде қараңғы жақтары:

  • А) әйел адам ер адамдық қасиет таныту керек, соның ішінде басқыншылық және қаттылық.

  • Б) ер адамда бар-ауқымдылық қасиет, әйел адамда жоқ.

  • В) әйел адамның баққұмарлыққа берілуі, отбасының бақытына жиі кері әсерін тигізеді.

Бүгіңгі таңда басқарудың ғылыми тұрғысында әйел адамның басқарушы ретінде 80 ге жуық оң жақ жақтары қалыптасқан, бірақ барлығынын да қараңғы, яғни теріс жақтары бар.

Бүгінде басқарушыларға арналған, мимикаға, әдемі күлкіге, дұрыс сойлеп, жүріп-тұрып, киіну этикасын үйрететін арнайы курстар бар. Айтпақшы әйел адам бұл этикеттерді интуициялық жақсы сезінеді.

Ер адам көп жұмыс жасау барысында уақытылы демалуды билмейді,кернеуді баса алмайды. Әйел адамға кернеуді басу оңай, себебі ол өз құрбыларымен ашық түрде сөйлесіп, ішкі сырын ашып, жылай алады. Сол адамдармен сөйлесу барысында көптеген ойға шомылып өздеріне қажетті қызығушылықты стимул тауып, еңбектін екпінін өзгертіп, жаңа бір жұмыс орнында жұмыс істеп жатқан секілді өз-өздерін сезінеді.
1.2 Әйел адам-әлсіз, нәзік жан.
Бүгінде әйел адам-әлсіз, нәзік жан деген ұғым бар және де ол физикалық күш тұрғысынан өте дұрыс. Бірақ рухтық-күштерге қатысты бұл даулы ұғым. Әйел адамда бұл қасиеттер бар, әсіресе басқарушы әйел адамда . Басқарушы әйел-басқарып, жұмысты бағалап, сый беріп немесе жазалап біледі. Б ірақ осы бағыттарды ер адам қалай қабылдайды? Статистика бойынша қай елде болмасын, әйел адамның басшылығында жұмыс жасау ер адам үшін кеміту, басыну сияқты айқындалады. Ер адам бағынушы, басқарушы әйел адаммен қалай сөйлесу керек екенінін білмейді, түсіндбейді. Қажетті затын сұрау этикетін немесе жолдарын білмейді,жай сыпайы сұраған олар үшін өзін-өзі түсірумен тең. Ал әйел адам бағынушы болса, ол ер адам басқарушымен қалай сөйлесу керек екенін тамаша біледі.

Әріне, әйел адамдарға көптеген мамандықтар олардың психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты оңай беріледі.

Француздық кәсіпкерлікті зерттеушілердің мәлеметтеріне сай, әйел адам басқарушы болып отырған 22 мың фирманың жылдық табысы, ер адам басқарып отырған фирмадан екі есе жоғары. Британдық банктің зерттеуі бйынша, 1996 жылдары бастау алған әр бір үшінші фирма, әйел адамның басқаруымен жұмыс жасап бастаған және күні бүгінге дейін сақтаулы. Бүгінгі таңда Англияда 790 мың әйел адам жеке меншікті кәсіпкерліктермен басшылық етеді және де нарықтағы еркін қуыстарды сәтті табады. Соңғы кездерде саяси қызметіне және қорғау қызметіне әйел адамдардың енулерге коп байқалған. Мәселен қорғау қызметінде әйел адамдар, Венгрияда-13%, Ұлыбританияда-18%, Жапонияда-20%, Эстонияда-22%. Әсіресе әйел адам өзінің табиғи қасиеттері мен өздерін қаржы құрылымнда сенімді сезінеді. Олар асқан дәл және мұқиятты ақшаны санап біледі. Шыдамдылық және асқан дәлдік, мақсаттылық және ұқыптылық, зейінділік , талдауды және бағалауды ойлауда ұғымталдылық, иілгіштік, шешім қабылдауға дайындық, қабілеттілік, тіл тапқыштық және әлеуметтік құзыреттілік. Осы әйел адамның бойында сақталған қасиеттер арқылы, ол нәзік жан, нарықтың қатал қиғидаларын ұстанып, экономикалық тұрғыдан жаңа пайда көздерін ашып отыр.

Басқарушы әйелге мына жайт жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады: олар «керекті» « қажетке» айналдырады. Оларға «қажет» деген олардың ісінде, ойында, тағдырында бостандықты бейнелейді. Олар «керекті» «қажетке» айналдыру арқылы мына мәселені шешеді: «жұмысты ұзақ уақытқа алып қою» . Яғни олар жұмысты алып қойса, психологиялық тұрғыдан олар келесі іске көше алмайды. Сондықтан олар сол жұмысты сол арада мына қағидаға сүйене отырып жасап тастағанды жақсы көреді: «зіне керекті нәрсені істемейді, бірақ істейтін нәрсесі өзіне керек». Олардың ойынша осы қағиданы устанған адам ғана жетістікке жетеді.

