Реферат Жол оз алысы ауіпсіздігін амтамасыз етуді м селелері ж не оны шешу жолдары
Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
от 25%
договор
Жоспар
1.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары
2.
Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғаларының азаюы туралы мәліметтер
3Жол апатын болдырмау шаралары
4.
Жол апаттарының азаюындағы фото және бейнекамералар ролі
5.
Жол ережесін сақтау мәселелері
Жақында «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары» атты жиын өтті.«Дөңгелек үстелде» ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшылығының бастамасымен Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйым басшылары бүгінгі таңда белең алған апатты оқиғалардың салдарын тақырыпқа өзек етті.
2001-2007 жылдары автомобиль паркінің жедел артуы жол-көлік оқиғаларын да өсіріп жіберген. Осы алты жылдың бедерінде көлік апаты 31 пайызға артып (12,1 мыңнан 15,9 мыңға дейін), қаза тапқандар қатары екі еселенген, ,
Бұл мәселе былтыр Үкімет отырысында Премьер-Министрдің арнайы қарауына бірнеше мәрте жіберіліп, екі жыл бұрын Мемлекет басшысының жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қаралғаны да жайдан-жай болмаса керек. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің қабылдаған қатаң шаралары жолдағы ахуалды жақсартуға едәуір мүмкіндік берді. Жүргізушілермен жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі 2008 жылы көлік апаттарын 13,8 пайызға қысқартып (15942-ден 13739-ға дейін), қаза тапқандар саны 23,2 (1014 адамға), ал жарақат алғандар 13,5 пайызға (2551 адамға) азайған.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткішке көз жүгіртсек, елімізде 2058 көлік апаты тіркеліпті. Қайғылы оқиғаның салдарынан 398 адам қаза тауып, 2389-ы жарақат алған. Дегенмен, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол үстіндегі кездейсоқ жағдайлардың 8,5 пайызға кеміп, қазаға ұшырағандар қатарының 29,9, ал жарақаттанғандардың 6,9 пайызға азайғанын аңғарамыз.
Жиын барысында тыңдалған келелі ойлар мен тың ұсыныстарды сүзгіден өткізген қатысушылар келешекте бұл бағытта бірқатар шешімнің қабылданатынын мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының жол-көлік апаттары туралы
2008 жылдың 6 ай көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1008 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 247 адам қаза болып, 1263 адам әртүрлі дене жарақаттарын алып емханаларға түскен. Былтырғы жылдң осы кезеңімен салыстырғанда (6 ай 2007 ж. 1246-242-1544) жол-көлік оқиғаларының саны – 19,1 пайызға жарақат алғандар саны – 18,2 пайызға азайған. Алайда қаза болғандар саны 2,1 пайызға өсіп отыр.
Шымкент қаласы бойынша 452 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 46 адам қайтвс болып, 519 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқиға саны – 15,7 пайызға және жарақат алғандар саны – 14,2 пайызға кеміген, ал қаза болғандар саны тұрақты күйде. (2007ж. 536-46-605)
Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері:
- жылдамдықты асыру – барлық тіркелген оқиғалардың 36,0 пайызы
- жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету 9,6 пайыз
- автокөліктерді мас күйде басқару – 2,0
- басқа себептер – 15,2
жол көлік оқиғаларының негізгі түрлері
-жүргінші басу – 44,1
-Соқтығысу – 31,9
-Аударылу – 13,5
Жасөспірмдердің қатысуымен орын алған ЖКО-ы
2008ж 200-28-193
2007 ж. 47-16-64
Жол көлік оқиғалары өсіп отырған аудандар:
+Абай 13,3 пайызға
Арыс 4,2 пайызға
Шардара 33,3 пайызға
Кентау қаласы 33,3 пайызға
Тіркелген ірі ЖКО – ы: 4-26-10 (2-14-9)
Анықталған ЖҚЕ-н бұзушылық Салынған айыппұл соммасы
2008 ж. 71049 51 млн. 904 мың 982 тг.
2007 ж. 91155 64 млн. 380 мың 098 тг.
