Реферат

Реферат азіргі заманда ы т л аны леуметтенуі

Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 23.11.2024



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы
Қазірігі замандағы тұлғаның әлеуметтенуі
Орындаған: Жұмашева А.А

Тексерген: Чинасилова А.М
Алматы 2009

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы
Қазірігі замандағы тұлғаның әлеуметтенуі
Орындаған: Калиева М.Е

Тексерген: Чинасилова А.М
Алматы 2009

Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:

1.Тұлғаның әлеуметтенуінің жіктелуі

2.Әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері

жеткіншектерді әлеуметтендіру

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д.Доллэрдтің, Дж.Кольман-ның, А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады. Жетім балаларды әлеуметтендіруді біз арнайы схема арқылы талдап көрсетуімізге болады (Сурет 2).

«Әлеуметтену» – (латын сөзінен шыққан «socialis» - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе әлеуметтендірудің негізгі қажеттіліктер және т.б. Э.Дюркгейм әлеуметтену процесін қарастырып, оның белсенді бастамасы қоғамға тән, сол себепті ол әлеуметтену субъектісі болады деген. Сондықтан қоғам адамды «өз үлгісіне салып» қалыптастыруға талпынады.

Т.Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген қоғам мәдениетіне қатысты болса, ролдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін игеру қажет. Әлеуметтенуде, дейді Э.В.Ильенков тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады.

Сонымен, әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т.б. Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық. Жетім балаларды әлеуметтендіру дегеніміз олардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы күрделі үдеріс.

Әлеуметтендіру ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да түсіндіріледі.

Атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдер (импринтинг, еліктеу, экзистенциалды қысым көрсету, идентификация, рефлекция), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері (әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды механизмі, әлеуметтенудің стильді механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық механизмі)
Тұлғаның әлеуметтенуі

Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі.

Осы механизмдер мен процестер әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі бола отырып, тікелей әлеуметтік педагогтың қызметімен айқындалады.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда т.б. орталармен қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін, өзін-өзі ұйымдастыра білуі. Ал әлеуметтік педагог болса, төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет: диагностикалық қызметі; өз құзырлығы шеңбері бойынша көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау; кәмелетке толмағандардың, кәмелет жасындағы, тәрбиешілердің құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру; «Ерекше назардағы» балалар мен «Ерекше назардағы» тәрбие субъектілерімен жұмыс; тәрбиешілер, медициналық қызметкерлері, басқа да қызметкерлермен, балалар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесімен, балалардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті топпен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру.

Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырады.

негізде өзінің жеке басын қалыптастырады. Тәжірибені талдай келе біз жетім балалар үйлері, ауылдары, интернаттарда әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте жетім балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, жетім балаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді.

Осылайша, зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде жетім балаларды әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінде де тоқталып, мұндай балаларды тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері анықталды.

Ал, енді диссертацияның екінші бөлімінде жетім балаларды тұлғалық әлеуметтендіруге байланысты біз ұсынған педагогикалық шарттар сипатталып, әдістер ұсынылып нәтижесі эксперименттер арқылы тексерілді.

Жетім балаларды жан-жақты әлеуметтендірудің негізгі мақсаты етіп енді ғана қалыптасып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың демократиялық прин-циптеріне берілген, білімді меңгерген, келер ғасыр талабына жауап бере алатын, жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, адам құқығын құрметтеудің маңызын түсінетін, өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-мұраты және мүдделері, адамгершілік пен мінез-құлық мәдениеті толық жетілген дүниеге берік көзқарастағы өзін де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлау мақсаты қойылады.

Бұл міндеттің ойдағыдай іс-жүзіне асуы үшін, қажетті шарттар туындайды және оны іске асыру қажет. Олар:

1. Жалпы білім беретін мектеп ұжымы, мұғалімдер мен тәрбиешілер жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты тәлім-тәрбиелік шараларды іс-жүзіне асыру барысында жалпы мемлекеттік, жалпыұлттық мәні бар және белгілі бір ұлтқа тән әлеуметтік қасиеттерді, сапаларды, рухани құндылықтарды және мүдделерді меңгертудің үйлесімді сабақтастығының сақталу заңдылығын үнемі басшылыққа алып отыруы шарт.