  1. Дамыған елдердегі соның ішінде Еуропа елдеріндегі әйел-басқарушы тәжірибесі.

Басқару өте күрделі процесс және де ол әр елде әртүрлі жүретіні бәрімізге мәлім. Біздер дамушы ел болғандықтан дамыған елдердің тәжірибесіне қарап жұмыс жасаймыз. Ал дамыған мемлекеттер ретінде әрине Еуропа елдері тамаша мысал болары сөзсіз.

Әлемде дамыған мемелекеттер арасында келесідей сенім ерекшеленеді: «кез келген кәсіпорындарда, жетістіктің негізін қалайтын-жоғарғы класс менеджерлері». Яғни қандай қызмет саласы болмасын, басты көңіл басқаруға бөлінеді. Ағылшындар: «кәсiпкерлiкте ер-әйелдер жоқ, iскер әрiптестер бар»,- деп айтады. Шынында да, ол елдерде әйел адам мен ер адамның құқығының теңдігі фармалды түрде ғана, арнайы кодекстерде жазу ретінде ғана емес, айқын көрінеді.

Бүгінгі таңда батыс елдері тәжірибелеріне сай, әйел адамның кәсіпкерлікті басқаруға қатысуының екі бағытын ерекшелеп көрсетуге болады:

  • Басқару қызметіне әйелдерді тарту;

  • Жеке меншіктік кәсіпорындардың көптеп ашылуы.

Басқару қызметіне әйелдерді тарту-көбіне бұрыннан қалыптасқан, яғни басқарушысы әйел адам болып табылатын кәсіпорындар. Ескеретін бір жайт, әйел адам, әйел адамды жұмысқа аладрда, ер адамға қарағанда өте сыншыл критичный болып келеді. Ал жеке меншіктік кәсіпорындардың көптеп ашылуы-әрине бүгінгі күнде экономиканың дамуымен сипатталады. Яғни жекеменшік кәсіпорындарын ашуда мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Мәселен салықтың ставкаларының пайыздық қойылымының аздығы немесе күнделікті несие беру.

Батыс елдерінің психологтарының зерттеу нәтижелері бойынша, бақарушылық қарым-қатынас кезінде, әйел адам ер адам басқарушыға қарағанда мейірбан, жұғымды болып келеді. Әйелдер адамға сенім факторын өте оңай қолдана алады, яғни әйелге сенім көп артылады. Әйел адамдар қызмет көрсету, сауда саласында ала даулы жағдайда, клиент әрқашанда дұрыс айтады, деген ережені ұстану арқылы өз –өздерін ақылдырақ көрсете біледі.

АҚШ елдерінде әйел адамның басқаруындағы жеке меншік кәсіпорындарда банкротка ұшырау ықтималдығы төменірек. Мәселен кәсіпорындарды бақарушы-әйелдердің пайда болуымен жұмыс орындарында иiлгiштiк және жұмыс орындарында тыныш жағдай орнауымен инновациялардың енгiзуi немесе олардан өтеуден қашуда жұмысшылардың ақырынға шыдамдылығы пайда болғаны анықталған. Әйел адам басқарушы бола бастағаннан бастап, басқарудың пирамида құрылымдары, басқару деңгейлердiң сандарын кiшiрейттi, қалған деңгейлерге менеджмент дербестiгі көбiрек орын алды, өндiрiстiк және коммерциялық сұрақтардың шешiмi, қызметкерлер және клиенттер туралы қамдар көбiрек айқындала бастады.

80-жылдары АҚШ-та жұмыс жасайтын тұрғындардың 5% әйел адамдар құраған. Әйелдер юриспруденция, дәрiгерлiк, кәсiпкерлiк, инжиниринг сияқты қызметтiң бағыттарын елеулі толтырған. Мысалы, дамыған еуропалық елдердегi 1999 жылында және Америкада басқаруда әйел адамдардың қызметінің пайыздық мөлшерлемесі келесідей: (1-кесте)
(1-кесте)

АҚШ

ФРГ

Франция

Англия

Канада

Швеция

Норвегия

Япония

Нидерланды

33%

29%

27%

18%

15%

13%

11%

9%

7,5%


АҚШ-та әйел адамдар кез келген бағыттағы, кез келген қызмет түрін таңдауға мүмкіншілігі бар. Мемлекеттiк және әкiмшiлiк орындарда әйел адамдар көптеп жұмыс жасайды, және де олар мәртебелi орындарға ие болады. Әйелдер жоғарғы соттар, басқа елдердегi елшiлерi, сенаторлар және министр мүшелері бола алады.