Өндірілгені
28825909 тг.
57560792 тг.
Жүргізу құқығынан айрылған азаматтар саны
2008ж. 1000
2007ж. 735
Елімізде 2010 жылы жол-көлік оқиғалары азайды
2010 жылы ел көлеміндегі жол-көлік оқиғаларының саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама кеміген. Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр. Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды.
Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы:
- Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.
Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар. Сонымен қатар, жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен. Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін бергенмен, үлкен жауапкершілікті де міндеттейді.
Жақында облыс орталығында 2009-2012 жылдарға арналған еліміздегі адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының тұсаукесері болып өтті. Оған Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов, осы комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев және БҰҰ-ның Қазақстандағы резидент-үйлестіруші тұрақты өкілі Хаолянь Шу қатысып, сөз сөйледі. Олар жоспардың алдағы уақытта атқарар маңызы мен мақсаттарына тоқталды.
Алқалы жиынды ашқан облыс әкімі Б.Сағынтаев бұл құжаттың еліміздегі заңнама мен құқықты қолдану тәжірибесінде, адам құқықтары және оны қорғау тетіктерін жақсарту жөнінде нақтылықты көздейтін бағдарлама болып табылатынын айтты. Ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 5-мамырында қол қойған қаулысымен мақұлданғанын атап өтті.
Ал Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Т.Әбішевтің сөзіне қарағанда, аталған құжат “Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы” баяндамалар нәтижесіне, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың әлеуметтанулық сауалнамаларына сүйене отырып жүргізілген зерттеулеріне негізделіп жасалған. Комиссия төрағасы С.Тұрсынов еліміз тарихында алғаш рет қабылданған “Адам құқықтарының сақталуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары” Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді одан әрі демократияландыру бағытын берік ұстанған саясатының жемісі, деді. Ел Конституциясында: “адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады” деп жазылған. Соған орай тәуелсіздік алған жылдардан бері атқарылған іс-шаралар адам құқықтарының сақталуы мен жалпы қоғамдағы барлық мүдде-мақсаттарымыздың орындалуын жүзеге асыруға арналғаны белгілі. Демек, еліміз адам құқықтары саласындағы міндеттемелерінен ауытқымай, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың осы бағытына қолдау көрсетіп келеді.
Бұл жоспарды әзірлеуге БҰҰ Даму бағдарламасы, еліміздегі Нидерланды Корольдігі мен Ұлыбритания елшіліктері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар үлес қосты. Еліміз мұндай жоспарды алғаш рет қабылдай отырып, оны ТМД аумағында алғаш рет қолданған да ел болып отыр. Сондықтан Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру Қазақстанға құқықтық мемлекет құруда, адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін нығайтуда, жалпыға ортақ танылған халықаралық нормалар деңгейінде кемелденген азаматтық қоғам құруда жаңа бастамаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, — деп атап көрсетті С.Тұрсынов. Және де еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін дамытуға, азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, және мәдени құқықтарын, соның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының құқықтарын халықаралық өлшемдер деңгейінде қамтамасыз ету баса көрсетілген.
Ал БҰҰ-ның еліміздегі резидент-үйлестірушісі Хаолянь Шу мырза өз сөзінде бұл жоспарды дайындаудан бұрын Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы толық зерттеулер жүргізілгенін, бұл үшін арнайы есептер әзірленгенін, ал, бұл жұмыс ұлттық жоспардың адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық нормаларына сай екендігіне орай талдауға мүмкіндік бергенін айтып өтті. Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Ұлттық жоспарды дайындау жөніндегі жұмыс тобы мүшелері халықаралық тәжірибені назарға алды. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрылуын және оның жұмысын белсенді түрде қорғады. Мен сіздердің елдеріңіздегі азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы диалогтың жаңа деңгейге көшуіне жақсы жағдай жасайтынына сенімдімін. Атап айтқанда, бұл Ұлттық жоспар Қазақстан Үкіметінің “Еуропаға жол” бағдарламасын жүзеге асыруда, және 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі Үкіметтің атқаратын жұмысында да маңызы өте зор деп білемін, – деді өкіл.