2. Жас ұрпақтың адамдық бітім-болмысының, қадір-қасиеттері мен сапаларының жан-жақты және үйлесімді қалыптасып, дамуына ықпал ететін әлеуметтік тәжірибенің озық үлгілерінің, рухани құндылықтар мен ой-пікірлердің, идеялар мен мақсат-мұраттардың, мүдделер мен рәсімдердің, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларының алдағы бүкіл өмір бойы сіңірілуіне түрткі болып отыратын өзіндік бағыт-бағдары ой қорытушылық қабілеті бар жетекші қайнар көзі, ойлау қабілеттерінің ең жоғары тиімді тәсілі, жан дүниесінің ең негізгі деңгеймен ұсынысы ретінде дүниеге ғылыми көзқарастар алынып, қалыптастырылуы жөн.

3. Жетім балаларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру оларға белгілі бір тарихи-мәдени ортада қабылданған мінез-құлық нормаларын меңгертудің негізгі бағыттарының бірі ғана емес, сонымен бірге, бұл күндері қоғамдық өмірдің төрінен орын алып нарықтық жүгенсіздік жағдайында зор мәнге де ие екендігін мектеп ұжымы, балалар үйлері мұғалімдер мен тәрбиешілер үнемі есте ұстаулары керек.

4. Жалпы мемлекеттік, жалпы ұлттық мәні бар әлеуметтік қасиеттер мен сапалардың алдыңғы қатарына Қазақстанда азаматтық татулық пен ұлттық келісімді тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі ретінде әрбір ұлт өкілінің, әсіресе, олардың ертеңгі күні орнынбасар жас ізбасарларының бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру шарт.

5. Жетім баланың бойында ұлттық сана-сезімді, қадір-қасиеттерді, рухани құндылықтарды, мақсат-мұраттарды, мүдделерді, талғамды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, ұлттың өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, мәдениетті, өнерді және іскерлікті дарытудың таптырмайтын құралы – халықтық педагогика арқылы жоғарыдағыдай құндылықтарды жасөспірімдер бойына қалыптастыру болып табылады.

Жалпы балалар үйі жағдайындағы жетім балаларды әлеуметтендіріп, жаңа қоғам өміріне қосу үшін, келесідей шарттар орындалуы қажет:

- оларға өмір бойы қызмет ететін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалып-тастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз беттерімен шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімдеуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі өмірде қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байла-нысты алдағы еңбек жолында керек болатын білім негіздерімен, дағды-іскер-ліктерімен және біліктілікпен қаруландыруға үйрету;

- оқу үрдісін барынша ізгілендіру мен гуманитарландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбиеленушілерге жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық мәдениет, ғылым, тіл, өнермен ұштастырыла тәрбиелеудің негізінде жеке тұлғаны ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білетін әрі қастерлейтін адамгершілігі мен мінез-құлық мәдениеті жоғары адамзат ретінде тәрбиелеуге үйрету;

- білім берудің басты принципі – жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және же-тілдіріп дамыту қағидасын басшылыққа ала отырып, оқытудың барлық саты-лары мен деңгейлерінде жетім балалардың жеке тұлғасын қалыптастырып, одан әрі дамытып отыру үшін даралап және саралап оқытуға, оқыту үрдісінде үнемі жаңадан жетілдірілген әдістерді және ақпараттық технологияны мүмкіндігінше пайдалануға, оқытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен ұштастыруға, олардың өздігінен денсаулығын нығайтуына, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сөйтіп, қоғамдық өмірде үнемі белсенділік көрсететіндей, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен өзін асырай алатындай етіп, тәрбиелеу;

- ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық психо-логия мен этиканың, өнердің компоненттерін барлық пәндердің мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машық-тарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады;

- жетім балалардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптас-тыруға, олардың санасында өзге ұлт өкілдеріне құрмет пен сыйластық, достық пен ынтымақтастық сезімдерін сіңдіруге, оларға азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім принциптерін үнемі түсіндіріп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, біз дені сау бала яғни, қоғамға қажетті қоғам мүшесін қалыптасыруға жағдай жасауымыз керек екенін әрқашан есте ұстаймыз. Дені сау өмір салтын қалыптастыру келесідей бағыттарға негізделген: еңбек және дем алу уақытын дұрыс қолдану, физикалық белсенділік, ағзаға зиянды заттардың кері әсерін түсіндіру – ішімдіктерді пайдалануды, темекі шегу, нашақорлық және токсикомания, травматизмнің алдын алу және жеке бас гигиенасы.

Дене шынықтырудың әр түрлі әдістері қолданылады: қозғалмалы ойын-дар, серуендеу, аула командаларының кездесуі және т.б. Балалар үйінде де аудандық және мектептік “Денсаулық” бағдарламалары жүзеге асырылады.

Балалардың және үлкендердің педагогикалық, психологиялық, құқықтық жігерлендіруі балалар құқығын қорғау, балалардың оқуында, өмірге араласуында, мамандық таңдауында, өзіндік тәрбиеленуіне негізделген.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жұмыс жасау барысында мынадай шаралар ескерілу тиіс: жұмыс барысында қолданылатын педагогикалық бағыттың мазмұнын, түрін, тәсілдерін қамтамасыз етуді; жеке тұлғаға әсер ететін медициналық-психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік жағдайларды зерттеуді; балалар мен үлкендердің қарым-қатынастарының дұрыстығына бағытталған әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттілікті ұйымдастыруды; бұзақылық жасаған жасөспірімдерге көмек беруге, қайта қалпына келтіруге жағдай жасауды; әлеуметтік жетімдердің отбасы жағдайын анықтап, мүмкіндігінше жасөспірімдердің отбасына немесе балалар үйіне оралуына жағдай жасауды; деңгейінің жоғарылауына көмектесу, балалардың мүддесін қорғау олардың отбасымен, әр түрлі қоғамдық инстанцияларымен қарым-қатынасын ұйымдастыруды. Мұның барлығы әлеуметтік-педагогтың міндеті болып есептеледі.

Әлеуметтік педагогтың қызметінде әлеуметтік-тұрмыстық қызметте негізгі орын алады, олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттер басым болған жағдайда жетім баланың әлеуметтенуіне қойылатын педагогикалық шарттардың орындалуы толық қамтамасыз етіледі.

Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады.

Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Балалар үйінде оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Жеткіншектерді әлеуметтендіру

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен тәрбие үрдісіне бағыт-бағдар беру және жеткіншектерді әлеуметтендіру мақсатымен эксперимент жүргіздік. Эксперимент үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезең – анықтау эксперименті, екінші кезең – қалыптастыру эксперименті, үшінші кезең – бақылау нәтижесін тексере отырып, қорытындылау эксперименті. Әр кезеңнің өзіндік мақсаты, міндеттері болады.

Анықтау эксперимент жұмысымыздың мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам туралы ой-пікірлерінің деңгейін, олардың бойында адамгершілік сапа-қасиеттердің қалыптасу және бұл қасиеттердің адам болмысы мен қоғам өміріндегі мәні мен маңызы туралы түсініктің экспериментке дейінгі сапалық деңгейін біліп, мына міндеттерді шешу көзделді:

1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін мекемелердің оқу-тәрбие үрдісіндегі ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту мақсатының, олардың тұлғалық ерекшеліктерінің адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуіне әсерін анықтау.

2. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам құндылықтарын танып, білу және ол құндылықтардың өздерінің тәртібі ерекшеліктерімен салыстыра бағалау қабілеттерінің деңгейін қалыптастыру.