Жақында өткізілген US Census Bureau зерттеулер нәтижесі бойынша, 1997-2002 жылдар аралығында жекеменшік кәсіпкер болып табылатын әйелдердің пайыздық мөлшерлемесі 20% құраған. (GEM ) The Global Entrepreneurship Monitorлер, кәсiпорындардың кәсiпкерлiк жағдайын зерттеуде алдынғы базарғасы болып табылған серiктестiгінің зерттеуі бойынша, әрбiр 100 кәсiпкер-ер адам, әрбір 89 кәсіпкер-әйел адам басқару қызметін жүргізіп отыр. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш сәл аз шамада, әрбiр 100 кәсiпкер-ер адам, әрбір 46 кәсіпкер-әйел адам. Fortune журналының пайымдауынша штаттардағы әрбір 500 серіктестіктердің басшылығында әйел адамдырдың пайыздық қойылымы-13% құрайды. Еуропада әйелдер, 20-30% аз және орташа кәсiпорындарға басшылық етедi; (26% ) Словакиялда, (20% ) Литвада ( бұған iрi фирмаларға және де отбасылық кәсiпорындарынан бастау алған кәсіпорындаржәне де жаңа кәсiпорындардың негiздеушiлер және менеджерлерi кiредi. (22% ) Чехияда. /1/

Азия елдерімен салыстырғанда, Еуропа елдеріне әйел адамдардың басшы болуға деген құмарлығы жоғары. Мәселен Жапонияда басқарушылық қызметін атқарып отырған 10-шақты әйел-басқарушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша, мынадай қорытындылар анықталған:

  • Жапондық әйелдердің ойынша-Жапония қоғамы-ер адамдар қоғамы, яғни бұл қоғам тек ғана ер адамдардың басшылығымен жүреді;

  • кәсіпкрелік қоғам мүлдем әйел адамға лайықты емес, себебі Жапонияда ешбір ер адам, әйел адамды басшы ретінде қарамайды.

  • Американдық психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша,Американдық әйел-кәсiпкерлердiң басқарушы болуға ұмтылу себептерi келесідей:

  • Өз-өзіне ие болу немесе тәуелсіздікке талпынысы;

  • Ниеті қалаған жұмысты алу;

  • Өмірде қандайда болмасын жетістікке жету;

  • Кәсіпкерліктен жақсы ақша мүмкіндігін ашу;

  • Өз күшін көрсету;

  • Бұрынғы жұмыспен қанағаттанбаушылық;

  • Өзі қызмет көрсететін саладағы жұмыстың тәжірибелілігі және мүддесі;

  • Қазiргi әйелге тән психологиялық сызықтары.

Ал ен негізгі анықталатын үш фактор: ақша, қызығушылық, өз дегенiн iске асыру. Бұл уш фактор экономиканың дамуына зор әсерін тигізеді. Ақша, ақшаға деген құмарлық әйел адамның бойында мақсатқа жету, тактикалық жұмыс жасау сияқты, көптеген кәсіпорынның дамуына пайдалы қасиеттерді ашады. Қызығушылық, өз жұмысын құмарлықпен жасаған адам, әрине жұмыс үшін қажетті бар күшін салады. Өз дегенін іске асыру, бұл әйел затына тән нәрсе. Әйел адамы табиғатынан ойлаған ісін әрқашан жүзеге асырады. Бұл айтылған өмірлік жайттар өз құзіретінде әйел-басқарушы болып отырған кез келген қызмет көрсету саласының дамуын көздейді, ал ол өз кезегінде қандайда болмасын елдің экономикасына үлкен ықпалын көрсетеді.


  1. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы Қазақстандағы әйел-басқарушы.

Менің курстық жұмысымда әйел адамды басқарушы ретінде қарастырғанда көптеген ғылыми теориялар, пікірлер психолгиялық, физикалық факторлар туралы көп айтылды. Келесі айтылатын, нақты мысал, яғни мен Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызын өз курстық жұмысымның басты кейіпкері ретінде алдым. Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, өнертану доценті, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі, «Халықтар достығы» орденінің кавалері, «Еңбек ардагері» медалі, «Қазақстан Республикасының инженерлік ісінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атқа 2007 жылы жаңа құрметке ие болды. Жамбыл облысы, Мерке ауданында туып-өскен. (Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының өмірбаяны туралы қосымша мәлеметтерде көрсетілген).

1947 жылы тігін лабораториясынан бастап, Қазақстанның сәні туылды, бүгінгі күні ол «Сымбат» Сән Академиясына өсіп отыр. 1947 жылынан бастап prêt-â-porter өніміне еліміздің әр екінші тұрғыны ие болды. Жылына екі рет сән театры жаңа үлкен орасан зор Haute Couture и prêt-â-porter халықаралық сән Апталығында топтамаларын көрермендерге ұсынды. 60 жыл ішінде 150000 эксклюзивті модельдері подиумдарда көрсетіліп өтті.

Қазақстанның тарихында «Сымбат» бірінші болып Қазақстан сәнін 1972 жылы шет елдерде, содан 2003 жылы кәсіби fashion – Мәскеудегі сән Апталығында (Moscow fashion week). Ресейден басқа да жиі Дубайдағы (DIFW) сән Апталығында, 2007 жылы алғаш рет Вашингтондағы (DC Fashion week) сән Апталығын және сән Сібір Апталығына (SFW) қатысты. Жыл сайын Қазақстанда 20 жеке көріністер, және шамамен шетелде 10 көріністер көрсетіліп тұрады. 1972 жылдан бастап 40-тан аса халықаралық көрсетілімдер фестивальдарда және 30-дан аса сән байқауларына қатысты.