ЖОЛ АПАТЫН БОЛДЫРМАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Жыл сайын жол-көлік апаты мыңдаған адам өмірін қиып, орасан қайғы-қасірет әкеледі. Оған қарсы жасалып жатқан шаралар әзірге айтарлықтай нәтиже бермей тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері 251,6 мың жол апаты тіркеліп, онда 57 мың адам көз жұмды. 300 мыңға жуық адам жарақат алған. Сондықтан да бұл мәселе кеше Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасындағы жол қауіпсіздігінің жағдайы туралы кеңесте жан-жақты талқыланды.
Бұл кеңес Президент Әкімшілігінің жұмыс жоспарына сәйкес өтіп отырғандықтан онда жол қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы және ЖКО болдырмауға байланысты атқарылып жатқан шаралардың жай-күйі ортаға салынды. Кеңеске Бас прокурор, Жоғарғы Сот Төрағасы, Ішкі істер, ТЖ министрлері және бірқатар ведомстовалардың бірінші басшылары қатысты. Аталған мәселе бұдан бұрын Мемлекет басшысының қатысуымен де қаралған болатын. Соған орай онда әуелі Елбасының қойған талаптарының қаншалықты дәрежеде орындалып жатқандығы сараланды. Жағдайға байланысты алда тұрған күрмеуі қиын мәселелерді шешудің шаралары талқыланды. БҰҰ мәліметіне қарағанда, жыл сайын жол-көлік оқиғасынан әлемде 1 млн. 200 мың адам опат болады екен. Елу мыңға жуық адам түрлі жарақат алады. Сонда жалпы алғанда бұдан келетін шығын 50 млрд. доллардан асып жығылады.
Сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылдарға қарай әлемде жол-көлік оқиғасынан зардап шегу 65-70 пайызға артатын көрінеді. Сөйтіп ол жаһандық өлім себебінің арасында үшінші орынға көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанда соңғы он жыл ішінде көлік саны екі есе ұлғайып, 3,2 миллионға жетті. Соған байланысты жүргізушілердің жол ережесін бұзу деректері де көбейіп кетті. Бұған тосқауыл қойылуы үшін 2008 жылы Қазақстанда алғаш рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң қабылданды. Осы орайда, жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылайтын инновациялық технологиялар енгізіле бастады. Астана, Алматы секілді ірі қалаларда қозғалыс режімінің шапшандығын бақылайтын 141 автоматты жүйе орнатылды. Үстіміздегі жылдан бастап берілген әкімшілік шаралар мен олардың орындалғаны туралы мәлімет сақтайтын біртұтас автоматтандырылған банк жүйесі іске аса бастады. Жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқыту орталықтарының қызметін лицензиялау жүзеге асты.
Сөйтіп, осындай атқарылған жұмыстар нәтижесі көлік жолдарындағы апат пен жарақат алудың азаюына біршама әсерін тигізді. Мәселен, 2008 жылы ЖКО 2007 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға төмендеді. Оның ішінде опат болғандар 23,2 пайызға, жарақат алғандар саны 13,5 пайызға азайды. Сол сияқты үстіміздегі жылы да ЖКО 8,4 пайызға, қайтыс болғандар 17,8 пайызға және жарақаттанғандар 9,5 пайызға кеміді. Бірақ қанша жерден саны азайды десек те, жол-көлік оқиғасы тыйылар емес. Сондықтан кеңесте жол-көлік оқиғасының нақты болмысы жол қозғалысы қауіпсіздігін жүйелі түрде шешуді және өкілетті мемлекеттік органдардың қызметін тиімді үйлестіру қажеттілігін көрсететіні айтылды. Қазақстанда ЖКО салдарынан 100 мың адамға 21 опат болып келеді. Бұл дамыған елдер деңгейінен екі есе асып түседі. Демек, ауруын жасырған өледі дегендей, жол-көлік апатының алдын алу мәселесінде әлі де атқарылмай жатқан істердің бар екендігін мойындау қажет.
