Реферат Мал шаруашылы ы мен егіншілікті дамуы
Работа добавлена на сайт bukvasha.net: 2015-10-28Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
от 25%
договор
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.
Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті.
Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және сірә, ешкінің де болар, сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру
болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды. Оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды.
Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Табын құрамында ұсақ малдың және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты.
Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету мен оны салт ат мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде күш көлігі ретінде және салт ат мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған
Ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді.Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты.
Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді.Ақсу-Аюлы кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі заманлағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды.
Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп. өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.
Сірә, ол кезде Қазақстанның кең байтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек.
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек құралы, өндіріс құрал –жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-cүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мысалы, Усть-Нарым қонысында табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адамдар ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.
Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер,
тоқпақшылар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуіріне бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды. Олар сондай –ақ мал үшін қысқа пішен дайындауда қолданылған болуы мүмкін,
Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қоралар айқын көрінеді.
Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді.және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.