Жыл сайын Қазақстанда 20 жеке көріністер, және шамамен шетелде 10 көріністер көрсетіліп тұрады. 1972 жылдан бастап 40-тан аса халықаралық көрсетілімдер фестивальдарда және 30-дан аса сән байқауларына қатысты.

«Сымбат» сән Академиясы өзінің шығармашылық қызметінің 60 жылдығы қарсаңында «CREATIVE WORLD» атты Халықаралық Дизайнерлер байқауын ұйымдастырды. Байқауға Қазақстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан 135 дизайнерлер қатысты.

Авторитеттік қазылар алқасын В.М.Зайцев - өнер докторы, профессор, Ресей суретшілер Академиясының корр.-мүшесі, РФ халық суретшісі, РФ Мемлекеттік премияның лауреаты басқарды. Байқауға Қазақстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан 135 дизайнерлер қатысты.

Гала-көріністе байқаудың жеңімпаздары, Қазақстан эстрада жұлдыздары, «Сымбатты» осындай атақты күнімен құтықтап келді. «Сымбат» өзінің жаңа топтамаларын: Балнұр Асанованың имидждік топтамасы және Алла Петровна Птицынаның ұлттық киімдер топтамасын көрсетті.
Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы отандық индустрия киімін дамытудағы жеке қазынасы үшін, өз ісіне жоғары біліктілік маман-кәсіпқой болғаны үшін, эксклюзивті Ұлттық қазақ костюмін жаратуға прогрессивті ой және шығармашылық бірегейі үшін–Жетісу ауданының әкімі А.Құлмахановпен марапатталған.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына қоғамдық штабындағы жұмысы Қазақстан Республикасы Президентіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидатын қолдауы үшін – Алғыс. 2007г.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына Ү Халықаралық «Сән Формуласы» фестивалінің іс шараларын өткізу және аймақтық байланысты нығайтуға шығармашылық қазынасы үшін – Алғыс хат. Омск облысының Үкіметі төрағасының орынбасары өндірістік саяса Министрлігі Омск облысының көлік және байланыс. А.М.Луппов Омск қ., 2008 ж. 16-19 сәуір.

Тарихтағы маңызды жағдайлар оның технологияның дайындаудағы өңдеуі бойынша және өндірістегі материалдық-бейнелеу заттар, ҚР Мемлекеттік нышанын бейнелеу: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының эталонын және штандартын дайындау; қазақтың ұлттық киімін өңдеп, жаңарту және заманауи киімдерде ұлттық декорды қолдану.

Оның ғылыми еңбектері 100-ден астам басылымдарында, яғни монографиялар мен оқулықтарында: «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық киімдерін жасау және жобалау технологиясы», «Қазақ ұлттық киімінің және қолданбалы өнерінің тарихы», «Азия, Европа, Ежелгі Русь елдерінің және Орта Азия аймағы костюмдерінің тарихы», «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі бойынша терминологиялық сөздік», 21 -том және т.б. орын алған.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның ынтасының арқасында «Сымбат» сән театрының шығармашылық ұжымы халыққа танымал болды. Оның басшылығымен Сән театры Франция, Германия, Англия, АҚШ, Корея, Қытай, Түркия, Сирия, Канада,Ресей подиумдарында ұлттық нақыштар орын алған киімдердің шығармашылық коллекциясын көрсетті.

С.Ж.Асанова - халықаралық сұлулық байқауының (1992ж.),алғашқы ұйымдастырушы бүгінгі таңдағы ұлттық киімнің жоғары сәні (2000ж.), жас модельерлер (екі рет) байқауларының, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласы мекемелеріне арналған семинарлардың және осы салада білім беретін жоғары оқу орындарына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларды алғаш ұйымдастырушы болып табылады.

«Азия дауысы» жастар модельерлер байқауында екі мәрте байқау өткізді. 2000 жылы «Заманауи ұлттық киімінің жоғары сәні» Халықаралық алғашқы байқауын өткізіп, одан кейін ол Мәскеуге де өткізілуі жетті.

Дизайн және өнеркәсіп саладағы және оқу мекемелердің сән бизнесі Академиясы және «Сымбат» колледжінің беделін құрып, сол мемкемеде ректор болып жұмыс істейді. ҚР алғашқы және теңі жоқ оқу процесіне және өндірісте компьтерлік киімнің жобасына автоматтандырылған модельді интегралды бағдарламаны енгізді (МИКС).