Көшеде кетіп бара жатқан жаяу жүргінші, не көлік жүргізушісі болсын олардың бәрі де жол қозғалысының мүшелері болып табылады. Сондықтан жазығы жоқ жандардың өміріне қауіп төндірген жол ережесін бұзушыны да аяудың еш қажеті жоқ. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде еліміздің автожолдарында 2028 опат болып, 10 327 адам түрлі жарақат алды. Олардың 80 пайызы тепсе темір үзетін жастағы еңбек қабілеті жоғары жандар десек, әрбір сегізіншісі (132 бала мерт болып, 1428-і ауыр жарақаттанды) кәмелетке толмаған балдырғандар.
Қалыптасқан ауыр жағдайдың себебі неде? Кеңеске қатысушылар оның себебі мен салдарын да айтып өтті. Қауіпті жағдайды алдын ала болдырмауға мүдделі мемлекеттік органдардың өзара әрекеті мен үйлесімді қызметі өте төмен. Оның үстіне жол қауіпсіздігінің нақты жағдайын, беталысын және өсуін ретімен сараптау мен мониторинг жүйесі мүлде жоқ. Бұған көлік құралдарын жүргізу мәдениетінің төмендігін қоссаңыз жағдай тіптен күрделене түседі. Бұл аз десеңіз, жолдарымыздың жағдайы мен жалпы көлік инфрақұрылымы қанағаттанарлықсыз екенін жұрттың бәрі біледі. Демек, мұндай жағдайға әлі де әкімшілік заңдылықтарды тиімді, соның ішінде оның профилактикалық әлеуетін тиісінше пайдаланбау себеп болып тұр. Мәселен, бұл орайда басты назар бір жақты, яғни тек автокөлік құралдарының иелері мен жүргізушілер тарапынан болатын құқық бұзушылықты анықтауға ғана аударылады. Ал өлімнің 30 пайызын құрауға себепкер жаяу жүргіншілердің үлесі ескерілмей қалады. Сонымен қатар, кеңесте жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын өкілетті органдар қызметкерлерінің арасындағы жемқорлық басым екендігі айтылды. Ал бұл ортақ тәртіптің нығаюына орасан кедергі келтіреді.
Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр.
Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды.
Жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.
Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы: - Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.
Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар.
Жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен.
Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін
Елімізде жол-көлік апатынан жыл сайын 4 мың адам, ал күніне 10-15 адам қаза табады
Парламент Мәжілісінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған ҚР Ішкі істер вице-министрі А. Шпекбаев осындай деректер келтірді.
Елімізде жыл сайын 4 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан қаза тауып, 19 мыңнан астам адам мертіксе, күн сайын республика бойынша 10-15 адам жол апатынан ажал құшады.
Желтоқсанның 26-сы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев осындай деректер келтірді.
«Тиісті мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10 жылда еліміздің жолдарында 27 мың адам опат болып, 156 мың адам түрлі дәрежеде жарақат алыпты. Бұның ар жағында көзге көрінбейтін орасан зор экономикалық шығын да жатыр. Сарапшылардың бағалауынша, жол-көлік апаттарынан келетін шығын жыл сайын Ішкі жалпы өнімнің 2 пайызға жуығын құрайды», деді вице министр. Оның айтуынша, жол–көлік апаттарының өсімі негізінен жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, шектеулі жылдамдық тәртібін бұзу, қарсы бағытқа шығу секілді әрекеттердің ұлғаюымен байланысты.
Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігі жол–көлік апаттарының алдын алу мақсатында автоматтандырылған электрондық жүйені, яғни фоторадарларды республиканың барлық облыс орталықтарында енгізбек ниетте. А. Шпекбаевтың сөзіне қарағанда, АҚШ пен Еуропалық Одақта енгізілген жол ережесін бұзуды автоматты тіркеу тәжірибесі жолдағы апат деңгейін 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсеткен. «Жол ережесін бұзу дерегін автоматты тіркеудің (фоторадар) мұндай жүйесі қазіргі таңда Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында қолданылып, өз тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, Астана қаласында осы жүйе орнатылғалы бері апаттылық деңгейін 21 пайызға, жол апатынан болатын өлім 6 пайызға, жарақаттану 27 пайызға азайған», деді вице-министр.