Бұл міндеттерді шешуде әртүрлі зерттеу әдістері пайдаланылды.

Анықтау эксперименті кезеңінде балалар үйінің оқушыларына сауалнамалар мен шығарма жаздыру әдістері жүргізілді. Экспериментке барлығы 438 жетім балалар қатысты, оның ішінде бақылау тобында – 218 бала, эксперимент тобында - 220 жетім бала қатысты.

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың жауаптарын мұқият сараптай отырып олардың мазмұнынан әлеуметтену ұғымын түсінулеріне байланысты белгілерін талдай отырып, топталған белгілерді мағынасына қарай 4-топқа бөлдік және ол белгілердің респонденттер ішіндегі мәндік көрсеткіштерінің пайыздық шамасын айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте 1-де өрнектелген.
Кесте 1- Сауалнамаға берілген жауаптардың сапалы мәндегі топтамасы

Топтар

%

Сапалы мәндегі жауаптар

I-топ

31,0

Әлеуметтену процесін түсініп, оған ықпал ететін факторларды көрсеткендер және қоғам туралы жалпы түсінігі барлар

II-топ

27,0

Әлеуметтену өмір сүруге қажетті деп түсіндіргендерді және әлеуметтенуге ықпал ететін ең болмағанда бір факторды атап көрсеткендер

III-топ

22,0

Дұрыс жауапқа жуық келгендерді, мысалы әлеуметтену ортаға бейімделу; қоғам ол белгілі бір орта деген сияқты қысқа қайырылған жауаптар иелерін

IV-топ

20,0

Жауап жазуға тырыспағандар мен түсінбеймін, білмеймін деген жауап иелерін

Тәжірибе жұмысының алғашқы кезеңінде балалар үйіндегі 6-8 сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық үдерісте толық ескерілмейтін жағдайларды, мүмкіндіктерді байқадық (кесте 2-де).

Балалар үйінің тәрбие үдерісінде әлі де болса тәрбие жұмысының барлық түрінің жүргізілмей жатқан себептері де бар, өйткені, өтпелі кезеңге байланысты орыс тілді балаларды мемлекеттік тілге үйретуге басымдық танытуда.
Кесте 2- Балалар үйін зерттеу барысында анықталған мүмкіндіктер

Ескеріле бермейтін мүмкіндіктер

Шектелген мүмкіндіктер

субъект – субъект қарым-қатынасы толық орнамаған

Жеткіншек қабілеттерінің сайысы оны ұйымдастыру шаралары әр түрлі тақырыпта бола бермейді

Оқушылардың басқа ортамен қарым-қатынасы өз деңгейінде іске асырылмайды

Әлеуметтенуге байланысты ғылыми орталықтармен байланыс

Сабақ барысында теорияның практикамен байланысы анық көрсетілмейді

Жасөспірімдердің өмірлік тәжірибесі көбіне өз деңгейінде қолданылмауы

Қоғамға бейімдеуге байланысты мәліметтер мен іс-шаралар сабақтан, балалар үйінен тыс жұмыстарда, әдеби кештердің мақсатына енбеген

Ұжымдық, саяхаттық және шығармашылық еңбектер ұйымдастырылуы жоқтың қасы

Жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне психологиялық тұрғыдан мән беріле бермейді, сондықтан олардың әлеуметтенуі де жүйелі іске асырылмайды

Жалпы оқушылар түгел қатысатын іс-шаралар түрлері өте аз

Біздің тәжірибе мәселеміз балалар үйінің тәрбие жүйесі арқылы оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеуге мүмкіндік жасалатын факторлар мәселесі. Сондықтан жүргізілген зерттеуіміздің нәтижелерін осы тұрғыда қорытындыладық. Тәжірибе өткізілген балалар үйінде жүргізілген талдаулар нәтижесінде оқушылардың бойында сіңірілуі тиіс тәрбиелік білім мен тәлімдік қасиеттер белгісін танып, білуге мүмкіндік жасалды.