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы мен үшін кумир. Бұл кісі отау құрған, екі қызы, бес немересі бар. Қазақстандағы мықты әйел-басқарушының үлгісі. Бұл кісі тек ғана белгілі бір кәсіпорынды ашып ғана қойған жоқ, ол табандатқан жаңа дәуiр бастады-сән академиясын құрды. Бұрын соңды болмаған тарихи жайт. Академия, Қазақстан экономикасының, мәдениетінің дамуына үлкен үлесін қосады. Айтар болсақ, әлем нарығында қазір сәнді киінү үлкен орын алады. Мәселен ешқандай байлық көзі жоқ Франция, киім үлгілерінің (брэнт) арқасында, яғни бүкiләлемдiк сәннiң орталығы болуы арқылы дамып отыр. Қазақстан үшін де бара бара киім үлгілері басты пайда көзі болары сөзсіз. Себебі бүгінгі таңда осы фактор Қазақстан экономикасында орын тепкені анық және де оған ешкім ешқандай күмән келтіре алмайды. Ал осы дамуға жол ашақан Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы десек, ешқандай да қателеспейміз.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы Қазақстан экономикасын дамытуда еңбек сіңді, еліміздің жастарын жаңа идеялармен ынталандырды, ҚР алғашқы және теңі жоқ оқу процесіне және өндірісте компьтерлік киімнің жобасына автоматтандырылған модельді интегралды бағдарламаны енгізді, ұлттық киімнің, ұлттық рухтын жандануына үлкен әсерін тигізді. Төменде келтірілген мәлеметтір, әйел адамның басқарушы бола алатынына толық сенім келтіреді. Әйел адам басқарушы бола алмайды, болса да сапалы болмайды деген пікірге мен мүлдем қарсымын және де Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы осыған анық дәлел.
3.1 Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы ның жеке мақтау қағаздары, әйел адам тамаша басқарушы бола алатындығының нақты үлгісі.
Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына «Мисс туризм Казахстан -97» Ұлттық грандфила сұлулық байқауын салтанатты өткізу үшін қамтамасыз еткен баға жетпес қазына және еңбегі үшін. Алғыс. Miss tourism 1997 Kazakhstan Rageant, Байқаудың негізін қалаушы Чарли Си.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына «Әйелдер басқаратын ең жақсы кәсіпорын» Республикалық байқауына қатысқаны үшін Диплом.

Қоршаған ортаны қорғау Министрі, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер және отбасы ісі бойынша Ұлттық комиссияның төрайымы А.Самакова Астана қ., 2003ж.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына – «Сымбат» сән Академиясының Президентіне көпжылдық еңбегі үшін, кәсіби ісі және белсенді өмірлік көзқарасы үшін – Мақтау қағаз. Жетісу ауданының әкімшілігі Алматы, 2005.

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына ақ ниетті еңбегі үшін, әлеуметтік-экономикалық және қаланы мәдени дамытудағы үлкен қазынасына және қоғамдық өмірде белсенді қатысқаны үшін – Мақтау қағаз. Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетов 22 қыркүйек 2006 жыл №239

Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы «Қанатты әйел – 2» пікір және тауар Ұлттық әйелдер жәрмеңкесіне қатысқаны үшін – Диплом.Қоршаған ортаны қорғау Министрі, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер және отбасы ісі бойынша Ұлттық комиссияның төрайымы А.Самакова Астана қ., 2003ж.

Құрмет грамотасы Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызына тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуына атсалысқаны үшін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының 15 жылдық мерейтойына байланысты марапатталады. Алматы, 28 қараша 2006ж № 92-11 қаулысы.

«Егерде әйел адам-сергектiк, адамгершiлiк, иiлгiштiк, айла, iскерлiк дәстүр бойынша өз бойындағы құндылықтарымен, күштi мінез, профессионализм, тәуекелділікке бару сияқты жетекшiнiң сапаларын, қасиеттерін өз бойынды тіркестіре алса, онда ол өте тамаша жетекшi бола алады».

(Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы)
4. Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар.
Келесі қарастырылатын мәлеметтер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып жасалған.

Техналогия, инновация, экономика және де басқа қандайда болмасын сала тұрғысынан батыс елдері бізге қарағанда әлде қайда дамыған. Бірақ олрда да әйел адамға басшы болуға кедергі келтіретін ең бірінші, ең негізгі фактор-уақыт. Әрине уақыт мемлекетке байланысты немесе мемлекеттің ұстанатын саясатына тән жүрмейді. Уақыт барша әлемге бірдей жүреді. Мәселен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы директорлар және олардың орынбасарларының жұмыс уакытының орташа ұзақтығы 10-12 сағатқа дейін, яғни таңертеңгі 8-ден, кешкі 8-ге дейін. Бұл дегеніміз бір жұмысқа бар күніміздің уақыты кетсе, екінші жұмыс үшін уақыт мүлдем қалмайды, ал әйел адам үшін екіншісі-отбасы. Психлогиялық тұрғыдан қарасақ, эвалюцилық даму барысында әйел адамға үйдің қамқоршысы болу әдетке айналған. Ал ер адам сырттай қамқоршы, яғни қажетті затты үйіне әкелу. Американдық психологтардың зерттеуі бойынша мына қызық жайтанықталған: «байқап қарасаңыз, ер адам жұмыс орнына келген кезде сырт киімін немесе кеүдешесін (пиджак) шешіп қояды. Ал әйел адамның кеудешесі әрқашан оның үстінде немесе қолында алып жүреді», яғни ер адам жұмыс уақытында отбасы мәселесін мүлдем ұмытады, ал әйел адам әрқашан оны жадында сақтап, ойлап жүреді.