Жол ережесін сақтау мәселедері
Жыл өткен сайын автокөлiктердiң жылдам жүретiн түрлерi көшелерде көбейе бастады. Бұдан бiрнеше жыл бұрын салынған тар жолдар қазiргi көлiктердiң тасқынына төтеп бере алар емес және осы заманғы автокөлiктердiң талабына дайын еместiгi айдан анық. Сондықтан жол тәртiбiн сақтауда түйткiлдер көп-ақ. Жол-көлiк оқиғалары көбеймесе, азаяр түрi жоқ. Осы жылдың жарты жылдығында атқарған жұмыстар жайлы Қызылорда облыстық iшкi iстер департаментi жол полициясының бастығы, полиция полковнигi Дәулет Сүлейменов ойын ортаға салды:
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2006 жылғы 13 қарашасындағы шешiмiне және облыстық iшкi iстер департаментiнiң 2007 жылға арналған негiзгi ұйымдастырушылық iс-шаралар жоспарына сай Қызылорда облысының 2007-2009 жылдарға жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң өңiрлiк бағдарламасы дайындалған болатын.
Аталған бағдарлама бойынша, жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында 373 млн.284 мың теңге мөлшерiнде қаржы бөлу мәселесi, оның iшiнде 215 млн. 469 мың теңге жол полиция қызметiн жарақтандыруға қарастырылды.
Жол полицейлерiнiң штаттық санын кезең-кезеңмен тиiстi мөлшерiне дейiн жеткiзу мақсатында 62 штаттық сан алуға 49 млн.174 мың теңге қарастырылды. Сондай-ақ, басқарманың материалдық-техникалық базасын күшейтуге 54 автокөлiк, 10 мотокөлiк, көше-жол тораптарының пайдалану жағдайын бақылауға – 1, көлiк құралдарының техникалық ақауларын тексеруге – 7 жылжымалы зертханалар, 20 бейне айқындаушысы бар жылдамдық өлшеуiш құралдар, 60 жылжымалы, 54 автомобильдiк, 7 тұрақты радиостанциялар, 20 компьютер алынды.
Облыстық салық комитетi, қаржы мен экономика және бюджеттi жоспарлау департаменттерiмен бiрлесе отырып, салынған айыппұлдар мен салық төлемдерiн төлеу жөнiнде салыстырмалы мәлiметтер жасау, жол апаттары мен жол көлiк оқиғасына қатысты iздеу жарияланғандарды және көлiк құралдарын iздеуге арналған жол полициясына 4,5 млн. теңге бөлiндi. Жаңа үлгiдегi жүргiзу куәлiктерiн, микропроцессорлық карталар жұмысын iске қосу мақсатында жол полициясына электронды терминал құрылғысын орнату және iске қосу қарастырылды. Сонымен қатар,көше-жол тораптарында жылдамдықтарын шамадан тыс арттырып жүргiзген жүргiзушiлердi фотобелгiлерге түсiрiп, анықтайтын 5 жылдамдық өлшегiш құралдары алынып, күнделiктi жұмыстарға пайдаланылуда. Саптық бөлiмшелер, ТЭБ және әкiмшiлiк практика бөлiмшелерiнiң көтерiлген жұмыс үлгiсiн ескере отырып, жаңадан 8 штаттық бiрлiктерi енгiзiлсе, ағымдағы жылда ОIIД жол полициясы қызметiн жарақтандыру мақсатында 13 автокөлiк алынып, 10 жылдамдық өлшегiш құралдарына және 30 жылжымалы байланыс құралдарына қаржы бөлiнiп тендер өткiзiлдi.