Балалар үйінде әлеуметтік педагогикалық жұмыстарды жүргізудің бірден-бір мақсаты – олардың «жеке тұлға» ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызу. Жалпы тәрбиенің мақсаты да қалыптасып келе жатқан индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуына негізделеді.

Эксперимент жұмысы «Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесі» деп аталатын арнайы курсты қамтиды. Аталмыш арнайы курс жетім балаларды тәрбиелеу, әлеуметтендірудегі педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерді сипаттаумен қатар, әлеуметтену үдерісіне қажет барлық қажеттіліктерді айқындап береді.

Курстың мақсаты: жетім балалармен жұмыс жасайтын болашақ мамандарға жетім балаларды тұлғалық әлеуметтендірудің ғылыми теорияларымен, қарым-қатынас жүйелерімен және оның атқаратын қызметімен таныстыру. Арнайы курс 2 модульден тұрады.

Бірінші модуль жетім балаларды әлеуметтендірудің теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгертуге арналған.

Екінші модуль жетім балалардың әлеуметтенулерінің мазмұны мен мәнін ашады және олармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынастың педагог және психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі орны туралы мәселелерді үйретеді.
Қорытынды

Эксперименттің анықтау кезеңіндегі нәтижесіне сүйене отырып, балалар үйінің оқушыларын әлеуметтендіру мақсатындағы іс-шараларды іске асыру барысында бүгінгі күн талаптарына сай қоғамға бейімдеу, оның сұраныстарына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы анықталды. Қалыптастыру кезеңінде жетім балаларға қоғамда және өздері өмір сүріп отырған ортада қалыптасатын жағымды қарым-қатынас пен іс-әрекет нормаларының мәнін меңгерту, оларды туған жер алдындағы азаматтық жауапкершілікке үйрету, балалар үйінің тәрбие үдерісінің барлық формалары, оқушылардың қоғамдық ортаға бейімделуі іске асырылды.

Тәжірибе іс-шараларын ұйымдастырып басқару үшін Шымкент қаласындағы № 3, Төле би ауданындағы № 2 және Арыс қаласындағы № 1 Балалар үйлерінде “Менің үйім” тәрбиелеу, әлеуметтендіру орталығы құрылды, оның бағдарламасы жасалды.

Эксперимент жұмыстарының нәтижесі әлеуметтендіруге байланысты жасалған іс-шаралардың құндылығын дәлелдейді. Оқушылармен қорытынды эксперимент барысында өздерінің өзгеруін білу үшін жасалған тест алынып, алғашқы нәтиже алынды. Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі көрсеткіштері кесте 3-те және салыстырмалы көрсеткішін сурет 4-те көрсетеміз.
Кесте 3 - Балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі көрсеткіштері (% есебімен)



Деңгейлері

Бақылау тобы 218 (118+100)

Эксперимент тобы 220 (110+100)

12-13 жастағы жеткіншектер

14-15 жастағы жеткіншектер

12-13 жастағы жеткіншектер

14-15 жастағы жеткіншектер

1

Жоғары

28

24

29

27

2

Орта

32

25

30

29

3

Төмен

40

51

41

44

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

  1. www.google.kz

  2. www.yandex.ru

  3. Әлуметтану (2 томдық)

  4. Әлеуметтану оқулық


13






1. Реферат Набуті вади серця у дітей. Неревматичні кардити в дітей
2. Курсовая Понятие и источники формирования финансовых ресурсов предприятия
3. Курсовая Система источников уголовно процессуального права России
4. Статья Контроль экологической безопасности на предприятиях и в хозяйственных структурах
5. Биография на тему Франк Ведекинд
6. Статья Британская школа социальной антропологии
7. Реферат Значение Урала как важного экономического региона страны
8. Статья на тему Олександр Карпеко педагог учений державний діяч
9. Кодекс и Законы Расчетно-кассовое обслуживание юридических лиц
10. Реферат на тему Color Purple Book Report Essay Research Paper