Келесі фактор-азықтану мәселесі. Айтылғанда жай нәрсе секілді, бірақ ол өте күрделі мәселе. Себебі бұл жайт адам өмірінде жалғаспалы цикілда (поцепочке) жүреді. Ашып айтсақ, басқарушы әйелдің үй-ішіне азық дайындайтын мүлдем уақыты болмайды, сондықтан ол шикізаттар, жартылай дайын өнімдерді қолдануға тура келеді. Ал осы жайт өз барысында ер адамды мүлдем қанағаттандырмайды. Осыдан ұрыс-керіс басталады. Соның бейнесінде, жақсы жағдайда әйел адам-басқарушы болудан бас тартады, кері жағдайда-отбасының айрылысуына әкеліп соқтырады, ол өз кезегінде әріне кішкентай сәбидің, яғни жұбайлардың перзенттерінің психологиясына өте қатты әсерін тигізеді.

Американдық зерттеушілердің мәлеметтері бойынша азықтану факторы экономикаға зор әсерін тигізген, себебі осы мәселені зерттей келе жаңа инновациялардың пайда болғаны анықталған. Мәселен уақытты үнемдеуші кір жуғыш машиналар, ыдыс жуғыш машиналар, микро толқындық пештер сияқты инновациялардың дамуына және де біздің заманымызда олардың жандануына әсер еткені дәлелденген.

Келесі фактор-ер адамдардың әйел адам туралы ой-пікірлерінің теріс қалыптасуы.

Біріншісі-буржуазиялық теорияның уш «К» әріпімен байланысты, яғни «kinder» (бала-шаға), «kurhe» (ас-үй), «kirche» (мешіт (церьков)), яғни әйел адам әрқашан осы теорияны ұстану керек, осы теориямен өмір сүру керек деген ұғымды білдіреді.

  • Бұл мәселеде әйелдер, бірінші «К»-мен келіседі, қалған екі-«К»-мен мүлдем келіспейді.

Екіншісі-ер адамдардың ойынша, әйел адамның кәсіби мүмкіншіліктері аз. Кәсіби мүмкіншіліктер өте күрделі, ғасырлыр бойы қалыптасқан қасиет, ал әйел адамның бойында ғасырлар бойы тек ғана ана болу қасиеті қалыптасқан.

Үшіншісі-әйел адам тек ғана ер адам бастықтың көлеңкесінде ғана жұмыс істей алады, яғни тұрлаусыз мүше, екінші дәрижелі басқарушы бола алады.

Төртінші фактор-қыз балалардың бір командада ойнай алмайтындығы, содан –соң әйелдердің бірге келісіп жұмыс жасай алмайтындығында. Қыз балалар бірге жүріп бірдей жұмысты атқара алады, бірақ ұақыттың өтуіне байланысты біреуінің екіншісіне қызғанушылық сезімі пайда болады, яғни бірінде бірі бәсекелес адамды көреді.
4.1 Қазақстан Республикасында әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіреттін факторлар.
Ең бірінші және ең негізгі фактор-уақыт. Уақыт-ешкімді де ешқашан аямайды. Уақытты бір өткізіп алған адам, оны қайтара алмайды. Ал әйел адамға-Ана болу тән, табиғатымен бойына жазылған қасиет. Ана болу әрине көп уақытты алатыны жұмбақ емес. Және де біздің елімізде батыс елдерінде секілді өнеркәсіптік кәсіпорындардағы директорлар және олардың орынбасарларының жұмыс уакытының орташа ұзақтығы 10-12 сағатқа дейін, яғни таңертеңгі 8-ден, кешкі 8-ге дейін. Біздің елімізде бұндай күнтізбе кошеметтенбейді.

Екінші фактор әрине минталитет. Адамның туып-өскен ортасы, салт-дәстүрі, ұстанатын қадір-қасиеті оның дамуында үлкен рөл атқарады. Біз қазақпыз. Осы фактордың өзі-ақ сөзсіз айқын жайт. Қазақ тарихында әйел адам әрқашан ана болған, сол бейнеден түспейтін де секілді. Әлеміміз қаншалықты дамып жатса да, қазақтар үшін әйел адам-басқарушы, әлі де үйреншіксіз жайт, мүмкін емес жайт секілді. Ата заманнан қалыптасқан мына мақалдың өзі айқын себеп: «қыз оқып-молда болмас», яғни әйел дамның еңбегі ешқашанда бағаланбайды. Бұл көзқарастан біздің еліміз қай уақытта арылатыны белгісіз. Себебі біздің елімізде әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру ғана емес, сонымен қатар басқару ұғымының өзі толығымен зерттелмеген.