Жыл басынан берi облыс жолдарында 129 апат тiркелiп, соның салдарынан 54 адам қаза тапса, 131 адам әр түрлi дене жарақаттарын алған. 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда жол апаттары – 17,8; қаза болғандар – 21,7; жарақат алғандар – 27,6 пайызға төмендедi. Облысымыздың жолдары мен қала көше-жол тораптарында 2007 жылдың 6 айы көлемiнде жасөспiрiмдердiң қатысуымен 20 жол-көлiк оқиғасы орын алып, соның салдарынан 5 бала өмiрмен қош айтысса, 16 бала әр түрлi дене жарақатын алған. Жасөспiрiмдер арасында орын алып отырған жол-көлiк оқиғалары 2006 жылдың ақпарлы мерзiмiмен салыстырғанда – 25,9 пайызға, жарақат алғандар – 27,3 пайызға, қайтыс болғандар саны – 37,5 пайызға төмендеген.
Осы мерзiмде облыс көлемiндегi мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерде балалар арасында, еңбек ұжымдарында көше ережелерiн кеңiнен насихаттау мақсатында барлығы 1764 рет әңгiмелер мен лекциялар өткiзiлдi, соның iшiнде мектептерде 832, балабақшаларда 171, еңбек ұжымдарында 761 рет өткiзiлген.
Жол полиция басқармасының тiкелей араласуымен облыс орталығындағы, «Жiбек жолы» көшесiндегi №101 орта мектеп алдында жаңа үлгiдегi «Балалар», «Мектеп», «Жылдамдықты шектеу» бiрiккен жол белгiлерi орнатылды.
Қазiргi уақытта жол-көлiк оқиғаларын алдын алуда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында «АРТ» студиясы арқылы «Балалар жол үстiнде», «Мас күйiнде автокөлiк басқарған жүргiзушi» тақырыбында жарнамалық роликтер түсiрiлiп, жергiлiктi телеарналардан облыс тұрғындарына насихатталып жатыр.
«Қауiпсiз қала», «Автобус» атты iс-шаралар аясында жергiлiктi телеарна қызметкерлерiмен бiрлесе шыққан арнайы шолудың қорытындысы мен бейне көрiнiстер кеңiнен көрсетiлуде.
Көлiк құралдарының қозғалысын бақылау кезiнде жол полициясы қызметкерлерi осы мерзiмде 52793 жол ережесiн бұзушылықты анықтап, бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 22,1 пайызға артты. Ереженi бұзған 32322 жүргiзушiге 374297144 теңге айыппұл салынды және оның 91,6 пайызы өндiрiлдi.
Анықталған ереже бұзушылардың 37187 немесе 70,4 пайызы жол тәртiбiн өрескел бұзушылар. Спирт iшiмдiгiн iшiп, көлiк құралдарын басқарғаны үшiн 2045 жүргiзушi ұсталып отыр. Жол апаттары санының өсуiн тоқтату және алдын алу, сонымен қатар, iшiмдiк iшiп автокөлiктi басқарып жүрген жүргiзушiлердi анықтау мақсатында облыс орталығында «Абайлаңыз, балалар», «Түнгi қала», «Құрсау», «Жаяу жүргiншi», «Автобус», «Жол қозғалысының қауiпсiздiгi апталығы» атты iс-шара жоспарланып, үнемi атқарылуда.
ОIIД және ЖПБ-нiң ұйымдастырушылық және тәжiрибелiк iс-шараларының нәтижесiнде жол полция бөлiмшелерi қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау мен қылмыстың алдын алуда бiршама табыстарға қол жеткiздi. Жыл басынан берi жол полициясы қызметкерлерi 560 қылмыстың бетiн ашты, бұл барлық тiркелiп ашылған қылмыстардың 43,5 пайызын құраса, 95 қылмыс жол полицейлерiнiң өз ынтасымен анықталған.
Қоғамдық тәртiптi сақтау барысында 2468 азамат сауықтыру орнына жатқызылып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшiн 1354 азаматқа әкiмгершiлiк құжаттар толтырылды.
2007 жылдың 6 айында облыс көлемiнде көлiк құралын қуып кетудiң 140 дерегi тiркелiп, оның 8-i ашылса, ұрлықтың 12 дерегiнiң 11 ашылды. Есiрткi заттарын заңсыз сатудың 11 дерегi анықталып,
Акциздiк өнiмдер заңсыз тасымалданған 14 дерек анықталды. Оның iшiнде
2007 жылдың маусым айының 25-29 жұлдыздары аралығында ОIIД-нiң қызмет салаларының күшiмен облыс және аудан орталықтарында «Ауыл жолы» жедел профилактикалық iс-шарасы өткiзiлдi.
Iс-шараны өткiзу барысында жол тәртiбiн бұзғандар 1940, оның iшiнде автокөлiгiн спирт iшiмдiгiн iшiп басқарғандар –123, жылдамдықты арттыру – 327 анықталды.
Облыс көлемiнен өтетiн республикалық маңызы бар автожолдарда жол полициясы пилотты кезекшiлiктерiнiң орналасуына сәйкес нақты патрульдiк учаскедегi жол полициясы саптық бөлiмшелерiнiң жеке құрамына нұсқамалар өткiзу және желiде қызмет өткерудi бақылау үшiн ОIIД жол полициясы басқармасы аппараты мен саптық бөлiмше құрамы қатарынан белгiленген патрульдiк учаскелердiң әрқайсысына жауапты қызметкер бекiту мақсатында ОIIД 23.02.07 ж. №74 санды бұйрығына сәйкес қызмет атқарылуда. Облыс әкiмiне жылдамдық өлшегiш құралдарын алу жөнiнде ұсыныс жолданып, оның 10 данасы алынды. Биылғы жылдың басынан берi ай сайын жол полициясы қызметкерлерi барынша жұмылдырылып, «Автобус» жедел-профилактикалық iс-шаралары өткiзiлдi. Iс-шаралар барысында автобус және шағын автобустармен барлығы 2477 жол ережесiн бұзушылар анықталды, оның iшiнде 28 жүргiзушi iшiмдiк iшiп, көлiк басқарғандар. Осындай көлiк құралдарының кiнәсiнен 5 жол апаты тiркелiп, соның салдарынан 2 адам қаза болып, 10 адам дене жарақатын алды. Ақпарлы мерзiмде 4986 азаматтарға жүргiзушiлiк куәлiгi берiлсе, оның 32 мотокөлiк жүргiзуге, 4954 автокөлiк жүргiзуге рұқсат беретiн құжаттар. Сондай-ақ жыл басынан берi облыс көлемiндегi жүргiзушiлер дайындаумен айналысатын 26 оқу мекемелерiнiң 15-i тексерiлiп, табылған кемшiлiктерге актiлер толтырылып, кемшiлiктердi жоюға нұсқаулар берiлдi. Сонымен қатар, автокөлiктердi есепке тiркеу кезiнде азаматтардың уақытын үнемдеу үшiн «бiр терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқарылып, автокөлiктердi уақытша есепке тiркеу барысында сенiмхаттар мен көлiк техникалық құжаттарды қабылдау, диагностикалық станциясының бiрiншi қабатында қабылданып, сол жерде тексерiлiп, сенiмхаттармен көлiк құралдарына техникалық құжаттар және мемлекеттiк белгiлер берiлуде.
Жол апаттарының алдын алудағы тағы бiр өзектi мәселелердiң бiрi – ол автомобиль жолдары мен көше жол тораптарының және көлiк құралдарының техникалық жағдайлары.
Жол жағдайларына 330 рет тексерулер жүргiзiлiп, 12739 шақырымның, оның iшiнде жолаушылар тасымалдауымен айналысатын автобус жолдарының 4969 шақырымы ақаулы екенi анықталып, лаузымды адамдарға айыппұл салынса, облыстық, қалалық, аудандық әкiмдiктермен жауапты мекемелерге 109 хабарламалар жiберiлдi.
Сонымен қатар, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құрылғылар да (бағдаршамдар, жол белгiлерi, жолүстi сызықтары және т.б.) назардан тыс қалмай, үнемi қадағаланып келедi.