Үшінші фактор діни көз қарас. Қазақстан республикасы зайырлы, тәуелсіз мемлекет. Елімізде қандай дін жолында жүрсең де, өз еркін. Бірақ бүгіңгі таңда елімізде діни жаңдану кезеңі ревалюция болып жатқаны бәрімізге де мәлім. Қазақстан өзін зайырлы мемелекет деп жариялағаннан бері, елімізде түрлі діни нанымдар, түрлі ағымдар көбейіп кетті. Бірақ еліміздің жастарының 70 ислам дінің қабылдаған. Исламда әйел адамы өзінің жұбайының, яғни ер адамының рұқсатынсыз ешбір істі бастауға құқығы жоқ. Ал ер адам үшін жоғарыда айтылып кеткендей, әйел адам басшы болу, олар үшін қадір-қасиетін төмен түсіргенмен тең. Құран кітабының Бақара сүресінің 228 аятында былай делінген: «ерлердің әйелдердегі сияқты6 әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден гөрі ерлердің дәрежесі артық...» (Бақара 228) ислам дінінде әйел адам мен ер адамның құқығы тең. Әйел адам кәсіпкер болуға да рұқсат етілген, бірақ тек ғана жұбайының ризалығымен, қалауымен.

Осы негізгі үш фактор біздің елімізде әйел адамға толық қанды жұмыс жасауға кедергі келтіреді. Әрине бұл факторлардың түзету жолдары бар, бірақ ол өз мезетінде әр әйел адамның өзіне байланысты болып отыр. Себебі бүгінгі күні жұмыс жасау әйел адамның өз еркінде. Ал қазақ әйелдері үшін жұмыспен үйді біріктіру мүмкіндігі көп жағдайда өте аз. Әйел адамы үшін өмір ол-таңдау. Бізідң елімізде әйел адамдар көбіне отбасы жағдайына көп мән беріп. Отбасылы болуды таңдайды. Бұл өз мезетінде басқарушы болу деген ойдың өзін ғана жауып тастайды.

Басқарушы әйел адамдардың пікірінше-олардың тиімді қызмет етулеріне ең қажетті келесідей шарты: жағының берік және сенімді болуы (прочность и надежность тыла). Жұбайының немесе тума-туысының, соның ішінде ата-енесінің түсінушілікпен, мейірбандықпен қарауы.

Бүгінде тамаша ханым-басқарушының идиальная леди-босс бейнесі қандай? Айтар болсақ ол- сұлу, нәзік, қатаң бірақ мейрімсіз емес, білімді, жағымды, біреудің көңілін өзіне аударушы, бар шешімдерді өзі қабылдайтын, физикалық белсенді, тәуекелге дайын, ескертулерге, сынақтарға жақсы көз қараспен қарайтын, бір әлуметтік рөлден басқарушыдан, екінші ана, қызы, жұбай рөліне оңай көшіп, сол қызметтерін ешбір қатесіз орындайтын өте көрікті, ұқыпты нәзік жан. Ал бұл физикалық-психологиялық тұрғыдын мүмкін бе?!

Бүгінгі таңда өнеркәсіпте 12% басқарушы-әйелдер жұмыс жасайды. Тең табиғи күштердің жақтаушыларының маңызды дәлелдері бойынша, басқарушы-ер адам-психлолгияда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді жағастырушы, ал басқарушы-әйел-өзіндік наразылық деп тусінеді. Бұл мәлемет қаншалықты дұрыс екені әрине әлі толық зерттеліп біткен жоқ және де дұрыстылық ықтималдығы қанша пайыз екені анықталмаған.
Қорытынды
Осы курстық жумыста әйел адам-басқарушы тұжырымдамасы қарастылды. Еуропа елдеріндегі әсіресе АҚШ елдерінің әйел-басқарушы тұжырымдамасының тәжірибелері айтылды. Осыған орай Қазақстан республикасында да болып жатқан эномикалық өзгерістер туралы да айтылды. Және де анық мысал ретінде Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының қызметі көрсетілді. Әрине қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болып табылады. Қазақстанның болашағы әлі алда. Әйел адам-басқарушы тұжырымдамасы жалпы басқару саласы біздің мемлекет үшін өте жаңа, жас сала болып табылады. Әрқашан да дамушы мемлекет, дамыған мемлекеттің тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік саясатын құрайды. Бұл курстық жұмыста жазылатын басты мақсат әйел адамды басқарушы ретінде талдай отырып, экономиканы дамыту үшін жаңа пайда табу көздерін анықтау, яғни әйел адамның интелектуалдығын пайдалану арқылы. Жалпы әйел адам мен ер адамның құғы тең. Бірақ ол біздің елімізде формалды түрде ғана қалып қоятыны өкінішті. Әйел адам да, ер адамда ойлау қабілеттілігінде бірдей. Олардың айырмашылықтары адам бойында табиғатпен берілетін қасиеттермен ғана ерекшеленеді. Әріне кәсіпорындағы пайда көлемін максималдау үшін әйел адам немесе ер адам басқару тәжірибесінің ерекшелігін бөлу қажет емес. Кәсіпорын нарықта мықты басқарушыға ғана байланысты тұрақтанады, ал басқарушының жынысы, бұған мүлдем әсер етпейді. Бұл тұжырым тек ғана заманның алға қарай өрбеп, дамуына байланысты туып отырған жайт. Бүгінгі таңда әйел адам өз құқығын ашық түрде көрсетуге ынталы. Өз мүддесін заңмен қорғау, адамдық қасиеттерін ашық қолдану үшін ешбір ережеге,қағидаға сүйенбейді. Әйел адам бұл заманда ешкімге де тәуелді емес. Бірақ бүгінде демократияның дамып, гүлдеп тұрған кезеңінде бұл ғажап жайт емес.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаттары ашылып толықтырылды. Әйел адамды-басқарушы ретінде қарастыру және де Қазақстанда Әйел адамға басқарушы болуға кедергі келтіретін факторлар қарастырылды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент, - М.: Гардарика, 2003.