Облыс көлемiнде көше жол тораптары мен автожолдарда жол полициясы ықпалымен жаңадан 197 жол белгiлерi жаңартылып орнатылса, 553 жол белгiлерi қалпына келтiрiлдi. Сондай-ақ облыс көлемiндегi 22 бағдаршамның 21-iнiң үздiксiз пайдалануы қамтамасыз етiлiп, облыс орталығында екi бағдаршам объектiсi диодтыға ауыстырылды, екi қауiптi көше қиылыстарына жаңадан диодты бағдаршам орнатылды. Республикалық жолдарда 10 мың, облыс орталығында 3 мың шаршы метр жол сызықтары қалпына келтiрiлдi.
2007 жылдың 6 айында облыс көлемiнде техникалық байқауды мерзiмiнде өткiзу мақсатында iс-шаралар жоспарланып, жарты жылдық техникалық байқаулармен облыс көлемiндегi көлiк құралдары толық қамтылды.
Көлiк құралдарына МТБ жүргiзу қорытындысы бойынша көлiк құралын тiркеу куәлiгi мәлiметтермен агрегат нөмiрлерiнiң сәйкес келмейтiн 35 дерегi және қозғалтқыш нөмерiнiң қолдан жасаған 5 дерегi, техникалық құжатын қолдан жасаған 1 дерегi анықталды. Жол полиция басқармасының қызметкерлерi арасында әскери-қызметтiк тәртiптi нығайту, заңдылықты қызметкерлерi арасында сақтау мәселелерi жедел мәжiлiстерде қаралып, үнемi талқыланып отырды. Жеке құрам арасында тәртiптi қатаң сақтап, заңдылықты бұзу деректерiне жол бермеу мақсатында бiрлескен тексерулер жүргiзiлдi. Осы шолулар кезiнде қызметкерлер арасында тәртiптi сақтаумен қатар, жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуын қадағалауға қатаң көңiл бөлiнiп, сырттай және ашық тексерулер жүргiзу жалғасын табуда.
Ақпарлы мерзiмде бақылау-профилактикалық бөлiмше қызметкерлерi 60 рет құпия тексерулер жүргiзiп, нәтижесiнде кемшiлiктерге жол берген 17 қызметкерлерге, оның iшiнде 4 басшы құрамына тәртiптiк шара қолданылды, 2 қызметкер басқа салаға ауыстырылды.
Жол полициясы қызметкерлерiнiң қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлық деректерiнiң жолын кесу мен оған ықпал ететiн себептерiн анықтау мақсатындағы арнайы жоспарға сай, айтарлықтай ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылып, нәтижесiнде жол полиция қызметкерлерiне пара берудiң 6 дерегi анықталды. Күнделiктi жол полиция басқармасы бойынша бөлiм, бөлiмше басшыларынан арнайы кестеге сай жауаптылар бекiтiлiп, жол полициясы жеке құрамының жұмыстары бақылауға алынып, жеке құрам арасында тәртiп пен заңдылықты сақтау мен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететiн себептерi үнемi зерделенуде.
2007 жылдың 6 айында облыстық iшкi iстер департаментiнiң жеке құрамы арасында автокөлiк құралдарын басқару кезiнде жолда жүру ережесiн бұзған 63 қызметкер, оның iшiнде автокөлiктi iшiмдiк iшiп басқарғаны үшiн 5 қызметкер анықталып, оларға әкiмшiлiк хаттамалар толтырылып, тиiстi шаралар жүзеге асырылды. Жол полициясы жеке құрам арасында заң бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық деректерiн болдырмау мақсатындағы жұмыстар облыстық жол полициясы департаментiнiң басшылығы тарапынан қатаң бақылауда.
Қолданылған әлебиеттер тізімі
1.«Егеменді қазақстан» газеті № 6,қараша
2.www.akimvko.gov.kz
3.Өмір-тіршілік қауіпсіздігі С.Арпабеков Алматы,2004