  1. Управление персоналом: учеб. пособие/под ред. Г.И. Михайлиной.-2-е изд., доп. и перераб. - М.: ИТК "Дашков и К", 2007;


  1. Иванова С. Офис-менеджер/С. Иванова//Справочник по управлению персоналом.-2006;


  1. Шипунов В.Г. Основы управленческой деятельности: социальная психология, менеджмент: учебник/В.Г. Шипунов, Е.Н. Кишкель.-2-е изд., перераб. и доп.-М.:Высшая школа, 2004.2005г.


  1. Завгородный Н. Оборотная сторона стремительной карьеры/Н. Завгородный//Справочник по управлению персоналом.-2006;


  1. «Менеджмент негіздері», Ахметов К.Ғ, Сағындықов Е.Н, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А, Жұмаев Ж.Ж. ,: Оқулық.- Ақтөбе; 2005 ж




  1. «Менеджмент», Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С.,: Оқулық. - Алматы; «Қазақ университеті»,


  1. «Стратегический менеджмент» Теория и практика Зуб А.Т. ,: Оқу-әдістемелік құрал Аспект Пресс, 2002 ж


  1. «Основы менеджмента», Майкл Мескон, Майкл Альберт: Оқулық.-Мәскеу; «Дело», 1998 ж.


  1. И-87. Жұбайлар шаттығы / араб тілінен ауд. А.Ахмад-Алматы: ЖШС «Әлбаракат баспасы», 2009. 160 бет.


  1. Бюрненталь. Т. Халықаралық адам құқығы: қысқышы шолу.-/ ағыл. Ауд -. .Алматы: Ғылым, 1999 ж.320б,


  1. www.unesco.kz


  1. www.symbat.kz



Қосымша мәлеметтер
Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының өмірбаяны.
Жамбыл облысы, Мерке ауданында туып-өскен. Мәскеу тоқыма институтын, механико-технологиялық факультетінің тоқыма өндірісінің инженер-технолог мамандығы бойынша 1964-1969 жылдары бітірген.

  • 1964-1969 жылдары – Мәскеу тоқыма институтында оқу

  • 1969-1972 НОТ инженері, «Трикотажница» Мәскеу фабриканың бас инженерінің м.а.

  • 1972-1984 бас инженер, «Алмагуль» фабриканың директоры ,

  • 1984-1986 «Қазақстан» фирмасының бас директоры,

  • 1986-1990 Алматы қаласының қалалық туристікқ басқармасының бастығы

  • 1990 жылдан бері уақытта «Сымбат» сән Академиясының Президенті, «Сымбат» сән бизнесі Академиясының Президент-ректоры.


  • 1995 жылы ғылыми дәреженің ізденушісі экономика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғады.

  • 2003 жылы Асанова С.Ж. «Тігін бұйымдарының технологиясы» 05.19.04. мамандығы бойынша диссертацияны қорғап және техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.

  • Отбасы жағдайы: 2 қызы, 5 немересі бар.

  • Экономика ғылымдарының кандидаты

  • Өнертану доценті

  • Техника ғылымдарының докторы

  • Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі (Мәскеу қ.)

  • ҚР Ұлттық Инженерлік академик

  • «Халықтар достығы» ордені № 46297 4.08.1986ж. Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы

  • «Еңбек ардагері» медалі 15.02.1989ж. Жарлық

  • Алғыс хат ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан.

  • Медаль ҚР Конституциясына 10 жыл

  • «ҚР Инженерлік ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» медаль

  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 8.12.2006 жылғы № 4130 Жарлығы

  • «10 лет Астаны» медалі

Қосымша мәлеметтер А


Қосымша мәлеметтер Б





1. Реферат на тему Unicorns Essay Research Paper In ancient Greek
2. Реферат Производство рекламного продукта
3. Реферат Химический состав и свойства мёда
4. Реферат на тему Союз России и Белоруссии как геополитическая реальность
5. Реферат Windows Forms Современная модель программирования для создания GUI приложений
6. Реферат на тему Travelling Through Dark Essay Research Paper Traveling
7. Реферат Загрязнение сельскохозяйственной продукции
8. Реферат на тему A Study Of Jack Londons Belief In
9. Реферат на тему Становление психологии как науки
10. Реферат Проектирование целей урока по информатике